Қазақстандағы туризмнің даму жағдайы, мәселелері және даму болашағы



Дата31.01.2018
өлшемі110,46 Kb.
#36720
Қазақстандағы туризмнің даму жағдайы, мәселелері және даму болашағы

Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды даму үстіндегі салалардың бірі. Қазақстанда туризмнің даму тарихы жалпы әлемдік тенденциялардан ерекшеленеді. Себебі, көптеген жағдайда оның даму ерекшелігі елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктерімен анықталады.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы дамуы төмендемейтін саланың біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан - жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істейді.

Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ыкпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, қоғаамдық тамақтану кәсіпорындары, т.б.). Бұл дегеніміз - әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады.

Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор. Сонымен қатар, туризмнің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыны әлемдік ұлттық ішкі өнімнің 12%-ін құрайды, жыл сайын 1,5 млрд. ішкі және халықаралық саяхаттау тіркелді.

«Қазіргі таңда біздің елімізде туризмнің барлық түрлерін ерекше дамыту мүмкіндіктері бар, мәдени - танымдық, денсаулық (санатория), экологиялық, спорттық, экстремалды және тағы басқа, біз жыл сайын 4,5 миллион шетел азаматтарын қабылдап жылдан - жылға санын жоғарлауына үміттенеміз», - деді Н.Ә. Назарбаев XVIII дүние жүзілік туристтік ұйымдардың генассамблея сессиясының ашылуында.

Қазақстан – ұлы ел! Ол Еуразия материгінің дәл жүрегінде орналасқан, 137 - ден астам ұлт өкілдерін біріктіріп ашық, көк аспан астында тату - тәтті өмір сүруде.

Қазақстан туристік маршруты – бұл сезімдердің табиғатпен жанасуы мен ашылуы.

Қазақстан – бұл табиғаты өте әдемі, яғни өзендер мен көлдер, ыссы шөлдер және құмдар, құдайшыл жасыл көгалдарымен (оазис), тау белестерінің тәкаппар төбелері, баяғыдан пұтқа табынушылық уақыттарға өспелі ежелгі мәдениет.

Сіздің көшпелі өркениеттердің дәуіріне пайда болған ежелгі Ескі қаланың орндарға қалдықтарға тиіп кету сасады, сізге жауынгер асыл көшпенділердің мәдениеттер осыған дейін зерттелмеген әлемі ашылады.



Вас ошеломит прикосновение к остаткам древних городищ, возникших в эпоху кочевых цивилизаций, вам откроется доселе неизведанный мир культуры воинственных благородных номадов. 
Сегодня в Казахстане представлены практически все существующие виды туризма -

познавательный,

развлекательный,

спортивный,

оздоровительно-лечебный,

потребительский,

деловой,

религиозный,

этнический,

экологический

рафтинг, альпинизм, охота с беркутом и другие.
Қазақстанда туризмнің даму тарихы жалпы әлемдік тенденциялардан ерекшеленеді. Себебі, көптеген жағдайда оның даму ерекшелігі елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктерімен анықталады.

Елбасы жолдауындағы 2050-бағдарламада айтқандай «Қалыптасқан Қазақстан–мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы».

Қуатты да табысты мемлекет құру жөнінде айтып өтті.
1991 жылғы 16 желтоқсанда біз – Қазақстан халқы – егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық.

22 жыл бойы осы ұлы мерекені мақтанышпен атап өтіп келеміз.Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды.

Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.

«21 ғасырда Қазақстанның инновациялық-технологиялық дамуының базалық бағыты - ол адам әлеуетін нығайтып, интеллектуалдық ұлт құру. Осы орайда Қазақстан білім беру туризмін дамыту үшін болашағы бар ел».

Халықаралық туризмнің үлесіне жыл сайын әлемдік экспорттың 7% және қызмет көрсетудің 25-30% келеді. Халықаралық туризмнің жылдық өсуі 4,0%, ал болашақта бұл көрсеткіш көтерілмек. Туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар:

- кез-келген елде, Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстың болуы;

- туризмге тура немесе жанама салалардың және кәсіпорындардың дамуы;

- сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы;

- аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу;

- алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз етудегі шығынның болмауы;

- халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын бизнестің дамуы;

- қызмет көрсету секторының өсуі;

- елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы.

Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің туристік фирмаларымен келісім жасаған. Туризмнің дамыған аймақтары -Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары. Осы облыстардың және қалалардың туристік  фирмалары қызмет көрсетудің 88%-ін құрайды. Қазақстаннан туристердің мейлінше көп баратын елдері: Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Турция, БАЭ. Ал біздің елге келетін туристердің елдері: Ресей, Қытай, Германия, Пакистан, Полыпа және Турция. Туристерді тасымалдауда авиакомпаниялардың ролі зор. Көптеген туристер шетелдік авиакомпанияларға қызығушылығы артық болып тұр, ал ұлттық компаниялардың ролі төмен. «Эйр-Казахстан»-ның акциясы мемлекеттік меншікке өтуі болашақта ұлттық авиатасымалдаудың маңызы артады деген үміт бар.

Қазіргі кезде ТМД елдерінде туристерді тарту үлкен бәсекеге ие болып отыр. Көрші елдер Ресей, Өзбекстан, Қырғызыстан, Монголия туризмді дамытуға барлық күшін салуда, және қазір Қазақстанды басып алуда.

Бірқатар кедергілерден соң Қазақстан үлкен туристік биржаларға қатысты. Берлин, Лондон, Мәскеу қалаларында. Қазақстан Республикасы бәсекеге түсе алатын және рентабельді туризм индустриясын дамытуға толық мүмкіншілігі бар.

Облыс орталықтарында шетелдік келушілерге сапасыз туристік өнім берудің басты себебі тиісті сыныптағы қонақ үйлердің болмауы, ал қолдағы бар қонақ үй базасы 80 пайызға ескірген, қонақ үйлердің бір бөлігінің жай-күйі мүлде нашар және банкроттық жағдайда тұр, себебі олар 60-шы жылдары салынған.

Туризмды дамытудың негізгі бағыттары:

Туризмдегі мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру туристік қызметті жүзеге асырудың өзгерген әлеуметтік—экономикалық жағдайларға толықжауап беретін мақсаттарына, қағидаттарына және міндеттеріне сай жаңа көзқарастарды талап етеді. Бүгінгі таңда атқарушы билік органдарымен туризм саласында әрекет ететін ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимылды реттеудегі мемлекеттің ролін арттыру қажет.

Халық арасында туризм құндылықтарын және қоршаған ортаны қорғауды насихаттау;

Халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық санаттарымен топтары арасында әлеуметтік туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;

Визалық және кедендік рәсімдерді барынша оңайлату:

Мемлекеттің туристік көрнекті орындарын құру және қорғау;

Туризм инфрақұрылымының аса маңызды базалық компоненттерін жасау.

Туризмді дамытудың тұрақты сипатын насихаттау қажет.

Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру

Жерлері Ұлы Жібек жолының учаскесінде сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойғы куәгері ретінде Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан әлі де болса, туристік бағыт ретінде әлемге танымал бола қойған жоқ.

Қазақстанның тартымды туристік беделін құру тиісті кең ауқымды шаралар кешенін әзірлеуді талап етеді.

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қаіпсіздік туризмді дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететін басты фактор.

Туристің қауіпсіздігі мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристің жеке басының іс-әрекетіне тікелей байланысты.

Тұтынушыға туристік сапар барысында қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру оған қауіпсіздікті басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бірге қауіпсіздік пен сапа баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды элемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде үғынуға көмектеседі.

Мемлекеттік органдардуристік ұйымдар мен халықаралық ұйымдар саяхатшылардың денсаулығы үшін қауіп тудыратын табиғи апаттар, әлеуметік тәртіпсіздіктер, террорлық әрекеттер, көлік жұмысындағы елеулі іркілістер, індет және басқа факторлар сияқты туризмге ықтимал қауіптер туралы ақпарат береді.

Қазіргі кезде Қазақстанда 270 лицензия алған туристік фирмалар жұмыс істейді. Оның 83 % халықаралық туризммен шүғылданады. Соған қарамастан Қазақстан кәсйжерлері туризмді қазірше жоғарғы табысты кызмет сферасы деп карамайды. Олар қаржы шығаруға жүрексінеді. Себебі өндіріс саласындағы салық салудың жеңілдіктеріне, жоғарғы табысқа қызығыды.

Қазақстан әлемде туристік бағытта әлі де болса белгісіз ел. Сондықтанда Қазақстанның туристік бейнесін көтеру үшін бірқатар кең көлемде шаралар қажет. Негізгі шаралардың бірі туристік негізгі шаралардың бірі туристік фирмалар мен агентсволардың халықаралық туристік жәрмеңке, көрме конференция т.б. әлемдік деңгейдегі шараларға қатысуы және Қазақстан жерінде де өткізу.

Қазақстанда Еуразияның қоғамдық және мәдениет орталығын жасау үшін конгрестік туризмді дамыту маңызды. Туризм саласында халықаралық ынтымақтастық жұмыстарын жүргізудің ЮНЕСКО және БЭСҰ бағдарламаларына қатысу, екі сондай-ақ көп жақты шет елдік мемлекеттермен келісім жасау.

Туристік бет-бейнені қалыптастыру үшін туристік хабарлама орталықтарын ұйымдастыру, сондай-ақ шет елдердегі Қазақстан елшілігіндегі өкілетті тұлғаларды араластыру жұмыстарына көңіл бөлуі керек. Еліміздің туристік қуатын жарнамалауда ұлттық әуе қатынасын және басқа да транспорттық кәсіпорындарда пайдалана білу.

Шет елдерде Қазақстан туралы жоғары сапалы полиграфиялық үнтаспаларды уағыздау жұмысына көңіл бөлуі.

Сонымен бірге Қазақстанда әлемдік деңгейде әр түрлі мәдениет, спорт, туристік шараларды өткізу қажет.

Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасында туризмді дамыту мақсаты:


  • туризмді экономиканың табысты салаларының біріне айналдыру.

- Республиканың туристік потенциалын дамыту.

- Мәдениет тарихын және табиғи байлықтарымызды сақтау және үтымды пайдалану.

-Туристік ресурстарды барлық халықтық қол жеткізу мүмкіншілігіне көңіл бөлу, тұтынушыларды максималды қанағаттандыру.

- Халықты ынталандыру

- Мемлекеттік және жеке меншіктік туризм сферасының тиімділігін арттыру.

- Орта және шағын кәсіпкерлерді дамыту.


Ұсыныс

Ал автомобиль транспортының ролі шекаралық тасымалдау мен саяхат жасау маршруттарында қолданады. Оның дамуы көлік құралдарына және жолдарының қызмет ету сапасына байланысты. Қазіргі кезде «Сайран» автовокзалы үлкен қызмет көрсетуде. Жалпы автобус парктері өте төмен деңгейде, қазіргі сұранысқа сай автокөліктер өте аз.

Теміржол көлігі «Қазақстан Теміржолы» 14 бағытта жұмыс істейді. Олардың қызмет көрсету сапасы халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Алматы-Астана маршруты ғана стандартқа сай, ал оңтүстік маршруттары ешқандай сын көтермейді.

Бүкіл өркениетті дүние негізгі туристер ағынын өздеріне тартуға ұмтылуда, себебі туризм мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін толықтырудың маңызды көздерінің бірі болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға шетелдік туристер ағынын көбейту қажет. Осы мақсатта туристік ұйымдардың қызметін, мұның өзі бірінші кезекте, көлік құралдарының, орналастыру құралы, кадрлық камтамасыз етудің жай — күйіне байланысты, келуші туризмді дамытуға қайта бағдарлау қажет.



Көлік. Бүгінгі таңда Қазақстанның халық аралық авиажелілерінің Германияға, Үндістанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Корея Республикасына, Түркияға, Италияға, Венгрияға, Израильге, Қытайға, Тайландқа ұшуды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Ішкі және халықаралық рыноктарда жұмыс істейтін «Эйр Қазақстан» ұлттық тасымалдаушысы және басқа авиакомпаниялар авиа тасымалдарын жүзеге асырады. Туристердің көпшілігі сервис және қызмет көрсету сенімділігі жағынан отандық тасымалдаушыларға қарағанда авиа рейстерін жүргізетін шетелдік тасымалдаушылардың қызметін пайдаланғанды жөн көреді, мүның өзі отандық тасымалдаушылар жасайтын авиа рейстер жолаушылар ағынын азайтатыны сөзсіз. Оның үстіне, авиабилеттер қүнының қымбаттығы Қазақстанның туристік өнімнің қүнын өсіреді және тиісінше оны халықаралық рыноктағы бәсекелесу қабілетін төмендетеді.

Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудиобейне жарнама материалдарын шығару және белсенді түрде тарату қажет. Қазақстанға туристерді таруға өлкетану жарияланымдары, жарнама баспа қызмет, оның ішінде туристік фирмалар мен қонақ үйлердің жарнама-баспа қызметі өз ықпалын тигізеді. Жаңа ақпараттық технолгияларды пайдалануға, оның ішінде Интернет жүйесінде Қазақстанның туристік фирмаларының WEB - сайттарын құруға айрықша мән беру қажет.Сондай-ақ, қонақжай республика беделін жасауға туристер жиі болатын орындарға қазақша, орысша мәтіндеріне латын транскрипциясымен қосаберілген ақпараттық таблолар мен жазбалардың жасалуы мен орнатылуы өз септігін тигізеді.
Каталог: uploads -> doc -> 1131
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1131 -> Сабақтың тақырыбы: Математика ғылымдардың патшасы. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет