Қазақстан тарихынан жаңа сұрақтар. Жоңғар шапқыншылығынан зардап шеккен аймақ: Жетісу 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған»



бет1/3
Дата15.09.2017
өлшемі391,48 Kb.
#33591
  1   2   3

100ballov.kz

Қазақстан тарихынан жаңа сұрақтар.


  1. Жоңғар шапқыншылығынан зардап шеккен аймақ: Жетісу

  2. 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы: Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді

  3. 1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға: «Қалмақ қырылған»

  4. Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары: Сәмеке мен Әбілқайыр

  5. Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы:1724-1725жылы

  6. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: 1731жылы

  7. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша: Анна Иоанновна

  8. XVIII ғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы:Әбілқайыр хан

  9. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Құндағұлұлы, Қоштайұлы

  10. 1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны: 29 старшын

  11. 1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс-Ор

  12. 1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы : В.Татищев

  13. Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген:Барақ сұлтан

  14. Орынбор қаласының салынуы-1743 жылы

  15. 1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты:Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу

  16. 1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан: Қайып сұлтан

  17. XVIII ғ. 50 ж. Солтүстік – Шығыс Қазақстандағы ұзындығы 723 верст болатын шеп: Колыван шебі

  18. XVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары:Семей,Өскемен,Бұқтырма

  19. 1766 жылы Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі:Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу

  20. 1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына ресми шек қойды: Жайық жағалауына мал жаюға

  21. Жайық бойында қазақтарға мал жаюға патша өкіметі алғаш рет шек қойды:1756 жылы

  22. 1766 жылы Екатерина патшадан Түркістан арқылы өтетін ірі керуендерді Семей, Жәміш бекіністерінде қабылдауға рұқсат алған хан:Әбілмәмбет

  23. 1741-1743 ж. Абылай сұлтан тұтқында болды: Жоңғарияның

  24. 1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер: Әбілпайыз

  25. Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып,қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан:Абылай

  26. Абылайдың бас мирасқоры:Уәли

  27. XVIIІ ғасырда шығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арналған халық ауыз әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі:Ақтамберді

  28. «Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы:П.Рычков

  29. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі болған жылдар: 1773-1775 жж.

  30. Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері:Кіші және Орта жүз

  31. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына түрткі болған:Жер мәселесі

  32. Е.Пугачевті ашық қолдап, оған қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны:Досалы

  33. Е.Пугачев көтерілісінде басты күш қазақтардан құралып, басып алған бекініс:Кулагин

  34. 1773 жылы 17-18 қарашада Усиха өзені бойында Пугачевке жолыққан Нұралы ханның арнайы өкілі:Зәбір

  35. Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев көтерілісіне қатысуын Нұралы хан қалай түсіндірді:Қазақтардың өзіне бағынбай кетуінен

  36. Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан батыр: Сырым

  37. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде Кіші жүз қазақтары қатысқан ұрыстар: Жайықты қоршауға, Кулагинді алуға

  38. Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылы қазан айында шабуыл жасау үшін жиналған бекінісі:Пресногорьковск

  39. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысын ашық қолдаған қазақ сұлтаны:Досалы

  40. С.Датұлы старшын болған ру:Байбақты

  41. 1802 жыл С.Датұлы қаза болған жер:Хиуа хандығы

  42. 1797 жылы Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан:Айшуақ

  43. 1797 жылы 17 наурызда С.Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады:Хан сарайына

  44. 1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды:Ералы

  45. С.Датұлы бастаған көтерілісі созылды:14 жылға

  46. Сырым Датұлы көтерілісінің нәтижесі:Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді

  47. 1797 жылы Сырым Датұлын қудалаған Кіші жүз билеушісі:Қаратай

Орынбор әкімшілігінің Сырымды өзіне тарту үшін жасаған әрекеті: Хандық билікке қарсы С.Датұлы мен барон Игельстромның көзқарастары ортақ болды

  1. Кіші жүзде хандық билікті жойып, отаршылдықты күшейту туралы реформаның жобасын дайындаған:барон Игельстром

  2. Бөкей Ордасының территориясы:Еділ мен Жайықтың аралығы

  3. Ішкі Ордадағы хан сарайы орналасты:Жасқұста

  4. Ішкі Ордада «Хандық кеңес» құрылған жыл:1827 жыл

  5. 1836-1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтерілістің басты қозғаушы күші: шаруалар

  6. ХІХ ғасырдың І жартысында Кіші жүздің территориясы қамтыған алқап: 850 000 шақырым

  7. Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді: Махамбеттің өлеңдерінде

  8. 1836-1838 жылдары көтеріліс бойынша сот жазалау ісін басқарған: полковник Геке

  9. Исатай көтерілісін тездетіп басуға әсер еткен жағдай:Кенесары қозғалысының Кіші жүзді шарпуы

  10. Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері: 1000 сом

  11. 1837 жылы қазанның 15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын ойрандады: Балқы бидің

  12. Бөкей Ордасындағы 1842 жылғы көтерілістің басшылары:А.Қошайұлы мен Л.Мантайұлы

  13. 1836 жылы Кенесарының ағасы Саржан өлтіруге бұйрық берген хан: Хиуа ханы

  14. К.Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды:Үш жүзді

  15. Кенесары көтерілісіне қатысқан сұлтан, би, старшындар саны:80 нен астам

  16. 1845 жылы Кенесары ауылына келген патша елшілері:Долгов пен поручик Герн

  17. Кенесары және оның Қоқанға қарсы күресін қолдаған Ұлы жүз батырлары: Тайшыбек, Саурық, Сұраншы

  18. Кенесарының соңғы шайқасы өткен жер:1847 жылы Майтөбеде

  19. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында Сыр өзені бойында бекініс тұрғызған мемлекет:Хиуа хандығы

  20. Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған белгілі батыр, Амангелдінің атасы:Иман батыр

  21. Көтеріліс барысында Кенесарыға одақ жасауды ұсынған хан:Қоқан ханы

  22. Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді:хандық сотты

  23. Кенесары хандық билікті қолына алған жыл:1841 жылы

  24. Кенесары Қасымұлы ерекше көңіл бөлген шаруашылық саласы:егіншілік

  25. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің негізгі мақсаттарының бірі:Патша өкіметінің қазақ жерін отарлауын тежеу

  26. Сыр бойы қазақтарының XIX ғасырдың 50 жылғы азаттық күресін басқарған: Ж.Нұрмұхамедұлы

  27. Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл:1843 жыл

  28. XIX ғасырдың 50 жылдарында Арал теңізінің солтүстік жағалауында көтерілісті бастаған:Есет батыр

  29. Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан:Арыстан Жантөреұлы

  30. 1868-1869 жылдардағы қазақ шаруаларының көтерілісі болған облыстар:Орал, Торғай

  31. XIX ғасырдың ІІ жартысында «Уақытша ережеге» сәйкес енгізілген міндетті салық:Шаңырақ салығы

  32. XIX ғасырдың 60 жылдарында «Уақытша Ереже» бойынша шаңырақ салығының мөлшері көбейді: 1 сомнан 3 сомға дейін

  33. 1869 жылы көтерілісшілер 20000 қолмен фон Штемпельдің әскеріне шабуыл жасаған жер:Жамансай көлі маңында

  34. 1869 жылы наурыз, маусым айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға қарсы жасаған шабуылдарының саны: 41

  35. 1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген оқиға:Подполковник Рукиннің отрядының талқандалуы

  36. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің жеңілуіне байланысты Хиуа хандығына көшіп кеткен адай қазақтары шаңырақтарының саны: 3000

  37. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі:Қазақ жалдамалы жұмысшыларының қатысуы

  38. 1870 жылы мамырда Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін қосымша жазалаушы келді: Кавказдан

  39. 1870 жылы Маңғыстауда болған көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болу себебі:Адайлықтардың арасында рулық-патриархалдық құбылыстар сақталып қалды

  40. «Бұларды келістіріп жазалау керек» деген соғыс министрі Милютиннің сөзі аталған көтеріліске қатысты айтылды:Маңғыстау көтерілісі

  41. XIX ғасырдың І жартысында Қазақстан экономикасындағы ірі өзгеріс:Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің пайда болуы

  42. Тау-кен өндірісіне жұмысқа жалданған кедей қазақ-орыс еңбекшілері аталды: Жатақтар

  43. Қазақ жеріндегі тұңғыш сауда жәрмеңкесі Бөкей ордасында ашылды:1832 жылы

  44. 1822 жылы «Сібір қазақтарының Жарғысының» басты мақсаты:Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту

  45. «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша мұрагерлік жолмен тағайындалды: Болыс сұлтаны

  46. 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша 12 класқа жататын шенеуніктерге теңелді:Болыс сұлтандар

  47. «Сібір қазақтарының Ереже» бойынша ауыл:50-70 шаңырақтан

  48. «Сібір қазақтарының Ереже» бойынша болысқа кіретін ауыл саны:10-12 ауыл

  49. «Сібір қазақтарының Ереже» бойынша аға сұлтанды сайлаушылар:Тек сұлтандар

  50. 1822 жылғы «Жарғы» бойынша қылмыстық істер қаралатын орган: округтік приказ

  51. 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша аға сұлтанға 10 жылғы еңбегі үшін берілген атақ: Дворян

  52. Бөкей Ордасында хандық билік сақталды:1845 жылға дейін

  53. «Орынбор қазақтарының Жарғысы» шықты:1824 жылы

  54. XIX ғасырдың 60 жылдарында Қазақ жерін басқару жүйесін өзгерту үшін құрылған «Дала комиссиясын» басқарған: Ф.Гирс

  55. 1865 жылы 5 маусымда ІІ Александрдың бұйрығымен жүзеге асырылған:Қазақ жерін зерттеу сұрақтарын дайындау

  56. Әкімшілік басқару жүйесіне өз пікірлерін ұсынған қазақтың ағартушы-ғалымы:Ш.Уалиханов

  57. «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару» туралы Ереже бекітілген жыл: 1867 ж. 11 шілде

  58. «Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже бекітілген жыл:1868 жылы 21 қазан

  59. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар басқарды:Облысты

  60. 1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес әр болыстың құрамындағы ауылдардың ішіндегі шаңырақ саны:100-200

  61. 1867-1868 жылғы «Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны:Билер мен қазылар соты

  62. 1867-1868 жылғы «Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны – билер мен қазылар сотын бекіткен:Әскери губернатор

  63. 1867-1868 жылғы «Ережелердің» ең басты ауыртпалықтары: Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болып жарияланды

  64. 1867-1868 жылдары бойынша облыстық басқармалары мынадай бөлімнен тұрды: Шаруашылық, сот, жарлықты іске асыру

  65. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша салықтан босатылғандар:Шыңғыс тұқымдары

  66. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс: Сырдария

  67. 1867-1868 жылғы «Ережеден» кейін Қазақстанның Закаспий облысына өткен жері:Маңғыстау приставтығы

  68. 1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес Иранмен, Қытаймен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берген әкімшілік:Түркістан генерал-губернаторлығы

  69. 1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес қазылар соты сақталған аймақ:Сырдария облысы

  70. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша облыстар бөлінген әкімшілік буыны: Уезд

  71. XIX ғасырдың 60 жылдары қазақ өлкесін реформалауға байланысты Ш.Уалиханов айтқан пікір:Халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті

  72. 1872 жылдан бастап Бөкей Ордасының жері қараған әкімшілік аймақ: Астрахань губерниясы

  73. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Ақмола, Семей облыстары кіретін генерал-губернаторлық: Батыс-Сібір

  74. 1867-1868 жылғы Ережеге сәйкес уезд бастығын тағайындайтын басшы: генерал-губернатор

  75. XIX ғасырдың 60 жылдарында И.И.Бутков ұсынған жоба бойынша қазақ өлкесі мынадай облыстарға бөлінуі тиіс болатын:Батыс, Шығыс

  76. Г.А.Колпаковскийдің ұсынысымен «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже қабылданған жыл: 1868 жылы

  77. 1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруаларға берілген жеңілдік: Салықтардан үш жылға босатылды

  78. «Шаруалардың Жетісуға қоныс аударуы туралы уақытша ережені» қабылдауға ұсыныс жасады: Колпаковский

  79. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке:Жетісу

  80. 1884-98 жылдары Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде құрылған орыс-қазақ қоныстарының саны:37

  81. ХІХ ғасырдағы көшпелі қазақтарда отырықшылықтың кең тарауына себепші болған: Орыс, украин шаруаларының қоныстануы

  82. Хиуа ханы Мұхамед-Рахымның қазақтарға жасаған жойқын шабуылы:1820 жылы

  83. Хиуа ханы қаңыратып кеткен қазақ ауылдарының саны:2000 жуық ауыл

  84. 1817 жылы Сүйік Абылайханұлының патша үкіметіне жасаған мәлімдемесі: Қарамағындағы рулардың Ресей құрамына өтуді қалауы

  85. 1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Ұлы Жүздегі шаруалар көтерілісін басқарған:Тентектөре батыр

  86. Ресей бодандығын 1817 жылы бірінші болып қабылдаған Ұлы жүздің руы:Жалайыр

  87. Қапал бекінісі салынды:1847 жылы

  88. Ұлы Жүзді басқаратын пристав тағайындалған жыл: 1848 жылы

  89. 1825 жылы өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы Жүздің руы:Үйсін

  90. Ресейдің экономикалық және саяси мүдделеріне орай көз тіккен аймақтары: Жетісу мен Іле өңірі

  91. Қаскелең өзені бойындағы Қоқан хандығының бекінісі: Таушүбек

  92. Ұлы Жүздегі Қоқан хандығының тірегі Таушүбек бекінісін орыс әскерлерінің қантөгіссіз басып алған жылы:1851 жылы 7 шілде

  93. 1853 жылы Ресейдің қол астына алынған қоқандықтардың бекінісі:Ақмешіт

  94. 1854 жылы көктемде құрылған бекініс:Верный

  95. Ұлы Жүздің приставтығы Қапалдан Верныйға ауыстырылған жыл:1855 жыл

  96. ХІХ ғасрдың 60 жылдары Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы: Ш.Уалиханов

  97. Кенесарының баласы Сыздық бастаған топ қарсы күресті: Ресей патшасына

  98. 1860 жылы 19-21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері шайқасқан жер: Ұзынағаш

  99. 1860 жылғы Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы:Жетісудың Қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті

  100. Верный бекінісінің негізін қалаған отрядты басқарған:М.Перемышельский

  101. Ресейден Верныйға қоныс аударушылар арасында аталған облыстан шыққандар басым болды: Воронеж облысы

  102. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары Орта Азия үшін Ресейдің басты бәсекелесі: Англия

  103. 1864 жылы көктемде Ресей үкіметі басып алған бекініс:Түркістан

  104. Орта Азияның ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерлерінің басып алған жылы: 1865 жыл

  105. 1866 жылдың басында орыс әскерлері басып алған Орта Азия хандығы:Бұқар хандығы

  106. 1868 жылы қаңтар айында келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты жерлер аталмыш генерал-губернаторлыққа бағындырылды:Түркістан

  107. 1812 ж. Отан соғысы кезінде ел достығы рухын көтеруге ат салысып, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған старшын: Б.Тілекұлы

  108. Бородино шайқасындағы ерлігі үшін күміс медалмен марапатталған жауынгер: Майлыбайұлы

  109. Веймар, Ганау және Майнадағы Франкфурт қалалары түбінде ерлікпен шайқасты: Жанжігітұлы, Байбатырұлы

  110. 1837 жылы Александр княздің патшалық қабылдауында болған 1812 жылы Отан соғысына қатысқан жауынгер: Н.Жанжігітұлы

  111. Тұз өндіруші қазақтардың 1812 жылғы соғыс кезінде орыс әскерлеріне жинаған қаржы мөлшері:22 000 сом

  112. 1805-1806 жылдары Ресейдің Ю.Головкин бастаған елшілігіне сауда байланыстарын реттеу міндеті жүктелген мемлекет: Қытай

  113. Найман руының сұлтаны Құдаймендінің Петербургке баласы Ғабдолланы жіберудегі мақсаты:Жәміш бекінісі арқылы Шыңжаңға керуен тартуға рұқсат сұрау

  114. ХІХ ғасырдың басында Қытай көпестерінің сауда жасайтын орталықтарының бірі: Бұқтырма

  115. ХІХ ғасырдың басында Қытайға өтетін сауда керуендерінің тоналуына шек қою мақсатында үкімет қабылдаған шешім:Қарулы казактар бөлінді

  116. ХІХ ғасырдың І ширегінде Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарда басты роль атқарған Қазақстан қалалары: Петропавл, Семей

  117. Ресейдің Шыңжаңның базар-жәрмеңкелерінде сатылатын тауарлары:өнеркәсіптік дайын бұйым

  118. ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстан арқылы Тибетпен байланыс жасауға бастама көтеріп, зор мән берген: Генерал-лейтенант Г.Глазенап

  119. Бірде-бір адам аяғы баспаған «Үлкен Тибетке» жеткен грузин көпесі: С.Мадатов

  120. Кашмирде болып, 250 кашмир шәлісін Қазақстанға жеткізген көпес: С.Мадатов

  121. Қазақстанның шекаралық бекіністері арқылы өтетін керуендерге баж салығы көбейтілген мерзім: ХІХ ғ. 30 жылдары

  122. ХІХ ғасырда Қазақстанда жәрмеңкенің басты дамыған өңірі:Ақмола облысы

  123. 1897 жылғы халық санағы бойынша халық ең көп қоныстанған ірі қалалар: Орал, Верный

  124. 1851 жылға дейін Ресей мен Цин империясы арасындағы сауда байланыстары осы қала арқылы жүзеге асырылды:Кяхта

  125. Ресей мен Қытай арасындағы Құлжа келісіміне қол қойылды:1851 жылы

  126. 1855 жылы Шыңжаң мен Қазақстанның сауда байланыстарының уақытша тоқтатылу себебі:Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындары талан-таражға салынды

  127. 1881 жылы Ресей мен Қытай арасында болған шарт:Петербург келісімі

  128. ХІХ ғасырдың 2 жартысындағы орыс-қытай экономикалық қатынасындағы белді оқиға: Іле су жолының ашылуы

  129. 1883 жылы ашылған Іле су жолының Шыңжаңдағы соңғы нүктесі:Сүйдін

  130. Ресейдегі Ірбіт жәрмеңкесі, Қазақстандағы Қоянды жәрмеңкесі сияқты ХІХ ғасырдың соңында Жетісуда ерекше көзге түскен жәрмеңке:Қарқара

  131. 1890 жылы Шыңжанмен сауданы дамыту үшін ашылған сауда округі: Семей сауда округі

  132. 1891 жылы «Ережеге» сай құрылған жергілікті мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны: Халық соттары

  133. 1891 жыл 25 наурыздағы Ереже бойынша құрылған Дала генерал-губернаторлығына кірген облыстар: Ақмола, Семей, Жетісу

  134. ХІХ ғасырдың аяғында өз еркімен өндіріс орындарын тастап кеткен жұмысшыларға қолданылатын жаза: 3 ай абақтыға жабу

  135. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудару себебі: Цинь өкіметі қысым көрсетті

  136. Ұйғыр халқының дүние жүзілік мәдениет қорына жататын туындысы: «Он екі мұқам»

  137. А.С.Пушкин Оралда қағазға түсірген поэма: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»

  138. 1841 жылы татарша-орысша білім беретін мектеп ашылған хандық:Кіші Орда

  139. ХІХ ғасырдың І жартысында Каспий теңізінің жағалауын зерттеген ғалым: Г.Карелин

  140. Шаруалар толқуына қатысқаны үшін Махамбет қамауда отырған жыл: 1829 жылы

  141. 1824-1829 жылдары М.Өтемісұлы тұрған қала: Орынбор

  142. ХІХ ғасырдың І жартысындағы Қазақстан жайлы құнды еңбектер жазған орыс ғалымы:

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет