«Қазақ тілі» пәні бойынша бастапқы бақылау кескіні
1-нұсқа 5-сынып
Сүт тағамдарының ішінде қымыздан кейінгі бағалы сусын- шұбат.Оның түйе сүтінен жасалатыны барша жұртқа белгілі. Шұбат та қымыз сияқты ашытылып, тері, ағаш, қыш ыдыстарға құйылып сақталады, пісіреді. Шұбат қымызға қарағанда дәмді, жұмсақ, майлы әрі қоюлау болады. Оның қуаты мен дәрулік қасиеті қымыздан еш кем емес. Екі-үш күндік шұбат ең жақсы , сапалы шұбат деп есептеледі.
Қазақтар түйе сүтіне сиыр, қой сүтін қосып, қатық, сүзбе, құрт, ежегей дайындайды. / 66 сөз/
Тапсырма:
Сын және сан есімдерді теріп жаз (2)
Жуан дауысты дыбыстарды бір бөлек, жіңішке дауысты дыбыстарды бір бөлек жаз.(2)
Жуан дауыстылар жіңішке дауыстылар
«Шұбат» сөзіне фонетикалық талдау жаса(2)
Мәтіннің түрін анықта(1)
А) шұбат
Ә) қымыз
Б) мектеп
Мәтіндегі тірек сөздерді тап (1)
А) сүт, қасиеті,екі-үш
Ә) қымыз, дәмді, ыдыс
Б) шұбат,түйе, сусын
Мәтіннен зат есімдерді теріп жаз (2)
_________________________________________________________________________________________
«Қазақ тілі» пәні бойынша бастапқы бақылау кескіні
2-нұсқа 5-сынып
Ақ аю жер бетіндегі ең ірі жыртқыш аң. Арктиканың қожайыны. Ол жақсы жүзеді, сүңгиді, жартаста, мұзды жарларда ептілікпен жүреді. Оның қалың жүні мен терісінің астындағы қалың майы суықтан жақсы қорғайды.
Ақ аю итбалық, бұғы және кеміргіштермен қоректенеді. Балықтарды аулайды. Итбалықты ұзақ жатып қарауылдайды. Оны аяғымен қатты ұрып құлатады да, мұзға сүйреп шығарады.
Қыста қонжықтары пайда болады. Олар көктемге дейін анасының сүтін еміп, ұйықтап жатады. Ал көктемде аюлар тамақ іздеп, шетсіз – шексіз мұз даланы кезуге шығады. (75 сөз)
Тапсырма:
Мәтіннен зат есімдерді теріп жаз (2)
Жуан дауысты дыбыстарды бір бөлек, жіңішке дауысты дыбыстарды бір бөлек жаз.(2)
«Итбалық» сөзіне фонетикалық талдау жаса(2)
Мәтін не туралы? (1)
А) ақ аю
Ә) итбалық
Б) қыс мезгілі
Мәтіндегі тірек сөздерді анықта(1)
А) ақ аю, жыртқыш, аң
Ә) көктем, дала, мұз
Б) итбалық тамақ кеміргіш
Көптік жалғаулы зат есімдерді теріп жаз (2)
Достарыңызбен бөлісу: |