Қазақстан Педагогтарының Ассоциациясы АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ЖАЛПЫ ПЕДАГОГТАР ҚАУЫМЫНА!
Құрметті әріптестер!
«Қазақстан Педагогтарының Ассоциациясы»«Білім беру бағдарламалары бойынша жаһандық үдерістерді игерудің әдістемелері» атты қашықтықтан республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастыруда. Сіздерді осы қашықтық ғылыми-тәжірибелік конференцияға белсенді қатысуға шақырамыз!
Конференцияның мақсаты:Қазіргі білім саласындағы өзгерістермен таныстыру, мұғалімнің кәсіби деңгейін арттыру, мұғалімнің кәсіби дамуы саласындағы практикалық және ғылыми-зерттеушілік тәжірибелерімен алмасу.
Қашықтықтан ұйымдастырылатын конференция жұмысының барысында пән мұғалімдерінің тәжірибелік білімдерін жаңарту, пәндерді оқытудың сапасын жетілдіру, оқу үрдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып функционалдық сауаттылықтарын дамыту, оқыту мен тәрбиенің инновациялық әдіс-тәсілдерімен таныстыру, тәжірибе алмасу және т.б. өзекті мәселелер қарастырылады, сонымен қатар, жинаққа барлық пәндер мен тақырыптар бойынша ашық сабақтар, сабақ жоспарлары, ғылыми еңбектер, мақалалар енеді.
ҚАШЫҚТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ЖҰМЫСТАРЫН АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА БОЛЫП ҰСЫНҒАН ПЕДАГОГТАРҒА ДА АРНАЙЫ СЫЙ ДАЙЫНДАЛҒАН.
Конференция жұмысына қатысушылар: Жұмыс өтілі 3 жылдан жоғары ЖОО-ның оқытушылары, жалпы білім саласының қызметкерлері, мұғалімдер, әдіскерлер, тәрбиешілер, педагогтар.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция жұмысының барлық ғылыми материалдары ғылыми-тәжірибелік конференцияның нәтижесі ретінде жинақ боп басылып, әрбір қатысушыға PDF-нұсқасы жолданады. Қашықтықтан ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференцияға ғылыми еңбектерін жолдаған әрбір қатысушыға алғыс хаттар мен дипломдар және қатысушылардың барлығына міндетті түрдеҚазақстан Педагогтарының Ассоциациясының «Жыл педагогы» төсбелгісіберіледі.20 мұғалімнен жоғары ұйымдастырып, белсенділік танытқан педагогке орталықтыңарнайы сыйлығыменсертификатберіледі.
Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар : • Қаріп түрі Times New Roman, KZ Times New Roman (12 кегль); интервал – 1, жиектері: жоғарғы – 2 см; төменгі – 2 см; сол жағы – 3 см; оң жағы – 2 см. • Мақала көлемі 3 беттен аспауы керек. • Азат жол – 0,9 см. • Бос жолдан кейін ортада бас әріптермен мақала тақырыбы (қою). • Бос жолдан кейін ортада автордың фамилиясы және аты жөнінің бірінші әріптері (қою). • Келесі жолда ұйымның толық аты, қала атауы және автордың байланыс телефондары мен электронды поштасының атауы жазылуы тиіс. • Негізгі мәтін бір бос орыннан кейін басталады. • Мақала мәтіні мұқият тексерілуі тиіс.
Конференцияға қатысушылар өз толық мекен-жайын және мекен-жай индексін қоса жіберу тиіс.
Ескерту: Қатысуға ниетті әрбір педагог өз ғылыми жұмысымен қоса шығармашылық өмірбаянын жіберуге міндетті (себебі, шығармашылық өмірбаян ассоциацияның сайтына төсбелгі иегері ретінде сапалы фотосуретімен қоса салынатын болады).Қашықтықтан ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, жинаққа ғылыми еңбектерін ұсынған әрбір қатысушы бір реттік жарнапұл төлеуге тиіс. Жарнапұл құны: 7 000 тг (жеті мың теңге).
Қатысушылар өз еңбектерін, сапалы суреті мен шығармашылық өмірбаянын және жарнапұлды төлегендігін растайтын түбіртектің сканерленген нұсқасын 2017 жылдың 4-інші мамырына дейін
kaz-ped-asso@mail.ru электронды поштасына жіберуі тиіс.
Байланыс телефондары: +7 7753930647. Конференцияға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған реквизиттер:
ИИН: 940904400809
4402 5735 1954 3070 АО «Народный банк Казахстана»
Қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегі kaz-ped-asso@mail.ru электронды поштасына жіберілуі тиіс.