Қазақ тілі пәнінен сынақ тест 7 сынып і-нұсқа Жіңішке дауыстылар қатарын көрсетіңіз



Дата26.08.2017
өлшемі48,67 Kb.
#29121
Қазақ тілі пәнінен сынақ тест

7 сынып

І-нұсқа

1.Жіңішке дауыстылар қатарын көрсетіңіз.

А) ы, ұ, и В) а, ү, о С) ұ, е, ө Д) ө, і, е Е) о, э, у

2.Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.

А) қ, к, п, с В) б, в, г, ғ С) н, р, у Д) й, л, м Е) д, ж, з, һ

3.Тек ашық буынды сөздерді көрсетіңіз.

А) Отбасы, адам, жексенбі В) Жеміс, егін, ағаш С) Құстар, жаңбыр, аспан

Д) Терезе, таза, мағына Е) Достар, автобус, демалыс

4. Көптік жалғаулы зат есімді табыңыз.

А) Гүлдер. В) Өлең. С) Өтірік. Д) Шын. Е) Есік.

5.Не? сұрағына жауап беретін сөздердің қатарын анықтаңыз.

А) Сағат, мектеп, қалам. В) Кеше, бүгін, ертең. С) Әдемі, жақсы, таза.

Д) Оқушы, сатушы, биші. Е) Бес, он бес, сегіз.

6.Сын есімді табыңыз.

А) Доп. В) Аспан. С) Қарлығаш. Д) Көрпе. Е) Қызыл.

7. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз.

А) Қаламмен. В) Қағазды. С) Әншіге. Д) Кітапта. Е) Ақынның.

8.Күрделі етістікті табыңыз.

А) Айтуды. В) Бастады. С) Барды. Д) Береді. Е) Ойланып қалды.

9. Сөздерге жалғанатын тиісті жұрнақтарды белгілеңіз: Асық..., қи..., жағалас..., ұмыт...

А) –па,-ма,-па,-па В) –ба,-бе,-ма,-па С) –бе,-па,-ме,-ма Д) –ма,-па,-пе,-ме

Е) –па,-ма,-па,-ме

10.Тұйық етістік жұрнағын табыңыз.

А) –е В) –а С) –у Д) –ыс Е) –ып

11.Құрмалас сөйлемнің қанша түрі бар?

А) ) 4 В) 2 С) 6 Д) 3 Е) 5

12.Шылаудың түрлері табыңыз.

А) ашық, шартты, тұйық В) септеулік, жалғаулық, демеулік

С) қыстырма, қаратпа, оқшау Д) бұйрықты, лепті, сұраулы Е)салалас, сабақтас, аралас

13.Біріккен сөзді табыңыз.

А) қарлығаш В) бүлдірген С) ілтипат Д)алтыбақан Е) пайдалы

14.Күшейткіш үстеулер қатарын табыңыз.

А) және, яғни, соң В) арқылы, бірақ, немесе С) дейін, кейін, шейін

Д) тым, аса, өте Е) үлкен, кіші, шағын

15. Жіктеу есімдігін табыңыз.

А) Өзім. В) Сен. С) Бұл. Д) Біреу. Е) Бәрі.

Тәуелдік жалғауының ІІ-ші жағында тұрған сөзді табыңыз.

А) Апайлар. В) Жолдас. С) Ауылданбыз. Д) Дәптеріңіз. Е) Уақыт.

16.Етістіктің неше шағы бар?

А) 4 В) 2 С) 6 Д) 3 Е) 5

17.Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

А) –ны,-ні В) -са,-се С)-ты,-ті Д)-ма,-ме Е)-ыл,-іл

18.Орыс тілінен енген кірме сөздер қатарын табыңыз.

А) сәулетші,халық В) мерген,жарлық С) жәшік,бәтеңке Д) ойынпаз,сәнқой

Е) өнер,ғылым

19.Ырықсыз етіс қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

А) –са,-се В) –ыл,-іл С)-қа,-ке Д)-ау,-еу Е) -шы,-ші

20. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көктем, жаз. В) Жақсы, жаман. С) Өте, тым. Д) Оқушы, бала. Е) Мектеп, қала.

Қазақ тілі пәнінен сынақ тест

7 сынып

ІІ-нұсқа
1.Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.

А) у В) о С) а Д) ұ Е) ө

2. Қатаң дауыссызды көрсетіңіз.

А) д, в, е В) б, й, р С) п, ш, қ Д) м, ң, н Е) ғ, л, у

3.Тек ашық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) байлық, қорықтар В) бай, асхана С) жорық, кілем Д) қала, мереке Е) басшы, ұлт

4. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз:

А) Аспан. В) Ұшақтар. С) Ай. Д) Жұлдыз. Е) Күн.

5.Кім? сұрағына жауап беретін сөздердің қатарын анықтаңыз.

А) Сағат, мектеп, қалам. В) Кеше, бүгін, ертең. С) Әдемі, жақсы, таза.

Д) Оқушы, сатушы, биші. Е) Бес, он бес, сегіз.

6.Сын есімді табыңыз.

А) Ана. В) Төмен. С) Мен. Д) Қара. Е) Аурухана.

7. Қай септіктің жалғауы жоқ?

А) Барыс. В) Көмектес. С) Атау. Д) Табыс. Е) Жатыс.

8.Күрделі етістікті табыңыз.

А) Отырмын. В) Отырсыңдар. С) Қыдырамыз. Д) Жазып отырмын. Е) Жуынамыз

9. Сөздерге жалғанатын тиісті жұрнақтарды белгілеңіз: Ал..., сат..., көмектес..., бер...

А) –па,-ма,-па,-па В) –ба,-бе,-ма,-па С) –бе,-па,-ме,-ма Д) –ма,-па,-пе,-ме

Е) –па,-ма,-па,-ме

10.Тұйық етістік жұрнағын табыңыз.

А) –ып. В) –й. С) –а. Д) –у. Е) –е.

11.Құрмалас сөйлемнің қанша түрі бар?

А) 3 В) 7 С) 2 Д) 6 Е) 3

12.Шылаудың түрлері табыңыз.

А) қыстырма, қаратпа, оқшау В) салалас, сабақтас, аралас С) бұйрықты, лепті, сұраулы

Д) ашық, шартты, тұйық Е) септеулік, жалғаулық, демеулік

13.Біріккен сөзді табыңыз.

А) мейрам В) ерекше С) бұлақ Д)көрік Е) итмұрын

14.Күшейткіш үстеулер қатарын табыңыз.

А) үлкен, кіші, шағын В) тым, аса, өте С) және, яғни, соң Д) арқылы, бірақ, немесе

Е) дейін, кейін, шейін

15.Тиісті есімдікті қойыңыз: ...сабақ оқыдым.

А) Олар В) Ол С) Мен Д) Біреу Е) Кім?

16.Тәуелдік жалғауының ІІІ жағында тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Досы. В) Олар. С) Біздер. Д) Сабағың. Е) Біреу.

16.Етістіктің неше шағы бар?

А) 6 В) 3 С) 7 Д) 4 Е) 2

17.Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

А)-ға,-ге В)-сыз,-сіз С)-шы,-ші Д)-ты,-ті Е)-са,-се

18.Араб тілінен енген кірме сөздер қатарын табыңыз.

А) сәулетші, халық В) мерген, жарлық С) жәшік, бәтеңке Д) ойынпаз, сәнқой

Е) өнер, ғылым

19.Өздік етіс қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

А) –гер,-кер В) С) –ын,-ін Д)-лы,-лі Е) –сыз,-сіз

20. 16. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Мектеп, сабақ. В) Асхана, мұражай. С) Салт, дәстүр. Д) Ата, әке. Е) Үлкен, кіші.
Қазақ тілі – 7сынып

/ Кілт /

І - нұсқа

ІІ - нұсқа






















































































/ Ермаганбетова Г.С. /

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет