Мақсаты: Бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтармен жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алудың маңызын талдау
Міндеттері: 1. Ата-аналарды Бағдарламаның психологиялық- педагогикалық негіздерімен таныстыру.
2. Ата-аналардың баланың бойындағы ізгі қасиеттерді іс жүзінде қолдана алуын жүзеге асыруына ықпал ету.
3. Ата-аналарды бала тәрбиесінде дұрыс әрекет жасай отырып, риясыз сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағыттау.
Ресурстары: Сауалнамалар,
Ата – аналарға арналған нұсқаулық,
«Хрустальная композиция»; слайд-презентация.
1.Ұйымдастыру кезеңі. Құрметті ата-аналар сіздерге алдын ала балаларыңыздан беріп жіберілген сауалнаманы жинап берулеріңіз сұралады.
2.Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену».
Сұрақтар: Жаттығу барысында не сездіңіздер?
Жүректеріңізден тыныштықты сезе алдыңыздар ма?
Қорытынды: Олай болса, осы тыныштығымызды сақтай отырып, жиналысымызды бастайық.
Ата-аналарға арналған жиналыс жоспары: 1.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері
2.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері
3.Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі (ұл бала тәрбиесі, қыз бала тәрбиесі)