Жоңғар шапқыншылығынан зардап шеккен аймақ: Жетісу
1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы: Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді
1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға: «Қалмақ қырылған»
Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары: Сәмеке мен Әбілқайыр
Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы:1724-1725жылы
Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: 1731жылы
Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша: Анна Иоанновна
XVIII ғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы:Әбілқайыр хан
Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Құндағұлұлы, Қоштайұлы
1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны: 29 старшын
1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс-Ор
1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы : В.Татищев
Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген:Барақ сұлтан
Орынбор қаласының салынуы-1743 жылы
1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты:Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу
1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан: Қайып сұлтан
XVIII ғ. 50 ж. Солтүстік – Шығыс Қазақстандағы ұзындығы 723 верст болатын шеп: Колыван шебі
XVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары:Семей,Өскемен,Бұқтырма
1766 жылы Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі:Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу
1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына ресми шек қойды: Жайық жағалауына мал жаюға
Жайық бойында қазақтарға мал жаюға патша өкіметі алғаш рет шек қойды:1756 жылы
1766 жылы Екатерина патшадан Түркістан арқылы өтетін ірі керуендерді Семей, Жәміш бекіністерінде қабылдауға рұқсат алған хан:Әбілмәмбет
1741-1743 ж. Абылай сұлтан тұтқында болды: Жоңғарияның
1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер: Әбілпайыз
Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып,қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан:Абылай
Абылайдың бас мирасқоры:Уәли
XVIIІ ғасырда шығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арналған халық ауыз әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі:Ақтамберді
«Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы:П.Рычков
Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі болған жылдар: 1773-1775 жж.
Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері:Кіші және Орта жүз
Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына түрткі болған:Жер мәселесі
Е.Пугачевті ашық қолдап, оған қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны:Досалы
Е.Пугачев көтерілісінде басты күш қазақтардан құралып, басып алған бекініс:Кулагин
1773 жылы 17-18 қарашада Усиха өзені бойында Пугачевке жолыққан Нұралы ханның арнайы өкілі:Зәбір
Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев көтерілісіне қатысуын Нұралы хан қалай түсіндірді:Қазақтардың өзіне бағынбай кетуінен
Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан батыр: Сырым
Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде Кіші жүз қазақтары қатысқан ұрыстар: Жайықты қоршауға, Кулагинді алуға
Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылы қазан айында шабуыл жасау үшін жиналған бекінісі:Пресногорьковск
Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысын ашық қолдаған қазақ сұлтаны:Досалы
С.Датұлы старшын болған ру:Байбақты
1802 жыл С.Датұлы қаза болған жер:Хиуа хандығы
1797 жылы Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан:Айшуақ
1797 жылы 17 наурызда С.Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады:Хан сарайына
1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды:Ералы
С.Датұлы бастаған көтерілісі созылды:14 жылға
Сырым Датұлы көтерілісінің нәтижесі:Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді
1797 жылы Сырым Датұлын қудалаған Кіші жүз билеушісі:Қаратай
Орынбор әкімшілігінің Сырымды өзіне тарту үшін жасаған әрекеті: Хандық билікке қарсы С.Датұлы мен барон Игельстромның көзқарастары ортақ болды Кіші жүзде хандық билікті жойып, отаршылдықты күшейту туралы реформаның жобасын дайындаған:барон Игельстром
Бөкей Ордасының территориясы:Еділ мен Жайықтың аралығы
Ішкі Ордадағы хан сарайы орналасты:Жасқұста
Ішкі Ордада «Хандық кеңес» құрылған жыл:1827 жыл
1836-1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтерілістің басты қозғаушы күші: шаруалар
ХІХ ғасырдың І жартысында Кіші жүздің территориясы қамтыған алқап: 850 000 шақырым
Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді: Махамбеттің өлеңдерінде
1836-1838 жылдары көтеріліс бойынша сот жазалау ісін басқарған: полковник Геке
Исатай көтерілісін тездетіп басуға әсер еткен жағдай:Кенесары қозғалысының Кіші жүзді шарпуы
Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері: 1000 сом
1837 жылы қазанның 15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын ойрандады: Балқы бидің
Бөкей Ордасындағы 1842 жылғы көтерілістің басшылары:А.Қошайұлы мен Л.Мантайұлы
1836 жылы Кенесарының ағасы Саржан өлтіруге бұйрық берген хан: Хиуа ханы
К.Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды:Үш жүзді
Кенесары көтерілісіне қатысқан сұлтан, би, старшындар саны:80 нен астам
1845 жылы Кенесары ауылына келген патша елшілері:Долгов пен поручик Герн
Кенесары және оның Қоқанға қарсы күресін қолдаған Ұлы жүз батырлары: Тайшыбек, Саурық, Сұраншы
Кенесарының соңғы шайқасы өткен жер:1847 жылы Майтөбеде
ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында Сыр өзені бойында бекініс тұрғызған мемлекет:Хиуа хандығы
Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған белгілі батыр, Амангелдінің атасы:Иман батыр
Көтеріліс барысында Кенесарыға одақ жасауды ұсынған хан:Қоқан ханы
Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді:хандық сотты
Кенесары хандық билікті қолына алған жыл:1841 жылы
Кенесары Қасымұлы ерекше көңіл бөлген шаруашылық саласы:егіншілік
Кенесары Қасымұлы көтерілісінің негізгі мақсаттарының бірі:Патша өкіметінің қазақ жерін отарлауын тежеу
Сыр бойы қазақтарының XIX ғасырдың 50 жылғы азаттық күресін басқарған: Ж.Нұрмұхамедұлы
Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл:1843 жыл
XIX ғасырдың 50 жылдарында Арал теңізінің солтүстік жағалауында көтерілісті бастаған:Есет батыр
Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан:Арыстан Жантөреұлы
1868-1869 жылдардағы қазақ шаруаларының көтерілісі болған облыстар:Орал, Торғай
XIX ғасырдың ІІ жартысында «Уақытша ережеге» сәйкес енгізілген міндетті салық:Шаңырақ салығы
XIX ғасырдың 60 жылдарында «Уақытша Ереже» бойынша шаңырақ салығының мөлшері көбейді: 1 сомнан 3 сомға дейін
1869 жылы көтерілісшілер 20000 қолмен фон Штемпельдің әскеріне шабуыл жасаған жер:Жамансай көлі маңында
1869 жылы наурыз, маусым айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға қарсы жасаған шабуылдарының саны: 41
1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген оқиға:Подполковник Рукиннің отрядының талқандалуы
1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің жеңілуіне байланысты Хиуа хандығына көшіп кеткен адай қазақтары шаңырақтарының саны: 3000
1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі:Қазақ жалдамалы жұмысшыларының қатысуы
1870 жылы мамырда Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін қосымша жазалаушы келді: Кавказдан
1870 жылы Маңғыстауда болған көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болу себебі:Адайлықтардың арасында рулық-патриархалдық құбылыстар сақталып қалды
«Бұларды келістіріп жазалау керек» деген соғыс министрі Милютиннің сөзі аталған көтеріліске қатысты айтылды:Маңғыстау көтерілісі
XIX ғасырдың І жартысында Қазақстан экономикасындағы ірі өзгеріс:Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің пайда болуы
Тау-кен өндірісіне жұмысқа жалданған кедей қазақ-орыс еңбекшілері аталды: Жатақтар
Қазақ жеріндегі тұңғыш сауда жәрмеңкесі Бөкей ордасында ашылды:1832 жылы
1822 жылы «Сібір қазақтарының Жарғысының» басты мақсаты:Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту
«Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша мұрагерлік жолмен тағайындалды: Болыс сұлтаны
1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша 12 класқа жататын шенеуніктерге теңелді:Болыс сұлтандар
«Сібір қазақтарының Ереже» бойынша ауыл:50-70 шаңырақтан
«Сібір қазақтарының Ереже» бойынша болысқа кіретін ауыл саны:10-12 ауыл
«Сібір қазақтарының Ереже» бойынша аға сұлтанды сайлаушылар:Тек сұлтандар
1822 жылғы «Жарғы» бойынша қылмыстық істер қаралатын орган: округтік приказ
1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша аға сұлтанға 10 жылғы еңбегі үшін берілген атақ: Дворян
Бөкей Ордасында хандық билік сақталды:1845 жылға дейін
«Орынбор қазақтарының Жарғысы» шықты:1824 жылы
XIX ғасырдың 60 жылдарында Қазақ жерін басқару жүйесін өзгерту үшін құрылған «Дала комиссиясын» басқарған: Ф.Гирс
1865 жылы 5 маусымда ІІ Александрдың бұйрығымен жүзеге асырылған:Қазақ жерін зерттеу сұрақтарын дайындау
Әкімшілік басқару жүйесіне өз пікірлерін ұсынған қазақтың ағартушы-ғалымы:Ш.Уалиханов
«Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару» туралы Ереже бекітілген жыл: 1867 ж. 11 шілде
«Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже бекітілген жыл:1868 жылы 21 қазан
1867-1868 жж. реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар басқарды:Облысты
1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес әр болыстың құрамындағы ауылдардың ішіндегі шаңырақ саны:100-200
1867-1868 жылғы «Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны:Билер мен қазылар соты
1867-1868 жылғы «Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны – билер мен қазылар сотын бекіткен:Әскери губернатор
1867-1868 жылғы «Ережелердің» ең басты ауыртпалықтары: Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болып жарияланды
1867-1868 жылдары бойынша облыстық басқармалары мынадай бөлімнен тұрды: Шаруашылық, сот, жарлықты іске асыру
1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша салықтан босатылғандар:Шыңғыс тұқымдары
1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс: Сырдария
1867-1868 жылғы «Ережеден» кейін Қазақстанның Закаспий облысына өткен жері:Маңғыстау приставтығы
1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес Иранмен, Қытаймен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берген әкімшілік:Түркістан генерал-губернаторлығы
1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес қазылар соты сақталған аймақ:Сырдария облысы
1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша облыстар бөлінген әкімшілік буыны: Уезд
XIX ғасырдың 60 жылдары қазақ өлкесін реформалауға байланысты Ш.Уалиханов айтқан пікір:Халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті
1872 жылдан бастап Бөкей Ордасының жері қараған әкімшілік аймақ: Астрахань губерниясы
1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Ақмола, Семей облыстары кіретін генерал-губернаторлық: Батыс-Сібір
1867-1868 жылғы Ережеге сәйкес уезд бастығын тағайындайтын басшы: генерал-губернатор
XIX ғасырдың 60 жылдарында И.И.Бутков ұсынған жоба бойынша қазақ өлкесі мынадай облыстарға бөлінуі тиіс болатын:Батыс, Шығыс
Г.А.Колпаковскийдің ұсынысымен «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже қабылданған жыл: 1868 жылы
1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруаларға берілген жеңілдік: Салықтардан үш жылға босатылды
«Шаруалардың Жетісуға қоныс аударуы туралы уақытша ережені» қабылдауға ұсыныс жасады: Колпаковский
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке:Жетісу
1884-98 жылдары Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде құрылған орыс-қазақ қоныстарының саны:37
ХІХ ғасырдағы көшпелі қазақтарда отырықшылықтың кең тарауына себепші болған: Орыс, украин шаруаларының қоныстануы
Хиуа ханы Мұхамед-Рахымның қазақтарға жасаған жойқын шабуылы:1820 жылы
Хиуа ханы қаңыратып кеткен қазақ ауылдарының саны:2000 жуық ауыл
1817 жылы Сүйік Абылайханұлының патша үкіметіне жасаған мәлімдемесі: Қарамағындағы рулардың Ресей құрамына өтуді қалауы
1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Ұлы Жүздегі шаруалар көтерілісін басқарған:Тентектөре батыр
Ресей бодандығын 1817 жылы бірінші болып қабылдаған Ұлы жүздің руы:Жалайыр
Қапал бекінісі салынды:1847 жылы
Ұлы Жүзді басқаратын пристав тағайындалған жыл: 1848 жылы
1825 жылы өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы Жүздің руы:Үйсін
Ресейдің экономикалық және саяси мүдделеріне орай көз тіккен аймақтары: Жетісу мен Іле өңірі
Қаскелең өзені бойындағы Қоқан хандығының бекінісі: Таушүбек
Ұлы Жүздегі Қоқан хандығының тірегі Таушүбек бекінісін орыс әскерлерінің қантөгіссіз басып алған жылы:1851 жылы 7 шілде
1853 жылы Ресейдің қол астына алынған қоқандықтардың бекінісі:Ақмешіт
1854 жылы көктемде құрылған бекініс:Верный
Ұлы Жүздің приставтығы Қапалдан Верныйға ауыстырылған жыл:1855 жыл
ХІХ ғасрдың 60 жылдары Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы: Ш.Уалиханов
Кенесарының баласы Сыздық бастаған топ қарсы күресті: Ресей патшасына
1860 жылы 19-21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері шайқасқан жер: Ұзынағаш
1860 жылғы Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы:Жетісудың Қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті
Верный бекінісінің негізін қалаған отрядты басқарған:М.Перемышельский
Ресейден Верныйға қоныс аударушылар арасында аталған облыстан шыққандар басым болды: Воронеж облысы
ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары Орта Азия үшін Ресейдің басты бәсекелесі: Англия
1864 жылы көктемде Ресей үкіметі басып алған бекініс:Түркістан
Орта Азияның ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерлерінің басып алған жылы: 1865 жыл
1866 жылдың басында орыс әскерлері басып алған Орта Азия хандығы:Бұқар хандығы
1868 жылы қаңтар айында келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты жерлер аталмыш генерал-губернаторлыққа бағындырылды:Түркістан
1812 ж. Отан соғысы кезінде ел достығы рухын көтеруге ат салысып, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған старшын: Б.Тілекұлы
Бородино шайқасындағы ерлігі үшін күміс медалмен марапатталған жауынгер: Майлыбайұлы
Веймар, Ганау және Майнадағы Франкфурт қалалары түбінде ерлікпен шайқасты: Жанжігітұлы, Байбатырұлы
1837 жылы Александр княздің патшалық қабылдауында болған 1812 жылы Отан соғысына қатысқан жауынгер: Н.Жанжігітұлы
Тұз өндіруші қазақтардың 1812 жылғы соғыс кезінде орыс әскерлеріне жинаған қаржы мөлшері:22 000 сом
1805-1806 жылдары Ресейдің Ю.Головкин бастаған елшілігіне сауда байланыстарын реттеу міндеті жүктелген мемлекет: Қытай
Найман руының сұлтаны Құдаймендінің Петербургке баласы Ғабдолланы жіберудегі мақсаты:Жәміш бекінісі арқылы Шыңжаңға керуен тартуға рұқсат сұрау
ХІХ ғасырдың басында Қытай көпестерінің сауда жасайтын орталықтарының бірі: Бұқтырма
ХІХ ғасырдың басында Қытайға өтетін сауда керуендерінің тоналуына шек қою мақсатында үкімет қабылдаған шешім:Қарулы казактар бөлінді
ХІХ ғасырдың І ширегінде Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарда басты роль атқарған Қазақстан қалалары: Петропавл, Семей
Ресейдің Шыңжаңның базар-жәрмеңкелерінде сатылатын тауарлары:өнеркәсіптік дайын бұйым
ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстан арқылы Тибетпен байланыс жасауға бастама көтеріп, зор мән берген: Генерал-лейтенант Г.Глазенап
Бірде-бір адам аяғы баспаған «Үлкен Тибетке» жеткен грузин көпесі: С.Мадатов
Кашмирде болып, 250 кашмир шәлісін Қазақстанға жеткізген көпес: С.Мадатов
Қазақстанның шекаралық бекіністері арқылы өтетін керуендерге баж салығы көбейтілген мерзім: ХІХ ғ. 30 жылдары
ХІХ ғасырда Қазақстанда жәрмеңкенің басты дамыған өңірі:Ақмола облысы
1897 жылғы халық санағы бойынша халық ең көп қоныстанған ірі қалалар: Орал, Верный
1851 жылға дейін Ресей мен Цин империясы арасындағы сауда байланыстары осы қала арқылы жүзеге асырылды:Кяхта
Ресей мен Қытай арасындағы Құлжа келісіміне қол қойылды:1851 жылы
1855 жылы Шыңжаң мен Қазақстанның сауда байланыстарының уақытша тоқтатылу себебі:Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындары талан-таражға салынды
1881 жылы Ресей мен Қытай арасында болған шарт:Петербург келісімі
ХІХ ғасырдың 2 жартысындағы орыс-қытай экономикалық қатынасындағы белді оқиға: Іле су жолының ашылуы
1883 жылы ашылған Іле су жолының Шыңжаңдағы соңғы нүктесі:Сүйдін
Ресейдегі Ірбіт жәрмеңкесі, Қазақстандағы Қоянды жәрмеңкесі сияқты ХІХ ғасырдың соңында Жетісуда ерекше көзге түскен жәрмеңке:Қарқара
1890 жылы Шыңжанмен сауданы дамыту үшін ашылған сауда округі: Семей сауда округі
1891 жылы «Ережеге» сай құрылған жергілікті мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны: Халық соттары
1891 жыл 25 наурыздағы Ереже бойынша құрылған Дала генерал-губернаторлығына кірген облыстар: Ақмола, Семей, Жетісу
ХІХ ғасырдың аяғында өз еркімен өндіріс орындарын тастап кеткен жұмысшыларға қолданылатын жаза: 3 ай абақтыға жабу
Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудару себебі: Цинь өкіметі қысым көрсетті
Ұйғыр халқының дүние жүзілік мәдениет қорына жататын туындысы: «Он екі мұқам»
А.С.Пушкин Оралда қағазға түсірген поэма: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»
1841 жылы татарша-орысша білім беретін мектеп ашылған хандық:Кіші Орда
ХІХ ғасырдың І жартысында Каспий теңізінің жағалауын зерттеген ғалым: Г.Карелин
Шаруалар толқуына қатысқаны үшін Махамбет қамауда отырған жыл: 1829 жылы
1824-1829 жылдары М.Өтемісұлы тұрған қала: Орынбор
ХІХ ғасырдың І жартысындағы Қазақстан жайлы құнды еңбектер жазған орыс ғалымы: