Қазақстан тарихы (80,81,83,84)



Дата15.12.2022
өлшемі17,57 Kb.
#162946
Байланысты:
Новый документ
тарих ответ, эконом, 5-8 сынып тәрбие жоспар 3құндылық

Қазақстан тарихы (80,81,83,84)

80. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісінің сипаты мен маңызын талдаңыз.


1836-1838 жылы Бөкей ордасында болған ұлт-азаттық қозғалысты рубасы Исатай Тайманов пен ақын Махамбет Өтемiсов басқарды. Көтерiлiстiң негiзгi себебi патша үкiметiнiң отаршылдық әрекетi едi. Патша үкiметi Каспий теңiзiнiң шаруашылық жүргiзуге қолайлы солтүстiк жағалауын Ресей помеùиктерiнiң қолына бердi. Олар осы жерден балық аулау, тұз алу, егiн егу, мал-жаю кәсiпкерлiгiмен шұғылданбақшы болған халықты қатал қанады. Бұл көтерiлiстiң негiзгi себебi едi.
Сонымен бiрге көтерiлiсшiлер Жәңгiр хан мен оның туыстарының қарапайым халыққа жасаған қиянатына қарсы шықты. Исатай мен Махамбет қол жинап Ресейдiң отаршылдық әрекетiн жүрiгiзiп отырған сұлтандар мен билердiң ауылдарына шабуыл жасаудан көтерiлiстi бастады. 1837 жылы 5 мыңға жеткен көтерiлiсшiлер Жәңгiр ханның ордасын қоршады. Жәңгiр ханның өтiнiшi бойынша Орынбор генерал-губернаторы көтерiлiстi басу үшiн жазалаушы отряд жұмсайды.
Көтерiлiсшiлер мен жазалаушы отярдтың арасында 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде қысқа, бiрақ кескiлескен шайқас болады. Көтерiлiсшiлер 100-дей адамынан айрылып ұсақ топтарға бөлiнiп жан-жаққа тарап кетедi.
Исатай мен Махамбет көтерiлiсшiлерден шағын отряд құрып жазалаушыларға кенеттен шабуыл жасап үлкен шығынға ұшыратып кетiп отырады. Олар патша әскерлерiне қарсы күрестi жалғастыру үшiн Жайық сыртына өтiп Кiшi жүз халқын көтерелiске жұмылдыруды көздейдi. Осы мақсатпен олар неғұрлым табанды, сенiмдi сарбаздарды бастап 1837 жылы желтоқсанда Жайықтан өтедi. Көтерiлiс басшылары Кiшi жүз халқынан сарбаз жинап бiрсыпыра күшейедi. 1838 жылы шiлде айында жазалаушы отрядпен көтерiлiсшiлер арасында Ақбұлақ шешушi шайқасы болады. Көтерiлiс жеңiлiп, Исатай қаза табады.
Көтерiлiске қатысушылар мен оларға ниеттес болған бейбiт ауылдар аяусыз қуғын-сүргiнге ұшырайды. Көтерiлiс жеңiлген соң Махамбет қырда бой тасалап патшаға, ханға қарсы үгiт жүргiзуге кiрiседi. Ұзамай отаршылдар оны да өлтiртедi.
Сөйтiп Исатай, Махамбет бастаған көтерiлiс жеңiлiске ұшырайды. Бұл көтерiлiс Қазақстан тарихындағы бұқаралық және ұлт-азаттық сипаттағы қозғалыстың бiрi болды. Бұл қозғалыс патша үкiметiнiң отаршылдық саясаты мен үстем тап өкiлдерiнiң сатқындығын әшкерелеп бердi. Көтерiлiс қазақ халқының ұлт-азаттығы үшiн күресiнiң алдағы уақытта да жалғаса беруiне әсер еттi.

81. 1965-1966 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы себептерін талдаңыз.


Кеңес Одағында ел өмiрiнiң барлық саласын қамтыған тоқырау 1960 жылдардың ортасынан басталып 80 жылдардың ортасына дейiн жалғасты. Тоқырау деп ел экономикасының ешбiр өзгерiссiз тоқтап қалғанын емес, экономикалық даму қарқынының жылдан жылға құлдырап келіп, 1980 жылдардың ортасында терең кризиске әкелгенi айтылады.
Кеңес Одағы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң жылдық өсiмi 1961-70 жылдары орта есеппен 8,7 пайыз болса, 1981-1985 жылдары 3,7 пайыз болып құлдырады. Мұндай көрiнiстi Қазақстан экономикасынан да байқауға болады. 81-86 жылғы бес жылдық жоспарды Қазақстанның әрбiр 4 кәсiп орны орындамады, 1986 жылға дейiнгi 9 жылдың iшiнде орнаған 334 кәсiпорынның тең жартысы нормативтiк қуатына жетпедi. Мүндай көрiнiстi Қазақстан экономикасының басқа саласынан, оның iшiнде ауыл шаруашылығынан да байқауға болады.
60-жылдардың ортасында экономиканы интенсивті дамуына жол ашуға әрекетінде жаңа шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. 1965 жылы жаңа экономикалық реформа бойынша аймақтық халықшаруашылық кеңестер таратылып, салалық одақтық-республикалық министрліктер арқылы өнеркәсіпті басқаруға көшірілді.
Жаңа жүйеге сәйкес шаруашылық есеп кәсіпорындарға дербестік берді. Өндіріс орындар шаруашылық есеп жүргізуде шығындарды үнемдеу арқылы материалдық ынталандыру және марапаттау сияқты шараларға қол жеткізетін болды.
Өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру жоспарлары қабылданды. Әйтседе реформалар бір жағынан экономиканы дамытуда біраз көрсеткіштерге жеткізсе, екінші жағынан орталық өктемдік жоспарларға директивалық түзетулер мен толықтырулар енгізуді тоқтатпады. Коммунистік партияның дербес басшылығы, мемлекеттік меншік үстемдігі КСРО-ның экономикалық іргесін өзгерте алмады. Халықтың табысы төмендеп, тауар тапшылығы өсті. Республика шаруашылық салаларының шикізаттық сипаты одан әрі тереңдеді. 70-ші жылдардың ортасына қарай кеңестік экономикасы жүйесінде дағдарыс белгілері айқын ашылды.
Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат және отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енпзу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп енімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия ---өнеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығаратын зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем тау-кен комбинаты және т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды.
Кеңестік экономика негізінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан бұйрық беру әдісі арқылы басқарылды. Қазақстан өнеркәсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды. Одақтық министрліктер республиканың мүддесін көздемеді, әлеуметтік салада, ұлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны қорғауда (Семей полигоны мен Аралдың экологиялық апатқа ұшырауы) қиыншылықтар туындады. Мысалы, сол кезеңде Арал теңізінің деңгейі 14 метрге, аумақтық көлемі 40%-ға, су келемі 60%-ға төмендеді. Тартылған теңіз түбі тұз ошағына айналды. Мұндай жағдай гепатит, туберкулез сияқты эпидемиялық аурулардың өсуіне әкеп соқты, сонымен қатар онкологиялық аурулардың көрсеткіші бұл елді мекенде одақ көрсеткішінен 15 есе асып түсті. 6717 км2 аумақты алып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында да экологиялық мәселе өте күрделі болды. Қазақстан территориясының 4,6 млн га аумағы оның пайдаланылған зымырандар қондырылатын жерге айналды. Онымен қоса Семей атом полигонында зиянды 200 жер асты нысаны (штолня) болды. КСРО-да жасалынған 715 ядролық жарылыстың 470-і Қаэақстанда жасалды. Каспий маңы ойпатындағы Азгир полигонында 17 жер асты жарылысы, республиканың басқа жерлерінде тағы 21 жарылыс іске асырылған.
70-80-жылдары Қаэақстанның экономикасында шикізат өндіру басымдыққа ие болғандықтан, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақтас республикалардан әкелінді, ал оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды.
КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі. Өнідірстегі өзін-өзі басқарудағы шектеулер және оның дамуындағы қайшылықтар. Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайның келеңсіздігі. Кәсіпорындардағы дағдарыстың өршуі.
Әкімшіл басқарудың аграрлық саладағы қайшылықтарды асқындыра түсуі. Кеңестік өкіметтің ауыл мен деревняны іс жүзінде кедейшілік пен тоқырауға ұшыратуы. Ауыл еңбеккерлерін материалдық ынталандырудың төмендеуі. Аграрлық саланың басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктері. Шаруашылықаралық аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктерді агроөнеркәсіптік кешендерге жоғарыдан біріктірудің тиімсіздігі. Қазақ ауылының келеңсіз әлеуметтік-гуманитарлық қырлары «күнделікті тарих» деректерінде.
Еңбекақыны төлеудегі әділетсіз теңгермешілік, халықтың басым бөлігінде негізгі табыстың төмендеуі. Партиялық-мемлекеттік, әскери және шаруашылық басқару жүйесіндегілерге берілген артықшылықтар- әлеуметтік әділетсіздікті өрістете түсуге бағытталған қадам. Халықтың материалдық тұрмыс жағдайының төмендеу себептері. Тұрғын үй мәселесіндегі шешілмейтін қиыншылықтар. Орталықтың этно-демографиялық саясатының келеңсіз тұстары: ішкі миграцияны, соның ішінде қазақтардың ауылдан қалаға көші-қонды тежеуді паспорттық жүйе, «тіркеу» (прописка), тілдік кемсітушілік (дискриминация), т.б. жолдармен жүзеге асырып отыруы. Ауыл тұрғындарының азаматтық құқықтарына қысым жасау. Ақшаның құнсыздануы. Тұтыну тауарларының тапшылығы. «Көлеңкелі экономика» (қара нарық), криминалдық топтардың таралуы

83. Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістерді талдаңыз.


1990 жылдардың басында республиканың экономикалық жағдайы нашарлап, мемлекеттік еңбекпен қамту мекемелеріне 70,5 мың жұмыссыз адам тіркелді. Азаматтардың еңбек жағдайы қиын халде еді. Әсіресе өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы өндірісіндегі хал-ахуал сын көтермеді. Материалдық игілік өндіру саласындағы төртiншi қызметкер зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеді. Тау-кен, металлургия, химия өнеркәсібіндегі әрбір үшінші, көптеген жағдайда әрбiр екiншi адамның жұмыс орнындағы еңбек жағдайы санитарлық нормаларға сәйкес келмеді. 1991-1995 жылдары экономика салаларындағы жалпы еңбекпен қамтамасыз етілгендердің жылдық көрсеткіші 3,7%-ға төмендеді. Елдегі экономикалық дағдарыс бағаны еркіне жіберуге, ақшаның құнсыздануына, халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне алып келді.
Зейнетақы, жәрдемақы мен жалақы төлемсiздiгi созылмалы сипат алды. Дегенмен қанша қиыншылықтар болғанымен нарықтық қатынастарға өтудің басқа жолы болган жок. Осындай дағдарысты кезеңде мемлекет Қазақстан Республикасы тұрғындарын әлеуметтік жағынан қолдау шараларын іздестіріп, осы саладағы дағдарыстан шығудың жолдары мен нақты бағдарламаларын ұсынды. Қалыптасқан экономикалық жағдайды, демографиялық мәселелерді ескеріп, зейнетақы жүйесін реформалау туралы шешім қабылданды. 1997 наурыз айында Үкімет «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін реформалау туралы тұжырымдаманы» бекітіп, 1997 жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заң қабылданды. Қазақстанда 1996 жылдың соңына қарай 391,7 мың жұмыссыз тіркелдi. Қиын да күрделі кезең алыс-жақынға да, үлкен-кішіге де әсер етті. Елді осындай дағдарысты жағдайдан алып шығатын Үкіметтің әлеуметтік саладағы ауқымды шараларының бірі - шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау саясаты еді. Осы мақсатта Үкімет әлеуметтік-экономикалық және құқықтық шараларды жүзеге асырды. Экономикалық еркіндік әркімнің сауда жасауға, тапқан табысын жинақтауға немесе өз қалауымен жұмсауға мүмкіндік берді.
90-жылдардағы елдің демографиялық дамуының ерекшелігі халықтың абсолюттік санының өзгеруі болды. Нарыққа өту, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздықтың өсуі, экологиялық мәселелер халықтың денсаулығына және демографиялық жағдайына кері әсер етті. Халықтың табиғи өсуі, бала туу көрсеткіші төмендеді, өзге ұлт өкiлдерiнiң республикадан көшіп кетуi улғайды. Негiзгi миграциялық агын ТМД елдерiне бағытталды. 1993 жылдан 1999 жылға дейiн Қазақстаннан ТМД елдерiне 1524,0 мын адам көшті. Ресей көшіп барушылардың ошағына айналды. 1990 жылы таяу елдерге кеткен мигранттардың 74%-ы нақ сол елге көшіп барды. ТМД елдерiне неғұрлым көп көшіп кеткен этностар украиндар - 139 759, белорустар 30068, корейлер - 3176 адамды құрады.
1991 жылы еліміз тәуелсiздiгiн алысымен демографиялық жаңа құбылыс орын алды. Моңғолия, Иран, Түркиядан қазақтар атажұртына орала бастады. 1999 жылғы санақ бойынша Қазақстандағы тұрғындардың саны 14 953 126 адамды құрады. Бұрынғы санаққа қарағанда халықтың ұлттық құрамы мен ауыл-село және қала тұрғындары құрамы үлкен өзгеріске ұшырағаны көрінді. Қазақтардың саны 1989 жылмен салыстырғанда 1 484 мың адамға өсiп, 7 985 мыңға жетті. Сөйтіп, олардың жалпы халық санындағы үлесі артты.
2000 жылдардан бастап Қазақстаннан қоныс аударатындар саны жыл сайын азайып, қайта оралатын азаматтар саны, керісінше, өсе түсті. Елiмiзге оралатындардың негiзгi жиынын қазақтар құрады. Егер 1999 жылы 9,5 мың қазақ келген болса, 2004 жылы 48 мың, 2005 жылы 57850 қазақ келген. 2009 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 16 009,6 мың адамды құрады. 2012 жылғы мәлімет бойынша қазақтардың саны 10 764 мың болып, республика тұрғындарының 65,1%-ын құрады. 2017 жылы Қазақстан халқының жалпы саны 18 074,1 мың адамға жетті.

84. ҚР білім және ғылым жүйелеріндегі реформаларына баға беріңіз.


Осы кезеңде мектептерде мемлекеттік стандартқа сәйкес бағдарламаны жаңартуға ерекше көңіл бөлінді. Жалпы білім беру мектептерiндегi оқу жүйесі 1984 жылдан бастап 11 жылдыққа көшірілді. 1984 жылғы мектеп реформасы бойынша балалар мектепке 6 жастан баратын болды. 1-4-сыныптар бастауыш, 5-9-сыныптар орта, 10-11-сыныптар толық орта білім беретін сыныптар болып белгіленді. 1985-2000 жылдар аралығында орта бiлiм мен жоғары бiлiм беру саласы түпкілікті өзгеріске ұшырады. 1990 жылдан бастап Қазақстанда мектепке дейiнгi тәрбиенің баламалы жүйесі - отбасылық, коммерциялық және мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi қарқынды дами бастады. Жалпы білім беретін баламалы мектептер, соның iшiнде телемақысы жоғарылығына қарамастан жекеменшік мектептер көбейді. Ана тiлiнде оқытатын мектептер (өзбек, ұйғыр т.б.) саны да артты. Бірқатар мектептерде әзірбайжан, грек, корей, түрік, поляк, татар тілдері ана тілі ретінде оқытыла бастады және олар оқу жоспарына енгiзiлдi. Барлық мектептер ағылшын, француз, араб тілдерін міндетті пән ретінде оқытуға кірісті. Осы жылдардагы мектептегі түбірлі өзгеріс кеңес мектептерiне тән идеологиялық бiрсарындылықтан арылды. Қазақстан тарихы мен мәдениетi толық, жүйелі түрде оқытыла бастады. Қайта құру мен тәуелсіздік тұсында ғана жұртшылық сталинизмнiң қорқынышты жылдарынын шындығы, ұжымдастыру кезендегі миллиондаған адамның қырылу трагедиясы, Екінші дүниежүзілік соғыстың ақиқаты туралы нақты мағлұмат ала алды.
1991 жылдан бастап жаңа үлгідегі мектептер мен арнаулы орта оқу орындары: лицейлер, гимназиялар, кәсіптік-техникалық мектептер, кол- ледждер ашылды. Жекеменшік мектептер мен колледждердің көптеп ашылып, олардың табысты жұмыс істеп жатқанына қарамастан, 1995 жылғы Конституцияда: «Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу мiндеттi», - деп атап көрсетілді. 1999 жылғы маусымда қабылданған «Білім туралы» Заң жалпы білім беретін мектептердегi оқытуды үш сатылық етiп бөлді: бастауыш (1-4-сыныптар), негізгі (5-9-сыныптар). орта (10-11-сыныптар). Мамандардың пікірінше, бұлайша бөлу оқушылардың білімді меңгеру қабiлеттерiн толық аша түседі. Дарынды балаларға көмектесу үшін арнайы «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, осы бағдарлама шеңберінде барлық облыс орталықтарында мектеп-интернаттар ашылды. Мұндай жүйенi құру, шынында да, жоғары және арнаулы білім алу үшін дарынды жастарды іріктеп алуға мүмкіндік берді.
1996 жылдың соңында шетелдердегі отандастарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары белгiлендi. Бағдарлама оралмандар мен олардың балаларын қазiргi заманғы мектептерде оқыту және білімін жетілдіру мақсатын көздеді. Әлемдік өркениет жетістіктерін жылдам игеру мақсатынада 1997 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 2001 жылға қарай мектептердегі компьютерлендіру үдерісі және білім беру ісін басқаруды ақпараттандыру жүйесінің бірінші кезеңі аяқталды.
2009 жылы қаңтар айында Астанада Тұңғыш Президенттің бірінші интеллектуалдық мектебі ашылды.
2006 жылы мектептерді лингафондық мультимедиа кабинетімен және физика кабинетімен жабдықтау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден 6 миллиард теңге қаржы бөлінді.
2009 жылы 100 мектеп бағдарламасы бойынша жаңа мектептер мен балабақшалар салынды, мыңдаған мектептерге жөндеу жұмыстары жүргізiлдi.

Азия даму банкі ұйымдастырған халықаралық зерттеуінің нәтижесiнде Қазақстан Азия елдерi iшiнде бiлiм беру индексі бойынша 1-орынды иеленді.


Еліміз тәуелсiздiк алысымен бiлiм саласындагы маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі - жаңа буын окулықтарын әзірлеп, шығаруға кірісті. Жаңа буын оқулықтарын жазуға, оқу құралдарын дайындау iсiне республикамызға белгілі мамандар мен ғалымдар, әдіскер мұғалімдер, тәжiрибелi ұстаздар және білікті баспагерлер мен полиграфистер тартылған. Осы ұжымдық еңбектің жемісі саналатын отандық төл оқулықтар мен оқу құралдары Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен жарық көруде.


Қазақстандық жаңа буын оқулықтары тәуелсiздiктiң бiр белгiсi, демократиялық даму жолына түскен халықтың өршіл рухын бейнелейдi. Бүгінгі күнгі технологиялық талаптардын бәріне толық сай келетiн кұнды басылымдар.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында елiмiздiң әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кiру мiндетiн койды. Ел экономикасының қарқынды дамуы білім беру жүйесіне тікелей байланысты. Мемлекет басшысының 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76,79, 89-қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Білім және ғылым министрлiгi жаңаша білім мазмұнына кезең-кезеңімен көшу жұмыстарын жүргізді.


90-жылдардын басынан бастап жекеменшік жоғары оқу орындары да ашыла бастады. 2003 жылдың басына қарай республикада 127 жоғары оқу орны болып, оларда 257 мың студент оқыды. Дегенмен студенттердің дені мемлекеттік жоғары оку орындарында бiлiм алды. Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен жоғарғы кәсіби білікті мамандар дайындайтын сегiз жоғары оқу орнына ерекше мәртебе берiлдi. Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері өз сұраныстары үшін маман кадрлар дайындауға кiрiстi. Республиканың жоғары оқу орындары осылайша бiртiндеп нарықтық қатынастарға бейімделіп қайта құрылды. Жоғары оқу орындарына түскенде жемқорлыққа жол бермеу, талапкерлердің бәріне бірдей жағдай жасау мақсатымен 1999 жылдан бастап арнайы гранттар мен несиелер бөліне бастады. Қабылдау комис- сиялары талапкерлер бiлiмiн тест тапсырмалары арқылы анықтауға кірісті. 2004 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізілді.


Студенттер оқу ақысын төлеу үшін инвестициялық немесе депозиттік банктерден несие ала бастады.
Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы «Назарбаев университеті» құрылды. Ол зерттеу университеті ретінде жоғары білімнін көшбасшысы болуға бағытталған. Университетте білім беру ағылшын тілінде жүргізіледі. Профессорлық-оқытушылық және ғылыми-зерттеушілік құрам шетелдік тәжірибелі профессорлармен, сонымен қатар шетелде білім алып келген, тағылымдамадан өткен және шет тілдерді меңгерген отандық ғалымдардан тұрады.
1993 жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы белгіленді. 1994 жылы алғаш рет 187 қазақстандық студент әлемнің 14 елінің жоғары оқу орындарына аттанды. Кеңестен кейiнгi кеңістіктегі мемлекеттер тарихында бірінші рет талантты жастардың мемлекет есебінен шетелдерде білім алуына мүмкіндік туды.

«Болашақ» бағдарламасының түлектері мемлекеттік қызметте, білім және денсаулық сақтау жүйесінде, ұлттық компанияларда қызмет етуде. 2008 жылы 30 қаңтарда Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Болашақ» халықаралық стипендианттарының екінші форумы өтті.


Қазақстан ғылымы дамуының жаңа кезеңі Ғылым мен жаңа технологиялар министрлiгi құрылған 1992 жылдан басталды. 1993 жылы бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар жаппай сынақтан өткізілді. Мұндай тәсіл ғылымның болашағы зор салаларын анықтауға, маңызды ғылыми орталықтарға нақты көмек беруге мүмкіндік жасады. Университеттерде қазіргі заман талаптарын қанағаттандыра алатын жаңа мамандықтар ашылды. Ғылымға жаңа - әлеуметтанушы, саясаттанушы, мәдениеттанушы кадрлар келді, компьютерлік техника, ақпараттық технологиялар, бизнес пен экономика саласы бойынша мамандар дайындала бастады. Жоғары Аттестациялық комиссия кайта құрылып, ғылыми дәреже беру шарттары қайта қаралды.

Республика ғалымдары Қазақстанның өткен кезеңін, ата тарихын зерттеуге елеулі үлес қосты. Көне заманнан бүгінге дейінгі 5 томдық Қазақстан тарихы, академик Ә.Х. Марғұланның 14 томдық еңбегі т.б. іргелі басылымдар жарық көрді.


Елбасының тапсырмасы бойынша 2013 жылы 5 маусымда Қазақстанның ұлттық тарихын жаңаша зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобынын кеңейтілген алқа отырысы өтті. Мемлекеттiк деңгейде алғаш рет ұйымдастырылған тарих ғылымының мәселелерiне арналған ғылыми жиында заман талабына сай осы ғылымның алдында тұрған мақсат пен мiндеттер сараланды. Ғылыми басқосуда Президенттің «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулерiнiң арнайы бағдарламасы тарихшылар тарапынан қолдау тапты.


2014 жылы 25 тамызда ҚР Тұңғыш Президенті Жезқазған өңiрiне жұмыс сапарымен барғанда бұқаралық ақпарат құралдарына «Ұлытау - ұлт ұясы» деп аталатын тарихи сұхбатын бердi. Ел экономикасының жағдайын талқылап, қазақ тарихының өзекті мәселелері туралы тұжырымды пікірлер айтты, қазақстандықтардың алдында тұрған рухани мұраттар, яғни тiл тағдыры, елiмiзде қалыптасып отырған діни ахуал төңірегіндегі ойларымен бөлiстi.


ЮНЕСКО бағдарламасы шеңберінде Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуы республикада кеңінен атап өтілді. 1999 жылы сәуірде Парижде осы оқиғаға арналған халықаралық ғылыми симпозиум өттi. Түркістанның 1500 жылдық мерейтойында «Қазақстан мен түркі әлемінің рухани тарихындағы Түркістан және Қожа Ахмет Ясауи» тақырыбында халықаралық ғылыми -практикалық конференция ұйымдастырылды. Оган Қазақстан мен жақын және алыс шетелдерден 200-ден аса галым мен маман қатысты. 2001 жылы 12 шiлдеде «Ғылым туралы» Заң қабылданды. 2003 жылы қазанда Ғылым академиясы жаңа заман талабына сәйкес қайта құрылды.
2007 жылы 2000 жылмен салыстырғанда Қазақстан Республикасында ғылымға бөлінетін қаржы 7 есе көбейді. 2001-2005 жылдары ҚР Үкіметінің қаулыларымен ауыл шаруашылығы саласы бойынша ғылыми -техникалық бағдарламалар бекiтiлдi.
Ғылымды дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бекітіліп, нанотехнология және биотехнология салалары бойынша iрi ұлттық зертханалар, елiмiздiң жетекшi жоо-лар жанынан инженерлік зертханалар ашылды. Қазақстан өзінің алғашқы геостационарлық байланыс және тарату негiзiнде «KazSat» серiгi жобасын жасады. 2008 жылы ғылыми жұмыстарға сараптама жасаудың сапасын арттыру мақсатында Ғылыми-техникалык ақпарат ұлттық орталығымен бiрлесiп, «Плагиат-Информ» жобалық бағдарламасы қабылданды.
Елiмiзде 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Сонымен қатар Парижде ЮНЕСКО деңгейiнде Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбында халықаралық ғылыми-көпшілік конференция ұйымдастырылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет