Қазақ және орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы
Мақсаты: «5.5.1.1 мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу»
Туған күн Айгүл мектептен өте көңілді оралды. Өйткені, оның бүгін туған күні болатын. Айгүлге сыныптастары Сырбай Мәуленовтің «Көңіл ашар» деген кітабын сыйлады. Неге десеңіз, ол өлеңдерді мәнерлеп оқуды өте ұнатушы еді. Жақсы жырларды жаттап та алатын. Айгүл үйіне келсе, әжесі Айғаным отыр екен. Қуанып кетті. Айгүлдің туған күніне әдейі келіпті. Кешке қарай әжесіне «Көңіл ашар» кітабынан біраз өлең оқып берді. Әжесі қатты риза болды. Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңыз:
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.
2-тапсырма Мәтіннен жалқы және жалпы есімдерді теріп жазыңыз.
3-тапсырма. Жалқы және жалпы есімдерге сұрақ қойып, сөз тіркестерін құрастырыңыз.