Аудиоаппаратура. Дыбыстық тақшалардың дамуы



Дата04.11.2019
өлшемі87,05 Kb.
#51163
Байланысты:
Аудиоаппаратура

Аудиоаппаратура. Дыбыстық тақшалардың дамуы.

Дыбыстауыш тақта   – бұл  жүйелік блоктағы  құрылғы, оның көмегімен компьютер дыбысты қабылдайды, өңдейді және жаңғыртады.

Дыбыстық тақша ( дыбыстауыш ) компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі. Адаптер, дыбыс қабылдағыш - 1) Жазылған дыбысты қайта шығаруға пайдаланылатын электромагнитті прибор. 2) Граммофон пластинкасына жазылған дыбысты радиоқабылдағыштың репродукторы арқылы өткізетін аспап. Ол граммофон пластинкасынын дыбыс жолы арқылы жүретін ине тербелісін электрлік тербеліске айналдырады. Электрлік тербеліс төменгі жиілік күшейткішінде күшейтіліп, дауыс күшейткіш көмегімен дыбысқа айналады. Дыбыс қабылдағыштың электромагниттік және электродинамикалық түрлері бар.

Дыбыстық адаптер ( дыбыстық карта, музыкалық тақша деп те аталады.) Дыбыстық адаптер компьютерде дыбыспен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Алғашқы пайда болған IBM PC дербес компьютерлері дыбыстық құралдармен жабдықталған жоқ. Дербес компьютерлер алғаш пайда болғаннан кейін он жылға жуық офистік техника ретінде қолданылып, дыбыстық құрылғылардың онша керегі де болған жоқ. Ол кезде компьютерде дыбыс шығаратын жалғыз құрылғы - компьютерде ақау туралы хабар беретін динамик болатын.



Қазіргі кезде дыбыстық құралдар стандартты болып есептеледі. Ол үшін аналық тақшада дыбыстық адаптер орнатылады. Дыбыстық адаптердің аналық тақшаға жеке құрылғы ретінде қосылатын түрлері болады, оларды дыбыстық карта деп атайды. Дыбыстық картаның қосқыштары жүйелік блоктың артқы жағында орналасады. Дыбысты есту үшін осы қосқыштарға дыбыс колонкаларын немесе құлаққаптарды жалғау керек. Осы қосқыштардың біріне дыбысты жазу үшін қолданылатын микрофонды жалғауға да болады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет