Қазақ тілінде сөйлейтін оқушыларды ағылшын тіліндегі сөздердің айтылуын үйретудің ерекшелігі.
Шетел тілінің айтылуын үйреткенде сол тілдегі дыбыстардың ерекшеліктеріне, жергілкті диалектіге де көңіл аудару керек, себебі ағылшын тілінде дыбыстық ерекшеліктер және Англиядағы диалектің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Ал қазақ тілінде дыбыстық ерекшеліктер болғанменде олар айқын көрінбейді, ал жергілікті диалектінің адамдардың бірін бірі түсінуне қиыншылық әкелмейді. Қазақ тілінде дыбыстық ерекшеліктерінің өте аз болу себебі қазақ халқы көшпенді өмір сүрген, сондықтан халықтың барлығы бір тілде, бір тілдік бірліктерді және дыбыстарды қолданған.
Ал, қазақ тілінде оқитын балаларға ағылшын тіліндегі айтылуды үйреткенде біраз қиыншылықтармен кездесеміз. Ол қиыншылықтар ағылшын тіліндегі кейбір дыбыстардың туған тілдегі дыбыстардан қатты айырмашылығы болуынан.
Құрылымдық лингвистика мен лингводидактиканың өкілдері Л.Ельмсиев, Л.Блумфилд, Ч.Фриз, Р.Ладо өз жұмыстарында былай деп танытқан: « Шетел тілінің айтылуын дыбыстарға еліктету жаттығуларымен үйрету керек»
Л. Блумфилдтің айтуы бойынша шетел тілінің айтылуын шетел тілімен туған тілідегі дыбыстарды талдау және салыстыру арқылы үйрету керек десе, Ч. Фриздің айтуынша сөздердегі бір ғана дыбысты өзгертіп бір біріне қарама –қарсы қойып салыстыра үйрету керек деген, мәселен: nais-naiz, pleis-pleiz.
Ч.Фриз алдымен дыбыстардың артикуляциясын суреттеп, еліктеу әдісімен жаттықтыру керек деген.
Тілді үйренуші ағылшын тілінде сөйлегенде кейбір дыбыстарды айтқанда өз тіліндегі дыбыстармен ауыстырып айтуға үйір болады.
Шет тілімен ана тілін салыстырмалы зерттеу арқылы екі тілдің ұқсастығы мен айырмашылығын айқындауға болады. Қандай да бір шет тілін алсақ, ана тілінен өзгеше дыбыстарды кездестіре аламыз. Және де сол дыбыстарды қабылдап, оны дұрыс айту бірнеше қиындықтар туғызады. Шет тілінде дұрыс сөйлеуі, ол шет тіліндегі дыбыстарды танып, оларды жақсы білу, яғни үйреніп жатқан тілдің дыбыстар қатарын өзінің ана тіліндегі дыбыстар қатарынан ажырата білу.
Ағылшын тілімен қазақ тілінің дыбыстар қатарын салыстыра отырып, ағылщын тіліндегі бірнеше фонемалар қатары қазақ тілінде жоқ екенін көреміз: дауыссыз дыбыстар[ð,θ,w], африкат[ʤ], ұзақ дауысты дыбыстар[a:,i:,ɔ:,u:],және дифтонгтар [iə,uə,eu,ou].
Қазақ тілінде сөздер көбінесе қатаң дауыссыз дыбыс «t» ға аяқталады,бірақ ұяң дауыссыз «d» ға аяқталмайды. Қазақ тілінде ұяң дауыссыз дыбыс «d» тек кірме сөздерде ғана кездеседі, мысалы: лорд, этюд, гибрид, секунд, эпизод, аккорд. Сондықтан қазақ тілінде білім алатын студент бірнеше рет қатесін жөндегеннен кейін де did, said,could деген ағылшын сөздерін dit, set, kut деп айтады.
Сонымен қатар ағылшын тілінде сөздердің соңында кездесетін ks , kt деген дауыссыздар қазақ тілінде білім алатын студенттерге қиындық туғызады. Қазақ тілінде сөздердің соңына екпін түсіріледі, сондықтан дауыссыздардың ортасында «і» дыбысы айтылады, мысалы: бүркіт, іркіс...... Сондықтан көбінесе ағылшын тіліндегі books,asked деген сөздерді қазақша оқитын студенттер bukis, a:skit деп айтады.
Ал дауыссыз дыбыс [ŋ] мысалы: hang, hoping, керісінше қазақ студенттеріне қиындық тудырмайды, себебі қазақ тілінде дауыссыз мұрыныдық «ң» дыбысына ұқсайды, мысалы: аң, таң, заң және т.б.
Бірақ ұқсастықтан гөрі айырмашылықтар өте көп, тағы бір қиыншылық ол ағылшын тіліндегі сөздердегі екпін. Қазақ тілінде екпін көбінесе сөздің соңына түссе, ағылшын тілінде екпін сөздің басына келеді.Мысалы: DIFFIcult деген сөзде екпін бастапқы буынға түссе, қазақ студенті diffiCULT деп сөздің соңқы буынына екпін түседі.
Соның салдарынан difficult сөзінің соңғы буынында әлсіз дыбыстың орнына дауысты дыбыс [ʌ] пайда болады.
Ағылшын тілінің ритмі әрбір фразада тек негізгі екпінмен сипатталады, ал қалғандары қосымша және әлсіз болады.Ағылшын тілінің ритміне Фриз және Ладоның оқулықтарын қолдана отырып фонетикалық жаттығулармен үйретуге болады. Мысалы:
The man is a doctor.
The man is a good doctor.
The old man is a good doctor.
The old man is a very good doctor.
Негізгі екпін doc буынына түсіп тұр, ал қосымша екпін man сөзіне түссе, әлсіз екпін қалған буындарға түсіп тұр. Негізгі мақсатымыз ол әр сөйлемді бір уақыт аралығында айту.
Айтылған фонетикалық жаттығулар қазақ топтарында міндетті түрде жүргізу керек, себебі ағылшын тілінің ритмикасы қазақ тілінің ритмикасы сияқты емес, қазақ тілінде ритмика әдетте қатаң түрде сақталмайды.
Ағылшын тілінің айтылуын лингвистикалық негізде үйрету.
Лингвистикалық негізде ағылшын тілінің айтылуын үйрету екі бөлімнен тұрады. Олар:физиологиялық фонетика және фонология.
Физиологиялық фонетика дыбыстардың құрылуын және тіл арқылы айтылуын зерттейді және түсіндіреді.
Фонология, ол тілдің фонетикалық қатарындағы компоненттердің атқаратын рөлін зерттейді және түсіндіреді.
Фонология – функционалды фонетика. Ол үш функцияны қарастырады:
1. Конститутивтік (құрастырушы)
2. Дистинктивтік (айырмашылықты білдіретін)
3. Рекогнитивтік ( тану)
Конститутивтік функция, ол қандай да сөйлем тіпті ол бір буынды сөзден тұрса да, ол дыбыстардан құралады. Мысалы: I [ai]- мен, бұл сөз белгілі бір буыннан тұрады, бір екпін бар және белгілі бір тонмен( төменгі немесе жоғарғы) айтылады. Дыбысты немесе сөздің құрамындағы дыбысты айтқанда сөйлеуші немесе дауыстап оқып отырған адам бұл сөзді немесе фразаны басқа дыбыстардан тұратын сөздерден шектетіп айтады.
Рекогнитивтік жаттығулар дыбыстарды және олардың тәртібін ажырату қабілеттерін дамыту үшін арналған. Есту қабілеттерін дамыту үшін мұғалім ауызша естіп тану әдістерін қолдануы керек. Мұғалім бірнеше сөздерді айтады, ал оқушылар жаңа дыбысты естігенде қолдарын көтереді.Сөйтіп мұғалім оқушыларының дыбыстарды ажырата алатынын біледі. Немесе мұғалім екі сөзді айтады да олардың қайсысы етістік екенін оқушылар ажырата алатынындығын білу үшін, олардан етістікті естігенде қолдарын көтеруін сұрайды.
Ағылшын тілінің айтылуын қалай үйрету керек?
Ағылшын тілінің айтылуын үйретуде екі методологиялық мәселе бар. Олар:
1. Егерде ауызша сөйлеу мүшесін саналы түрде пайдалану міндетті болса, және егер жай ғана еліктеуді қолануға болса;
2. Жаттығулардың түрін және оларды қолдану әдістерін анықтап алған жағдайда;
Оқушылар алдымен екі тілдегі дыбыстардың әр түрлілігін түсіну керек және еліктеу әдісін қолдану керек. Мұғалім қолын жоғары немесе төмен көтеру арқылы дауыс ырғағының өзгеруін түсіндіре алады.
Шетел тілінің айтылуын фонетикалық әдістер арқылы үйрену.
Фонетикалық әдістер ағылшын тілінің айтылуын еліктеу арқылы емес, дыбыстарды саналы түрде қабылдап, оларды түсіну арқылы үйренуге бағыттайды.
Артикуляциялық оқытудың міндеті болып оқушыларды дыбыстардың айтылуын саналы түрде үйрену, дыбыстарды айтуды жаттықтыру арқылы танып білген дыбыстарды автоматты түрде айту. Сонымен қатар ол оқушылардың есту қабілеттерімен есте сақтау қабілетін дамытады. Ол дыбыстарды тек дұрыс айту үшін ғана емес сонымен қатар естіп түсіну қабілетін дамыту үшін керек. Мұғалім көбінесе оқушыға шетел тіліндегі дыбыстардың айтылуы қиындық түсіретінін естен шығарады. Дыбыстардың айтылуын үйрену барысында алдымен, оқушылар дыбыстардың айтылуын ана тілінде талдап, берілген элементтерден шетел тіліндегі дыбыстарды жинақтап алу.
Мұғалімнің ең басты міндеті ол оқушыларды дыбыстардың қорымен таныстыру және оқушының дыбыстарды еліктеу процесі арқылы үйренуі емес, ол шығармашылық таным екенін түсіну керек.
Достарыңызбен бөлісу: |