Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 2 тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалау үлгілері Тыңдалым Транскрипт
Көркем кеш Алматының қаласында,
(Нелер сұлу өмірдің бәрі осында)
Кездесті ойда жоқта бір екі дос,
Сапырылысқан халықтың арасында...
Керді де анадайдан, тоқтай қалып,
Қарсы ұмтылды, ел тобын киіп-жарып.
Бұлар неткен жандар деп кейбіреулер
Одырайып қарасты оқшау барып.
Жайысып сонадайдан құшақтарын,
Ұмтылысты көргендей ғашық жарын,
Қатты қысты бір-бірін, ұзақ сүйіп,
Қос жүректен лаулаған шықты жалын.
Достар еді екеуі:талай жылдар —
Көрмеген; әрине көп, айтар сырлар,
Еңбек бар, қуаныш бар, сағыныш бар
Құмға тоғай, шөлдерге еккен гүл бар.
Құмар қана сөйлесті, кімнің, қайда
Болғанын, іс еткенін қандай жайда.
Не айтпақ, не сұрамақ сағынғандар,
Ендігісін, оқушым, өзің ойла.
Жұмағали Саин
Мәтінде айтылған бір дұрыс мәліметті тап
А. Екі дос кездесе алмады
В. Екеуі талай жылдан достар екен
С. Көрісіп, сырдың бәрін атқан (1)