С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасы
Техникалық факультет
3-ШІ ӨНДІРІСТІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП Тақырып: «Нан өнімдерінің технологиясы. Нан түрлері. Нан өнімдерін өңдейтін цехындағы қолданылатын құрал жабдықтары»
5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы
Орындаған студент: Мейрамова Аружан Ерланқызы ______________ (қолы)
4 курс(1триместр) тобы 06-727-18-25
Тәжірибе орны және кәсіпорын атауы: Нұр-Сұлтан қ.;
С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ техникалық факультетінің тәжірибелік-өндірістік цехтары.
Университеттен тағайындалған жетекші, "Тағам және қайта өңдеу өндірісінің технологиясы" кафедрасының магистр, ассистент
Кіріспе Өндірістік тәжірибе білім алушылардан біліктілікті талап ететін білім берупроцесінің қажетті де маңызды кезеңі болып табылады. Дәл осы өндірістіктәжірибе кезінде білім алушылар алған теориялық білімдерін бекіте отырып,тәжірибелік дағдыларды меңгереді. Яғни мұндағы мақсат – тиісті өндірістіктәжірибені қалыптастыру болып саналады.
Жалпы өндірістік тәжірибенің мақсаты: оқу барысында алынған
теориялық білімді бекіту және кеңейту; практикалық дағдылар мен қызметтәжірибесін қалыптастыру; білім алушыға өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсінуге көмектесу.
Ал осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
- өнеркәсіп қызметіне іс жүзінде қатысу;
- практика жетекшісімен нұсқаулық кеңес өткізе отырып, жұмыс барысы мен қауіпсіздік техникасына қатысты ережелерді нақтылау;
- тәжірибе өтетін орынмен (ҚазАТУ техникалық факультетінің эксперименттік-өндірістік цехтарымен) танысу: оның түрі, жай-күйі, ұйымдық құрылымы, жұмыс режимі т.б.
- өндірістік тәжірибе бағдарламасын орындау;
Өндірістік тәжірибе С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық
университеті техникалық факультетінің эксперименттік - өндірістік цехтарында өтті.