Қашықтықтан оқыту жағдайында педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтердін жұмыстарын ұйымдастыруға арналған



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата05.06.2020
өлшемі286,59 Kb.
#72460
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әдістемелік нұскаулар



 

«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК 



 

Қашықтықтан оқыту жағдайында педагог-психологтер мен 

әлеуметтік педагогтердін жұмыстарын ұйымдастыруға арналған 

әдістемелік нұсқаулар  

(IV тоқсан 2019-2020 оқу жылы)

 

 

 

2020  жылғы  6  сәуірден  бастап  Қазақстан  Республикасының  орта 



білім  беру  ұйымдары  «Пандемия  кезеңінде  білім  беру  ұйымдарында 

COVID-19 

коронавирустық  инфекцияның  таралуына  жол  бермеу» 

жөніндегі  шараларды  күшейту  туралы    Қазақстан  Республикасы  Білім 

және  ғылым  министрлігінің  04.01.2020  жылғы  №123  бұйрығына  сәйкес 

пандемия  кезінде  қашықтықтан  білім  беру  технологияларын  қолдана 

отырып қашықтықтан оқытуға ауысады. 

 

Төртінші  тоқсанда  педагогтер  жұмыстарын  қашықтан  (білім  беру 



ұйымынан тыс) жүргізеді.   

Педагогтерден  қашықтан  оқытуды  ұйымдастыру  бойынша  артық 

есеп  талап  етпесін,  шығармашылық  жұмыс  жасауға  мүмкіндік  жасасын, 

онлайн-сабақтар  өткізуді  азайтып,  оқытудың  басқа  технологияларын 

пайдалануды қарастырсын (14 тармақ).  

 

Бұйрыққа  сәйкес  қашықтықтан  оқыту  технологиялары  негізінде 



(оның  ішінде  оқу  процесін  тікелей  жүзеге  асыратын  барлық  пәндердің 

мұғалімдері  үшін)  оқу  процесін  қамтамасыз  ету  және  сабаққа  қатысуды 

бақылау  үшін  еңбек  функцияларын  орындайтын  жұмысшылардың 

топтары  (28  -  тармақ)  анықталды;  кеңестер,  мастер-кластар,  ойындар 

және қашықтықтан жұмыс жасаудың басқа түрінде психологиялық көмек 

көрсететін  психологтер;  әлеуметтік  тәрбиешілер,  кеңес  берушілер, 

қосымша  білім  беру  мұғалімдері,  оқушылар  мен  тәрбиеленушілердің 

ұйымдастырылуын 

бақылау, 

оқушылардың 

қашықтық 

режимдегі 

мектепішілік  жарыстарға  қатысуын  қамтамасыз  ету,  аз  қамтамасыз 

етілген,  көп  балалы  отбасылардан  шыққан,  девиантты  мінез-құлықты 

балалар,  жетім  балалар  және  ата-аналардың

 

қамқорлығынсыз  қалған 

балалармен жұмыс ұйымдастыру топтары анықталды. 

 

29-



тармаққа  сәйкес  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарттарының, оқу жоспарларының, типтік оқу бағдарламаларының 

орындалуын  қамтамасыз  ету,  сағаттардың  қысқаруына  жол  бермеу 

және 


бекітілген 

штат 


кестесіне 

(тарифтеу 

тізіміне) 

сәйкес 


мұғалімдердің  жалақысын  қамтамасыз ету қажет. 

 

Жұмысты  ұйымдастыру  үшін  бұйрық  бойынша  Әдістемелік 



ұсыныстар бекітілді (4 - қосымша). 

 

 



Анықтама. 

Https://www.unicef.org/kazakhstan/

 

сайтында  «Мектептердегі  COVID-19 



алдын  алу  және  бақылау  жөніндегі  негізгі  хабарламалар  мен  іс-

шаралар»  пандемия  кезінде  психологиялық  көмек,  ата-аналар  мен 

балаларға қолдау туралы материалдар орналастырылған. 

 

 




 

 



Төртінші  тоқсанда  орта  білім  беру  ұйымдарындағы  психолог  пен 

әлеуметтік  тәрбиешінің  жұмыстарын  жылдық  жұмыс  жоспарына  сәйкес 

жалғастыру  ұсынылады,  қашықтықтан  оқытуға  көшуді  ескере  отырып 

түзетулер енгізу қажет. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет