Карточка №1
Аяқ
сәл алшақ, қол иықта алға, артқа есу.
Қолды алға созып, қайшылау.
Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір, сағаттың тіліндей иіліп солға бір
Аяқ сәл алшақ, тізелері түзу, аяқтың ұшына қол тигізу, БҚ қа келу.
Қоян секіреді, ат
шабады, құс ұшады, аю қорбаңдайды, адам жүреді
Кілемге жатып аяқты көтеру, велосипед тебу, қалыпқа келу.
Жерге жатып, балықша жүзу, қолдарын сермеу, қалыпқа келу.
Аяқтың ұшына көтерілу, демді ішке тартып,
қайта шығару
Карточка №2
Аяқ бірге, қолдарын алға созу, жоғары көтеру, жанға созу
Қол белде, оңға, солға иілу.
Отырайық жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп
Басқа гүлге барайық.
Қолдары белде. Оң аяқпен бес рет, сол аяқпен бес рет секіру
Қолдары иықта.Алға, артқа есу.
Кілемге жату, аяқты созу, қайшылау, түсіру.
Саппен жүріп өту.
«Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет»
Карточка №3
Шеңберде аяқтың ұшымен өкшелеп жүру.
Қол белде, оңға, солға бқрылыстар жасау.
Қолдарын
екі жаққа жайғызып, «Көбелек» жаттығуын жасату: ұшады, гүлге қонады, шырынын сорып, қайта ұшады.
Қолдарымен күбідегі қымызды піскендей әрекеттер жасайды.
Оң және сол қолдарын кезек көтеріп, еседі.
Кілемге жатып, аяқты
жоғары көтеріп, велоспипед тебу.
Аяқ бірге,қолдарын еңкейіп аяқ ұшына тигізу, қайта тіктелу.
Карточка №4
«Маған қарай жүгіріңдер» ойыны.Топтасып бір бағытта жүгіреді.
«Торғайлар болып ұшайық»: жан жаққа жеңіл жүгіреді.
Тәрбиешінің көмегімен шеңбер жасап тұрады.
Шеңбер бойында жүру, жеңіл жүгіру, «қоянша» секіру.
Тік тұрып қолды алға созу, тік тұрып қолды жоғары созу
«Құстай қанат самғайық» жаттығуы
Тік тұрып, қолды бүйірге қойып,аяқты алшақ етіп тұрып оңға және солға иілу.
Аяқтың ұшымен шеңбер бойы жеңіл жүру.
Тәрбиешінің артынан жеңіл үйіріліп жүгіру
Карточка №5
Сапта тұрып, бірінен кейін бірі тізіліп жүру, жүгіру, аяқ ұшымен жүру.
Шеңбер
жасап тұру
Тік тұрып, қолды алға, жоғары, жанға созу,төмен түсіру.
Екі қолды жайып, көбелекке ұқсап ұшу, бір орында ақырын айналу, қону.
Қоянша секіру, аюша қорбаңдау.
«Балапандар жем шоқыды» жаттығуы: Отыра қалып саусақтарымен еденді тырсылдату
Дем алып, дем шығарып, жай жүріспен шеңбер бойы жүру
Карточка №6
Тәрбиешінің артынан шеңбер бойында жүру, жеңіл жүгіру, бірінің артынан бірі тұру.
Қоянша секіру, аюша қорбаңдау, құсша қанат қағу.
Шеңбер құрып тұру.
Басымен оңға, солға, алға, артқа иілу.
Қолдарын алға, жоғары көтеріп, төмен түсіру.
Аяқ алшақ, екі қолдарымен бүйірлерін таянып алып оңға, солға иілу.
«Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!»
Карточка №7
«Маған қарай жүріңдер» ойыны.Бір бағытта топтасып жүру.
«Торғайлар болып ұшайық»: Әртүрлі бағытта жеңіл жүгіру, қайта жиналу.
Шеңбер құрып тұра қалу.
«Біздің қолымыз қайда?» жаттығуы:Балалар қолдарын артқа жасырып, аяқтарын сәл ашып тұрады. «Қолдарың қайда?» деп сұраған кезде, «Міне,біздің қолымыз!» деп көрсетеді.
«Тик-так» жаттығуы.Сағат тіліндей екі жаққа кезек иілу.
«Күнге қол созамыз».
Тәрбиешінің артынан үйіріліп жүру.
Карточка №8
Тәрбиешінің артынан шеңбер бойы жай жүру, аяқ ұшымен жүру.
Қолды алға созу, жоғары созу, жанына түсіру.
Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір, сағаттың тіліндей иіліп солға бір.
Баспен оңға,солға, алға, артқа иілу.
«Қарлығаш боп ұшайық»
«Қоянша секірейік»: Бір орында тұрып, екі қолдарын кеуделеріне қойып секіру.
Жай жүру, дем алу.
Карточка №9
Психогимнастика: «Күлімдеп амандасайық».
«Саусақтар амандасады»: Екі қолдың саусақтарын біртіндеп түйістіру.
Массаж немесе уқалау:
«Қолымызды жуамыз»: Екі қол бір бірін сипайды.
«Қайырлы күн, көздерім»: Қабақтарын сипайды.
«Оянамыз, көздерім»: Бинокльге қарау.
«Қайырлы таң, қолдарым»: Шапалақтау.
«Қайырлы таң, аяқтарым»: Аяқтарын сипау.
«Оянамыз, аяқтарым»: Бір орында жүру.
Карточка №10
«Ысқырғыш»:Бірінен соң бірі сапта тұрып бағыт өзгерте жүру.
«Шапалақ»: Бытырап жүгіру.
Қолдарын алға, артқа тербету.
Оңға
бұрылып қолды артқа созу, солға бұрлыпы қолды артқа созу.
Түзу тұрып, аяқты алшақ қойып, қолды шынтақта бүгу: «насоспен» дөңгелекке жел үрлегендей қимылдар жасау.
Арқаға жатып, дене бойымен қолды созу, аяқтарын кеудеге тартып тізеден қолмен шапалақтау, қайта қалыпқа келу.
Бір орында секіру.
Саппен бірінің артынан бірі жай жүріспен жүру, тыныс алу.
Карточка №11
Тізбек қатарға тұру.Қолды белде ұстап аяқ ұшымен жүру.
Қолды жанына, жоғары, алға, артқа созу, қалпына келтіру.
Қолдарын желкеге айқастыра ұстап, кеудені еңкейту, көтерілу.
Қолды алға созып отыру, тұрғанда төмен түсіру.
Өкшелерді
қосып тұру, отырып тұру.
«Ағаш шабушы» жаттығуы: аяқтары алшақ, екі қолды түйістіріп балтамен ағаш шапқандай әрекеттер жасау.
Шеңбер бойы жай ғана тыныстап жүру.
Карточка №12
Тізбекте бір қатармен тұру, жүру, шашырау
Жүру, звеноларға бөліну.
Аяқ алшақ, екі қолды жанынан көтеріп, керілу.
«Маятник» жаттығуы: Кеудені солға, оңға тербелту.
«Ағаш шабушы» жаттығуын қайталау.
Жұптасып қол ұстасып бірінің артынан бірі жүру.
Бір орында немесе жан жаққа шашырап секіру, қайта ортаға жиналу.
«Көбелек» атты тыныс алу жаттығуы.
Карточка №13
1.Жүру,жұптасып жүргізу,бір қатарға тұрып жүру,аяқтың ұшымен жүріп келе жатып қолды жоғары күнге қарай созу.
2. «Қол жаттығуы».
Екі аяқты иық денгейіне қою.Оң қолды көтеріп түсіру..Сол қолды көтеріп түсіру.
3. «Тербелу» жаттығуы.
Еденге отыру.Аяқтар иық кеңдігінде.Екі қолды артқа қойып тербелеміз.
Оң
аяқты көтеріп,аяқтың ұшымен түзейміз..Сол аяқты көтеріп,аяқтың ұшын түзейміз.
4. «Алға еңкею».
Саусақтарды айқастыра ұстап,жерде отыру.Алға иіліп,аяқтың ұшына жету.
5. «Секіру» жаттығуы. Оң және сол аяқпен кезек-кезек секіру.
7.Тыныс алу жаттығуы:
«Гүлдерді үрлейміз»
8.Саусақ жаттығуы:
Кел,кел қыздар келіңіздер,
Жүннен киіз басайық.
Алты қырдан асайық,
Ақ текемет басайық.
Карточка №14
1. ″Түсіріп алма»
Қазақша молдас құрып отыру,Доп қолда.Допты жоғары көтеру,
Қолды бүгіп,бастан асыру.Допты жоғары көтеру
2. ″Допты бастан асырып ұстау»
Тізерлеп отыру,доп төменде,допты көтермелеп қолды алдыға созу.Қалыпқа келу.
3. «Құлау»
Аяқ иық кеңдігінде,қол доппен төменде.
1.
допты алға созып,оң аяқпен құлау.2..Б-Қ -қа келу.
4 .«Еңкею»
Кілемге отыру, аяқ алшақ,доп ұстаған қолды бүгіп,кеуде тұсында ұстау.
Алға оң(сол) аяққа шалу,қолды түзу ұстау.Қалыпқа келу.
5. «Допты айнала жүгіру»
Түзу тұру, аяқ алшақ, доп еденде.
Белгі бойынша допты айналып,жүгіріп,тізерлеп отырып,алақанмен допты бір ұру.
Әр жаққа қайталау.
6.Тыныс алу жаттығуы:«Гүл»
7.Саусақ жаттығуы: «Көбелек»
Көбелек-ау,көбелек,
Әдемісің керемет.
Алақанға қона ғой,
Өзіңде гүл бола ғой