Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі жшс «Достық» мектебі



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі25,2 Kb.
#95952
  1   2   3
Байланысты:
қарттарым асыл

    Бұл бет үшін навигация:
  • Түрі

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
ЖШС «Достық» мектебі

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қарттарым – асыл қазынам.


СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ: Тойымбет.К.Қ.
2020-2021 оқу жылы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қарттарым – асыл қазынам.
Тәрбие сағатының мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді
сыйлап тыңдай білуге, халқының салт –дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен
мейірімділікке тәрбиелеу.
Түрі: Пікіралмасу
Әдісі: Ой қозғау, әңгімелесу
Көрнекілігі: нақыл сөздер,ән тыңдау,видеорлик көрсету.
Барысы:
Мұғалімнің сөзі: Алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
1-жүргізуші: Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Ізі – соқпақ, сөзі – нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
2-жүргізуші: Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Олай болса аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін сыныбымыздың белсенді оқушысы Сансызбай Ұлтөренің қариялар жайлы дайындаған баяндамасына береміз.
Мұғалім: Оқушылар жұмбақшешу арқылы топтарынатап қорғайды, шығармасын жазып оқиды:
Айтарымолғұлама,
Көпжасағанбұладам.
Әкесіоләкеңнің,
Білеронысұраған,
Олкім? (Ата)
Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімдіжүзікүлімдеп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үніңдеп.
Олкім? (әже)
Ата-әжесініңмақтанышы, ұрпағы. Ол кім? (Бала)
Оқушылар өз тобы туралы мәлімет береді.
Топқа тапсырмалар беріледі.
Ән: «Атам-әжем» орындайтын: «Бала» тобы
Ән: «Апатайым» орындайтын «Әже» тобы.
Ән: «Әкешім – әнім» орындайтын «Ата» тобы.

Еркебұлан: Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,


Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап....

1-жүргізуші: Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге отырғызып, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кенде емес. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта. Еліміздің қарттары үшін жыл сайын қазан айының алғашқы күнінің орны айрықша. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жылдар өте әлем бойынша тойлана бастады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне 27 жыл толғалы отыр. Кез келген қария бұл күнді асыға күтетіндей. Оның себебі сол мерекеде оларды бұрын өздері жұмыс істеген ұжымы қонаққа шақырады. Онда әр зейнеткер байырғы ұжымымен кездесіп, жастарға ақыл кеңестерін айтып бір серпіліп қалады.


2-жүргізуші: Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!

Аружан: Қарттарым жүректерің неткен дархан,


Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір-бір дастан.
Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен
Мұғалім: Топтық тапсырмалар.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ –ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.Жағдаяттан шығу жолдары (Карточкаларды алып өзекті мәселелер туралы ой қозғау, проблемалық жағдайдан шығу жолдарын ойлап табу.Оқушы жауабына сараптама жасау.
1-жүргізуші: Көрініс: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді»
А.Қоразбаев. «Қара шал» өлеңін тыңдау
Ақниет: Қалай қиып қарттарды тастайды екен!
Қиналғанын баласы білмей ме екен!
Жастары да олардың келіп жеткен
Жалғыздықтан жабырқап жүріп кеткен.
Өзі кейін шал, кемпір болмай ме екен
Қарттар үйі оларға пана мекен
Қарттар үй болмаса қарттар да жок
Бірақ соны балалар уғар ма екен?

Видеоролик көрсету.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет