Атырау обылысы,
Атырау қаласы КМҚК №21
«Алтын кілт» балабақшасының ІІ санатты саз жетекшісі
Айтжанова Құралай Бекболқызы
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Тобы: ортаңғы №3
Білім беру саласы Шығармашылық
Оқу іс – әрекеті: Музыка
Тақырыбы: «Музыка әлеміне саяхат»
Мақсаты: балаларды музыка әлемімен жете таныстыру. Әуенді сергек айту,
тыңдау, ойын - қимыл арқыл ырғақты сезіндіру. Дауыстың ұзақтықтарын, биік
және төменгі дыбыстарын ажыратуға баулу. Балаларға көңіл - күй сыйлап, музыка
оқу іс - әрекеті бойынша білімдерін бекіту.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, орындау, қайталау.
Көрнекілігі: баян, синтезатор, интерактивті тақта, ноутбук, балалар аспаптары.
Билингвизм: жай - медленно - slowly, тез - быстро - fast, жоғары - высокий - alt, төмен - низкий - low
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы бөлім
Балаларды залға көңілді әуемен кіргізеді. Шеңбер бойына орналасып әуенді амандасады. «Саламатсыздар ма балалар»
Шеңбер бойында ырғақтық жаттығулар орындату.
1. Марш
2. Аяқ ұшы
3. Аяқ өкшесі
4. Секіру
- Балалар сіздер сиқырлы музыка әлеміне саяхаттағыларыңыз келеме?
- Ендеше музыка әлеміне «Полька» биімен жетіп алайық
Балалар залға көңілді музыка әуенімен кіреді.
«Саламатсыз ба»- деп амандасады.
М. Ы. Қ орындайды.
- Иә.
«Полька» биімен музыка әлеміне аттанады.
Ұйымдастырушы - ізденуші бөлім
Балалар орындықтарына жайғасады. Сахна ашылып артынан сыйқырлы тақта шығады.
Тақтадан екі аспапшы сөйлейді. Аудио таспа жіберіледі.
- Балалар қандай ғажап әлем. Мына сыйқырлы тақта бізге музыка әлемімен жете танысуға мүмкіндік береді. Ол үшін бізге бірнеше аялдамалардан өтуге тура келеді. Дайынбыз ба?
Бірінші аялдама «Вокалия»
Әнді жақса айту үшін не керек?
Бұл тапсырмады берілген ұзақтықтар бойынша «ууу» дыбысын шығара отырып дауысқа жаттығу. бізде дыбыстар жоғары - высокий - alt, төмен - низкий - low болып келетінін білеміз.
Ән айту: « Нұрлы көктем»
Екінші аялдама «Ырғақ»
Бұл аялдамада «Алақандар мен табандар» ойынын ойнаймыз. Берілген суреттегі ұзақтықтар бойынша алақандарымызды немесе табандарымызды топылдатамыз.
Үшінші аялдама «Үйде не болып жатыр» балаларға 3 жанрдағы әуен ұсынылады.
Әуенді тыңдай отырып жанрға сәйкес карточкалармен белгілеу. 3 бала тақтадан орындас, қалған балалар орындарынан орындайды.
Әуен тыңдау
1 би «Полька»
2 ән «Спорты хор»
3 марш «Ағаш солдаттар»
Төртінші аялдама «Аспаптарды ажырат»
Балаларға екі ұнғыма ұсынылады. Үрмелі және ұрмалы аспаптарды ажырату арқылы орналастырады.
Тапсырма аяқталған соң
«Адам оркестр» мультфильмі қосылады. Мультфильм аяқталған соң «Жарадыңдар бүлдіршіндер. Біз берген тапсырманы орындау арқылы әлемімізге қош келдіңіздер. Сіздерден қонақ кәде сұраймыз» аудио таспадан жіберіледі.
- балалар біз қандай аспап түрінде өнер көрсетіп жүрміз?
«Көңілді аспаптар» Д. Шостакович
Музыка әлемімен қоштасып балабақшамызға қайтайық
- Жарадыңдар балар біз сыйқырлы тақта берген тапсырмаларды орындап біздің алдымыздан «Музыка әлемі» ашылды.
Біз бұл әлемде нені білдік?
Балалар сыйқырлы тақтадан «Музыка әлемінің» адамдарымен танысады.
- Иә.
Балалар жұлдызшалар үстімен жүріп отырп дыбысқа жаттығу орындайды. 3 тілде қайталайды.
Әнді хор ұжымында орындайды.
Берілген тапсырманы тыңдау арқылы жанрларға ажыратып карточкаларды орналастырады.
Аспаптарды 2 бөлікке бөліп ұрмалы және үрмелі аспаптарға бөледі.
Бұрыннан орындап жүрген шығармаларын «Музыка әлеміне»
тарту ретінде орындап береді.
- дыбыстардың биіктігін, ырғағын, көңіл күйін сонымен қатар аспаптар түрлерінде білдік.
Рефлексивті - коррекциялаушы бөлім
Балалар әуенмен шеңберге орналастырып
«өз өздеріне массаж» әуен ырғағымен саусақ ұшымен дене бойына жүріп отырып массаж орындату.
Жетекші балалармен алған әсерлерін бөлісіп, қоштасады.
Балалар көңілді массаж орындады.
Жетекшімен алған әсерлерін бөлісіп залдан әуен ырғағымен шығады.
Білуі:. Әуенді сергек айту, тыңдау, ойын - қимыл арқылы ырғақты сезінуді
Ұғынуы: Дауыстың ұзақтықтарын, биік және төменгі дыбыстарды ажыратып ұғынды
Жасай алуы: ырғаққа сай қимыл - қозғалыстарды жасай алды.