Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді?
|
Өмір сүрген ортасы
|
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі адамдардың айналысқан кәсібі
|
Құрал-жабдықтары
|
1.Палеолит:
Ерте палеолит (2,6 млн. – 35-40 мың жылдар аралығы)
|
Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.
|
Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін дәндерді, жеміс-жидектерді жинап, жануарларды аулаған.
|
Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады.
|
2.Кейінгі палеолит(40-35 мың жыл – 12 мың жыл аралығы)
|
Бұл адамның жер шарындағы климаттық аймақтарда кеңінен орналасу уақыты болды.
|
Осы кезде жануарлардың бейне-сипатын меңгеру арқылы оларға билік ету сенімі арқылы шыққан аңшылық магия кең тарала бастады. Аңшылық магиясының әмбебаптық құралы ретінде сол кезде алғашқы қауымдық өнер пайда болған деп пайымдалады. Оның басты тақырыбы әртүрлі жануарларды бейнелеу, ою-өрнек және мүсіндеу (скульптура) болған.
|
Қарапайым тас адам қолданған алғашқы қару-жарақ түрі екені сөзсіз, кейінірек олар тастарды қырып, қырып алу үшін сол тастарды қайрай бастады. Осылайша пышақтар мен қол балталары дүниеге келді.
|
3.Мезолит (б.з.д. 12-5 мыңжылдықтар)
|
Мезолит дәуіріндегі адамдар үнемі жайылымдарын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді. Аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің бойын мекендеген.
|
Ғалымдар мезолит дәуірінің ерекшеліктері ретінде жануарларды қолға үйрету мен дәнді дақылдар өсіруді айтады. Терімшіліктің дамуы алғашқы қауымдық егіншілікке алып келді. Адамдар жерге жабайы өсімдіктер еге бастады. Аң аулаудан мал өсіру қалыптасты.
|
Сегмент, трапеция, үшбұрыш түріндегі ұзындығы 1 — 2 сантиметр геометриялық шақпақтас құралдары шыға бастады. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы — садақ пен жебе пайда болды.
|
4.Неолит(б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар)
|
Усть-Нарым (Шығыс Қазақстан), Қарағанды, Зеленая Балка (Орталық Қазақстан), Пеньки (Солтүстік Қазақстан). Бұл тұрақтар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналасқан және жаңа тас ғасырының соңғы кезі – б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады.
|
Малшылық пен егіншілік,қыш құмыра жасау, тоқымашылық дамиды.
|
Тас балталар, шоттар, дәнүккіштер, келі, келсаптар жасала бастады.
|