Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік құралдары Сұрақнама: 1. Ауызекі сөйлеу стилі дегеніміз не?
2.Ауызекі сөйлеу стилінің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілерін атаңыз. 3. Диалект, варваризм, жаргон, дисфемизмдердің т.б. көркем мәтіндегі қолданысына түсініктеме беріңіздер.
1-тапсырма: Ауызекі сөйлеу стиліне тән ерекшеліктерді көрсетіп, олардың қандай құбылысқа жататынын айтыңыз. 1. Дабырласып сөйлескен күйлерімен бізге төніп келді де, бір келіншек:
– Ибәйі, көтек, мал десек адам екен ғой, – деді.
Одағайлап шеттей бастады.
– Маржанбикемісің, бері кел, – дедім.
– Мұнысы кім, мені таниды ғой...
– Бар, кім екен, – деді Күлзипа. Әбдірахман жүре берді. Мен олардың жанына бардым.
– Анауың кім? – десті.
– Әбдірахман.
– Күйеу екен ғой, бізден неге қашты, – деп Маржанбике күле сөйледі. Күлзипа тәлімсіп жеңгеснің құлағына сыбырлап, сыңқылдап күлісті. Аяңдай басыпӘбдірахманның артынан жеттік. Бізбен жұмысы жоқ, есідерті алтыбақанда (Б.Майлин «Шұғаның белгісі»).
2. Біз келгенде ойын жаңа басталған екен. Шұғалар өлеңдерін тоқтатып, арқаннан түсті. Жай әзілмен көп уақыт оздырдық. Домбыра алдыртып Әбдірахман ән салды. Бишара, жігіт еді ғой. Ондай ойындарда бір түрлі ұстайтын арқасы бар еді. Өлеңді түйдектетіп үзбестен соқты. Жұрттың бәрі Әбдірахманның аузына қарады. Жатыпқалған бірен-саран кемпірлер шапандарын жамылып келіпөлең тындасты. Ойынкүлкінің қызығымен таң атқаның да білмей қалдық. Жұрт біртіндеп ыдырай бастады. Маржанбике маған жақындаңқырап сыбырлап:
– Қайытпайсыңдар ма? – деді.
– Жүр, қалқажан, – деп Күлзипаны ертіп, о да жөнелді. Уақ-түйек балалар, Шұғаның жеңгесінен басқаның бәрі кетіп бітуге айналды.
Шұға жәй сөйлескені болмаса, Әбдірахманмен онша ежілқожыл бола алмады. Мен Зәйкүлмен сөйлесіп, Әбдірахманның Шұғаға ынтығын айттым.
– Қайдан білейін, оқыған жігіт қой. Оқығандығына қызықбаса, бұрын мұның әкесіндей жігіттерге де барған жоқ еді... мен қолымнан келгенін аямаймын, – деп күлді (Б.Майлин «Шұғаның белгісі»).
2-тапсырма: Үзіндіден ауызекі сөйлеу стиліне тән тілдік бірліктерді табыңыз. – Бонапарт – француз деген елдің патшасы. Олардың күшті әскері болған, бұл соның командирі. Немене, балаң Бонапарттай болса тақияңа тар қыла ма?
– Тарлық қылмайды ғой, - деп күмілжіді.- Бірақ, тымшетел екен. Осы өзіміздің совет мәмләкәтінен сол сияқты ешкім жоқ па?
– Бар,- деді осы ауылға алғаш орысша боқтауды үйреткен қазақтың тұқымы.-Котовский бар, Шорс бар, Чапай бар. Бірақ олардың бәрі қойылып жүр. Біз ешкімдежоқ жаңасын алайық.
– Тым шетел екен-ау...
– Несі бар шетел болса! Ұлттық тар шеңберде қалмай кеңірек, биігірек ойлау керек. Олар да біздің аттарымыздыалып жатыр ғой.
– Қандай аттарды?
– Бүкіл әмірика мен ағылшын елін алып қараңдаршы, Конрад деген фамилиядан аяқ алып жүре алмайсың.
– Конрад?
– Иә, Конрад! Ол кәдімгі біздің руымыз!
– Қоңырат па?
– Енді қалай? Қоңырат! Қияндағы бір елдер біздісыйлап, руымызды фамилия қылып алып жатқанда біздің томаға тұйық жатқанымыз ұят емес пе? Олар да ел, олар да мәмләкәт. Бонапарт та бір елдің азаматы. Есіте қалсаұрпағы қуанар, естімесе аруағы разы болар (Д. Исабеков Екітомдық таңдамалы шығармалар. –Алматы: Жазушы, 1993.–496 б.).
3-тапсырма: Төмендегі берілген сөйлемдерден жергілікті тіл ерекшелігіне тән сөздерді тауып, олардың дұрыс әдеби баламаларын көрсетіңіз. Жазып алайын, ісімің кім болады. Сен әнді айтқанда, сөзін кәте айтады екенсің. Әлен қырық екі қарыпты бітіргенде, газет-журналды өздігінен оқитын болады. Басыма тұмағым тар келіп жүр. Жаңғыз жүре алмаймын. Ұлымның жақсы оқуына шәксіз сенемін. Кәртәйіп кележатырмыз ғой. Мен іштеңке де білмеймін, қандай әңгіме сұрайсыңдар (Х.Кәрімов «Қазақ диалектологиясы»).