Қазақстан республикасының Ғылым білім министірлігі



Дата29.04.2020
өлшемі19,98 Kb.
#65146
Байланысты:
130-18 Паримбеков А.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭССЕ


Тақырыбы: Кәсіби бағдар беру жұмыстарының мамандық таңдаудағы тигізетін әсері

Орындаған: Налибаева М.

Тобы:130-18

Қабылдаған: Ортаева А

Оқушының саналы түрде мамандық тандауы - бұл көптеген факторлардың және сол оқушының әлемге көзқарасының қалыптасуымен байланысты құрделі де ұзақ процесс. Мұнда адамның болашақта кім болуын, қандай қоғамдық топта болуын, қайда және кімдермен жұмыс істейтінін және өмір сүрудің қай стилін таңдауын т.с.с айқындайды. Оқушылардың кәсіби жарамдылығы, медициналық, білімдік, әлеуметтік саяси және психологиялық іріктеу жүргізумен бағаланады.

Осы тұста жасөспірімдер өздерінің болашақта кім болатындығын білмей қиналуы қалыпты жағдай, сондықтан, мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілу қажет деп білемін. Себебі, кәсіби бағдар беру барысында оқушыларға қоғамдағы сан түрлі мамандықтардың қоғамдағы рөлі, маңызы туралы, оқушылардың өздерінің қай бағытта қызығушылығы жоғары екендігін анықтау барысында жасөспірімдерге дұрыс бағыт бағдар беру үшін түрлі жұмыстар атқарылады. Әл – Фараби атамыз айтқандай “ Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз”-дейді. Меніңше, дөп басып айтқан секілді. Себебі, қазіргі таңда мамандық таңдауда қателесіп, сол мамандықта жұмыс істеу барысында, қателіктерге боялдырып, олқылқтар жасап, осалдық танытып жатады. Бұл жағдайлар қоғамда қауіпті мәселелер туыдыруы ғажап емес. Өзінің жұмысында биіктерден көрініп үлкен жетістіктерге жете алмауы мүмкін. Сондықтан мамандықты дұрыс қателеспей таңдау өте маңызды. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Яғни, заман ағымы күн санап өзгеріп, даиу үстінде, оған ілесіп теңесу мүмкін болмай отыр. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.



Мен өзімді, мамандық таңдауда қателестім деп ойлаймын. Себебі, кішкентай кезімнен сурет салуға, модельдерді сызып, соларға қарап киімдер пішіп тігуге қызығатынмын. Яғни, архитектор немесе дизайнер болғым келетін. Мен 9 сынып оқып жүрген кездерімде, күні түні ойланатынмын, “ Кім боламын?”, “ Қай салада көбірек пайда тигізе аламын?” тағы сол сияқты сұрақтар мазалайтын. Содан 11 сынып оқып жүргенімде, ата-анам юрист боласың деп көндірді. Содан мен тестілеуден тиісті баллмды жинақтадым бірақ юрист емес, педагог саласына грантқа түстім. Содан мен грант болғаным үшін оқып жүрдім, мен бәрібір мұғалім болмаймын деген оймен жүрдім. Алайда, 1 курс бітірген кезімде дін саласында жұмыс атқаратын ағам өзінің ақыл-кеңесін айтып , менің ойымды түбегейлі өзгертті. Қазіргі таңда болашағымыз жастардың қолында деп Елбасымыз айтып өткендей, көптеген педагог саласында оқып жүрген студенттер өздерінің мамандығына көңілдері толмай оқып жүргендігін көріп, болашақты қолдарына тапсырып берген ұрпақты саналы етіп тәрбиелеу біздің қолымызда екендігін түсіндім. Сондықтан, еліме кішігірім үлесімді қосу үшін, болашақта саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін, мен жан-жақты тәжірибе жинақтау үстіндемін және білікті маман иесі болуым үшін барынша тырысамын. Сондықтан, кәсіби бағдар беру шаралары жүргізілген дұрыс деп ойлаймын. Себебі, бүл іс- шаралармен мектеп тәлімгерлері ата-аналар арасында үлкен жұмыстар атқарылады. Ата-аналардың да өз балаларының болашағына балта шабуының алдын алып, олардың өз қызығушылықтары бойынша баулуға көзқарастарының өзгеруіне септігін тигізетініне сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет