Сабақтың тақырыбы: Адам құқықтары және оны қорғау.
Қазақстанда адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге
асыру және қорғау механизмдері.
Адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын сақтау және қорғау мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады.
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру және қорғау
механизмінде Қазақстан Республикасының Президенті басты орында, өйткені адам және
азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Осы қызметті жүзеге асыру
үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Адам құқықтары жөніндегі комиссия
құрылды. Оның міндеті Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі өзінің
конституциялық мәртебесін іске асыруы үшін жағдай жасау, адам құқықтары жөніндегі
заңнаманы жетілдіру болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл адам құқықтары мен
бостандықтарының мазды кепілі болып табылады. Бұл қызмет Қазақстан Республищкасы
Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" №947
Жарлығымен бекітілген. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде адамның және
азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөнінде шаралар
қабылдау
өкілеттіктері
берілген,
адамның
және
азаматтың
құқықтары
мен
бостандықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету шараларын жүзеге
асыру Үкіметтің құ- зыретіне кіреді. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
сақтау және қорғау шараларын дайындап, жүзеге асырады.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жү- зеге асыру және қорғау
механизмінде ерекше орын заңдардың және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің
қолданылуын, жедел-iздестiру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және
орындаушылық іс жүр- гізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асы- ратын
прокуратура органдарына тиесілі. Адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының сақ- талуын қадағалау беделді құқық қорғау органы ретінде
прокуратураның жалпы қадағалауының маңызды түрі болып табылады.
Азаматтық, қылмыстық және сот ісін жүргізудің өзге де заңмен бекітілген
формаларына сәйкес соттармен жү- зеге асырылатын азаматтардың құқықтарын, бостан-
дықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметі сот билі- гінің басты міндеті болып
табылады.
Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мемлекеттік механизмінде елдің
барлық аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз
ететін мемлекеттік орган ретінде Конституциялық Кеңес маңызды рөл атқарады. Негізгі заң
бойынша Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жергілікті - өкілетті органдар
- мәслихаттарға жүктелген (86-баптың 4-тармағының 5-тармақшасы).
Адвокатура
құқықтар мен бостандықтарды қорғау механизмінде ерекше орынға ие.
Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру және қорғау механизмінде үкіметтік
емес құқық қорғау ұйымдары (ҮЕҰ) үлкен міндет атқарады. Үкі. меттік емес құқық қорғау
ұйымдарына халықтың түрлі санаттарының (мүгедектердің, соғыс ардагерлерінің, жетім
балалардың, әйелдердің, зейнеткерлердің және т.б.) құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз
ету мінде- тін басты назарға алған құқықтар мен бостандықтарды қорғаумен айналысатын
қоғамдық ұйымдар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |