Қазақ хандығының құрылуы жəне нығаюы (15-16 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15



Pdf көрінісі
Дата12.09.2020
өлшемі43,23 Kb.
#78065
Байланысты:
Пустой



Қазақ хандығының құрылуы жəне нығаюы (15-16 ғғ.) 

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 

ғғ. болған əлеуметтік-экономикалық жəне этникалық-

саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш 

күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық 

қуатының артуы, феодалдық топтардың тəуелсіздікке 

ұмтылуы, осы негізде Əбілхайыр хандығы мен 

Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, əлеуметтік 

қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл 

мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. 

Əсіресе Əбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дəулет-

Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. 

Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында 

Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы 

мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы 

мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа 

бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға 

бөлінді. Олардың басында Шыңғыс əулетінің əр 

тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың 

билеушілері тұрды. Əбілхайыр билік еткен кезде халық 

өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл 

бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды 

талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы əулетінің 

Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 

1446 жылы Əбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда 

хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау 

баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, 

Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір 

тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) 

Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт 

жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал 

Əбілхайыр өз ұлысында , қатал тəртіп шараларын 

орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге 

өшпенділігін күшейтті. Нəтижесінде халықтың жартысы 




Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына жəне 

Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп 

барулары еді. Оны Жəнібек пен [Керей]] басқарды. 

Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара 

феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық 

ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп 

кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. 

Əбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға 

хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына 

көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, 

оларды Шыңғыс əулетінен шыққан Керей хан мен 

Жəнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ 

халқының дербес мемлекетін құру, оның тəуелсіз саяси 

жəне экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы 

қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар 

мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына 

айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. 

Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын 

қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид 

қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын 

қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жəнібек қазақ 

хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның 

ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. 

Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі 

жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің 

жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар 

Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 

870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет