«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
«Шақан шері» шығармасындағы кейіпкерлердің сөздері мен ойларын сәйкестендіріңіз.
1. Бірақ өз бетімен тимейді ғой ешкімге.Орманның иесі,қамыстың қожасы
|
|
А) Құба-мерген
|
2. Менің малым-құмда өрген киік,
қырда жортқан құлан
|
В) Ажар
|
3. 3.Қаншама қоян алдың,қайсысы есіңде.Ал мына жанкешті шеріні ұмытып көрші.Балаңның баласына айтып кетесің...Жүрек пен жасыннан жаралған жолбарыстың тұқымы құрыр күн де алыс емес,-деді сосын сәл мұңайып.
|
С) Қара батыр
|
4. Тым құрыса ,ел аралап,қайғыңды сейілтіп қайтсаңшы
|
Д) Шақан
|
А. 2-А, 3-В, 4-С, 1-D
В. 1-В, 2-D, 3-А, 4-С
С.1-А, 2-D, 3-С, 4-В
D.1-А, 2-С, 3-D, 4-В
[1]
«Бұл шеріде диюдың күші, жынның жылдамдығы бар. Ерлігі мен мәрттігі адамда жоқ. Бірақ өз бетімен тимейді ешкімге. Арғы заманда бұл өңірде арыстан да мол болған екен.Аң патшасы деп аңыз қыламыз ғой.Сол айбынды арыстанды қазақ жерінен айдап тастаған –осы жолбарыс екен »,-деп мінездеме берген кім?
A. Құба мерген В. Шақан шері
С. Атабек ақсақал
D. Қосаяқ
[1]
«Алғашқы ұстаз» шығармасында Алтынай Сүлейменова ұстазы Дүйсенді жамандағандарға неліктен ренжіп, Мәскеуге қайтып кетті?
А. ағасынан рұқсат алып, оқуға шақырғандықтан
В. ең алғаш сауатын ашып, жазу-сызу үйреткендіктен С. Алтынайды қорғап, Ташкентке оқуға жібергендіктен
D. барлық жауаптар дұрыс
[1]
«Алғашқы ұстаз» шығармасында автор мен кейіпкер арасындағы хаттың басты мақсаты қандай?
А. Ұстазының есімін мәңгі жадында сақтау,өмірін өнеге ету.
В.Кейіпкерлер туралы мәлімет беру.
С.Мәскеудегі өз өмірі туралы баяндау.
D. Болашағынан үлкен үміт күткендіктен
[1]
«Кеудемізді билеген асқақ арман,
Тарихымыз дастан боп таста қалған,
Тірсегіміз тілінген кездерде де
Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған.» өлең жолдарының негізгі идеясын табыңыз.
А.Ұлылық,батырлық,Намысшылдық
В. Мықтылық, өркөкіректік, ұлылық С. Ерлік, менмендік, жанқиярлық
D. Өр мінезділік, көрегенділік, шыдамдылық
[1]
2- БӨЛІМ
6.«Шақан шері» шығармасында адамға өздігінен тиіспейтін жыртқыштың әрекетіне
-Ер.Мәрт.Бірақ ерлік-еңсе жаздырып,мәрттік-мұратқа жеткізер заман өтіп кеткен.Қас батыр қазаға ұшырамақ.Қас жаман жан сауғаламақ.Өлі арыстаннан-тірі тышқан.Жүрмес пе еді мына шері де өзінің қамысы арасында.Қорлыққа көнбеді,басынғанға шыдамады-қарсы шапты,қазаға ұшырады.Жасанған жауға,жаңбырдай оққа қарсы ұмтыл-сен де жапаңнан түсесің,-деген үзіндіні автордың идеясымен қалай байланыстыруға болады?
[5]
7.«Біз түркілерміз» өлеңінде автордың ұстанымына қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз. Оқырманға қалай әсер етті деп ойлайсыз, өз ойыңызды шығармашылықпен жеткізіңіз.
[5]
8.«Алғашқы ұстаз» әңгімесіндегі Алтынайдың қиын тағдырын қай автордың шығармасындағы әлеуметтік мәселелер тұрғысынан салыстыра талдауға болады, ойыңызды дәлелдеңіз.
[5]
3-БӨЛІМ
9.«Шақан шері» шығармасындағы басты идеяның жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беріп,өзіндік ой қорытыңыз. 100-150 сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |