Атырау қаласы
Еркінқала селосы
Еркінқала балалар саз мектебінің
халық әні-терме мамандығының мұғалімі
Идирова Жадыра Саматқызы
Халық әнінің орындалу шеберлігі
Сабақтың мақсаты: Оқушының халық әніне деген қызығушылығын арттырып, әндерді өз нақышына келтіріп, орындау шеберлігін жетілдіру.
Өз халқының ән өнерін түсіне білуге баулу.
Сабақтың әдіс тәсілі: Түсіндіру. Санап қосылып айту. Сұрақ - жауап.
Пән аралық байланыс: Қазақ музыка әдебиеті. Сольфеджио
Білімділігі: Халық әнінің өзіндік ерекшеліктерін талдай білуге дағдылану, ән айту қабілетін жетілдіру.
Дамытушылығы: Әнді нақышына келтіре, сезіне ойнау, қабілетін дамыту, көркем музыкалық бейнесін тыңдау, жеткізу.
Сабақтың көрнекілігі: Домбыра, үнтаспа, фото сурет.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Дауыс күйін келтіру
3. Үй тапсырмасы
4. Жаңа сабақ
5. Қортынды
1. Ұйымдастыру: Оқушының құралдарын, нота дәптерін, күнделігін түгендеу. Домбыра күйін келтіру.
2. Дауыс күйін келтіру жаттығулары: Оқушының дауысын күйге келтіру мақсатында, дыбыстарды таза алу үшін дауысты күйге келтіру жаттығулары жасалады.
Жаттығу кезінде дыбыс күшті, екпінді шығу үшін, тыныс алғанда кеудені көтермей, ішке алған ауаны сыздықтатып шығаруға үйрену. Ауызды ашқан кезде тілді төмен түсіру, жұмсақ таңдайды көтеру, ерінді шамадан тыс жаймай, қалыпты жағдайда ұстап айтуға үйрену.
3. Үй тапсырмасын тексеру: Ғ. Құрманғалиев «Жас өмір» әнін үйге өз дәрежесінде аспаппен қосылып орындап келу берілді. Әннің авторы:
Ғ. Құрманғалиевтың шығу тарихымен өткен сабақта оқушыға кең көлемде айтып өтілді. Бұл әнді Ғарифолла қартайған шағында, жастық шағын еске алып, сағыныштан шыққан ән. Енді осы туралы оқушыдан түсінгенін сұрау.
4. Жаңа сабақ: Халық әні туралы түсінік. Халық әндері сонау заманнан бері ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан халқымыздың қазынасы.
Халық әндері деп аталуының себебі, ол бір адамның айтқан әнін келесі адам сол сәтте жаттап алып, халық арасында кең таралып кеткен әндер. Бұндай әндердің авторлары ұмыт болып, халық әндері деп аталса керек. Халық әндерін орындап бүгінгі таңға жетуіне көп үлестерін қосқан қазақтың әнші - жыршы, термешілері баршылық. Олар: Біржан Сал, Мұхит, Ақан Сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырый, Әсет, Естай, Мәди, Нартай, Майра т. б
Дарынды адамдар арқылы жетіп отырған әндер халқымыздың әдет ғұрып, тұрмыс - салт, мәдени өрлеу, тарихи даму кезеңдермен танысамыз. Өйткені халық әндері өмірдің дәстүрлі көріністері мен ой арманын музыка үнімен, домбыра сазымен беріп отырған. Ол адам жанның қилы кезеңдерін суреттейтін және табиғат әдемілігін көркемдігін жырлайтын лирикалық әндер, отбасы, тұрмыс жайындағы әндері, салт әндері, еңбек әндері, туған жер әндері, тарихи әндер, суық кеш әндері, тұрмыс әндері сияқты алуан түрі болады. Көптеген халық әндері бар. Олар «Дархан - ай», «Дариға», «Айтжан»,
«Ақ айша», «Асыл қарға», «Әдемі қыз» т. б.
Халық әні «Ақсұңқар»
Қазақ халқының музыкалық мұрасы өте бай олар нотаға, түсіру сауаты болмағандықтан ғасырлар бойы ел аузында, біреуден біреу үйрену арқылы рухани қазынаға айналып ұмтылмай келеді. Сондай әннің бірі халық әні «Ақ сұңқар». Бұл әнде Бой жеткен қызға ғашық болған жігіт арманына жету үшін өзінің көңілдегі ыстық сезімін, көңіл - күйін әнмен жеткізген. Ғашығын көкте қалықтап ұшатын ақ сұңқарға балаған. Сол ақ сұңқарды өзінің жүрегінің торына қондыруды армандайды. Соған қолы жеткенше тағат тақпайтыны суреттеледі. Төмендегі өлең шумақтарынан білуге болады.
Жебесін шын күмістен садағымның
Әдеті осылай ма еді базарлымның
Несіне сөйлер сөзден іркілейін
Тұсына келгеннен соң ажарлымның
қ - сы
Ақ сұңқар неге қонбайсың
Дариға жайған торға - ай
Халық әні Ақ сұңқар РЕ мажор үндестігіне 6/8 өлшемде жазылған. Бұл ән кіріспе, шумақ қайырмадан тұрады. Ән жеңіл тебірене орындалады. Әнде он алтылық, трио, нүктелі ноталы қағыстары кездеседі. Әнді үйренген кезде домбырадағы әуенін үйреніп аламыз. Ол үшін ашық қағыста кездесетін қағыстарды ойнаймыз.
Оқушыны бағалау:
Үйге тапсырма: Ғ. Қ «Жас өмір» сөзін жаттап, айтылған ескертулерді ескере отырып әнді өз нақышына келтіріп орындап келу. Халық әні «Ақ сұңқар» Домбырадағы әуенін жаттап, сөзіне қосып келу.
5. Қорытынды: Әрбір халықтың музыкасын еске сақтап атадан балаға кейінгі ұрпақтан - ұрпаққа мирас қылып қалдырып отыратын мәдени мұрасының бірі халық әндері. Халық әндері салт - дәстүрге, әдет - ғұрып, көңіл - күйге байланысты белгілі бір тақырыпқа байланысты шығып отырған.
Достарыңызбен бөлісу: |