«Қазақстанның қазіргі заман тарихына» кіріспе Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы» оқу пенінің маңызы арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу. Қазақстан тарихына қазіргі тұрғыдан қарау дегеніміз, оны дүниежүзілік тарихпен, Евразиялық контингент тарихымен, көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен бірлікте қарастыру деген сөз. Бірте-бірте оның маңыздылығы мен көп функционалды рөлі де арта түсуде. Оның функцияларының ең бастысы, ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәніне айналып отыр, мұның өзі оның Қазақстан қоғамын дамытудың маңызды міңдеттерін жүзеге асырудағы рөлінің арта түскендігінен.
Егеменді Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, нығаю міндеттеріне жауап бере алатын тарих білімінің теориялық және әдіснамалық базасын жасау;
Қазақстан халықтарының ортақ тарихы негізінде Қазақстандық қоғамның бірігуі үшін идеологиялық база дайындау;
Батыс пен Шығыстың ғаламдық тарихы құрамында өзара байланыста қарастырылатын Қазақстан тарихының өзіндік қайталанбас орнын, сондай-ақ дүниежүзілік тарих пен адамзат өркениетінің тасқынында қарастыруды көздеуі;
Тұтас қабылдауға негізделген Отан тарихының бірыңғай логикалық стержінін құру, олар мемлекет құрушы ұлттар - қазақтар мен Қазақстан халықтарының этногенезі; Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің эволюциясы; тарихи фактілер мен оқиғалардың жиынтығы; тарихтың сабақтары; -Тәуелсіздіктің орнығуы жылдарындағы Қазақстандық даму моделінің мазмұнын, ақиқаттың ғылыми тарихи біліммен толықтырып,осы арқылы Қазақстанның империялықтан кейінгі кезеңнен ойдағыдай шығуына әсер еткен басты себептер мен факторларды анықтау,сөйтіп оның XX-XXI ғасырлар аралығында шаруашылық және идеялық–мәдени даңғылға шығып,өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жеткенін керсету;
"Қазақстан тарихы"оқу пәнінің негізгі мақсаты-Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезендері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
Алғашқы кезеңде теориялық негізді жаңарту, оқу материалын дайындаудың әдіснамасы мен әдістемесін жасау қажет. Мұның езінде де тарих саласындағы барлық ізденістерді тұтас қамтитын, сапалы деп есептелінетін бірғана әмбебап теорияны басшылыққа алудан, сондай-ақ тарихи зерттеуде бірқатар жеке мәселелерді ғана қарастырудан аулақ болған дұрыс. Бұл жағдайда ең тиімді тәсіл, біздің ойымша, қазіргі тарих ғылымының теориялық нәтижелеріне сүйене отырып, Отанымыздың өткенін, қазіргісін және келешегін бүкіл адам баласы дамуын қазіргі жалпы маңызды таным нормалары принципін сақтай отырып, тұтас қарастыру.
Дүниенің түрлі аймақтарында адамның пайда болуының, қалыптасуының, дамуының кептеген ұқсастықтары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Адамды басқа табиғаттан ерекшелеген - оның еңбек қызметі. Адамзат тарихы үлкен екі дәуірге бөлінеді: алғашқы қауым және күрделі ұйымдастырылған, әлеуметтік дифференцияланған қоғамның қалыптасу дәуірі. Алғашқы қауым деп қоғамдасқан адамдар тобын атайды. Олардың сипатты белгілері: саны аз, қарапайым Әлеуметтік ұйымдасу, қарапайым тұрмыс пен мәдениет. Табиғи ортаның күн көру жағдайлары мен өздерін сақтау қажеттілігі алғашқы адамдарды терімшілік пен аң аулауға мәжбүр етті, мұның өзі шаруашылықтың ең қарапайым түрі болатын, оның өзі ұжымдық еңбекке негізделді. Адамдардың осындай еңбек кызметін қамтамасыз еткен тас құралдары болды. Бұл құралдар адам баласының ежелгі ата-бабаларының тұрмыс-тіршілігі туралы базалық мәлімет береді, бұлар Қазақстанда да табылуда.
Қазіргі заманғы Қазақстан қоғамын жаңғыртудың және жаңа дүние жағдайында еліміздің мемлекеттілігін нығайтудың негізінде Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөздерінде баяндалған тәуелсіздік стратегиялары жатыр. «Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясы» барша халыққа кеңінен танылды. Онда былай делінген: «Отыз жылға жоспарлау көкжиегін тандау басты екі фактормен белгіленді. Біріншіден, отыз жыл бір буынның белсенді өмір кезеңін көрсетеді. Екіншіден, Қазақстанда мұнай қорын бағалау мен балама энергия көздерін енгізу мүмкіндігі бойынша, сондайақ ұзақтығы 30—40 жылдық дайын бөлік болды. Мәселен, басқа мұнай компаниялары үшін бағдар болған «Шевронмен» де 40 жыл мерзімге келісімге қол қойылды».
Қазақстандық тарих ғылымының дамуы, тарихи зерттеулердің сапасы мен тиімділігінің артуы, олардың қоғамдық дамудың әлеуметтік-саяси және мәдени-тәрбиелік мазмұнына ықпалы белгілі бір дәрежеде тарихнамалық зерттеулермен анықталатындығы белгілі. Сондықтан да қазіргі таңдағы отандық тарих ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында қазақстандық тарихнама мен олардың әдістемелік зерттеулерінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Қазақстан тарихнамасы саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының кең көлемде жүргізіле бастауы, сондай-ақ Қоғамдық ғылымдар секциясы мен КСРО Ғылым академиясының Тарих бөлімінің бастамасына орай ҚазКСР Ғылым Академиясының Президиумы 1978 жылы 7 қыркүйектегі № 131 қаулысымен Институтта "Қазақстанның тарихнамасы бөлімін құру туралың қаулысын қабылдайды. Осы жылдың 25 қазанынан бастап құрамында 5 ғылыми-техникалық қызметкері бар бөлім сол кездегі ҚазКСР Ғылым академиясының вице-президенті, академик Байдабек Ахметұлы Төлепбаевтың жетекшілігімен өз қызметін бастайды. Бөлімнің осы алғашқы құрамында аға ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты С.Б. Нұрмұхамедов, кіші ғылыми қызметкерлер - Р.В. Колдобская, Л.Н. Катасонова және лаборант В.А. Замаревалар болды. Институтта бөлімнің ашылуы өз тарихнамашы кадрларымызды дайындаудың игі бастамасы болды. Бөлімнің алғашқы тобында қызмет еткен аға ғылыми қызметкер В.К. Янулов КСРО ҒА Ленинградтық бөлімшесінің Ғылыми кеңесінде, аспирант Н. Әлімбаев "тарихнамаң мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғайды. Бұл қаулының қабылдануына түрткі болған басты себеп 1976-1979 жылдар аралығында жүргізілуге тиіс мемлекеттік тапсырыстағы "Қазақстанның тарихнамасы" атты Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша тарихи ойлардың дамуын зерттеудің алғаш рет қолға алынуы екендігін атап өткен жөн. Аталған тақырыптың мәдени революция кезеңдерін, оның басты мәселелерін, әсіресе халық ағарту және ғылым тарихы, зиялы қауымның қалыптасуы мен мәдени-ағарту жұмыстарының тарихын зерттейтін маңызды "Қазақстандағы мәдени революция тарихы (1917-1978)" атты бөліміне ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы Г.Ф. Дахшлейгер жетекшілік етсе, негізгі орындаушысы тарих ғылымдарының докторы Р.Б. Сүлейменов болды. Бөлім қызметкерлері 2 томдық "Қазақстанның қоғамтанушы ғалымдарының био-библиографиясынң дайындауды қолға алады. Аталған тақырып сол тұстағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұзақ мерзім арасында жүргізілуіне орай 1980-1985 жж. қабылданады. 1979 ж. Институт дирекциясының кезекті отырысында бөлімнің құрамын нығайту және зерттеу тақырыбының аясын кеңейту туралы мәселе қаралады да, құрамына сол жылы аспирантураны бітірген Ә. Ғалиев және "Жалынң редакциясының қызметкері Р. Есіркемесова, аға лаборанттыққа Ж.І. Қуанышев қабылданады. Аталған мәселені ҚазКСР ҒА Президиумы мен Қоғамдық ғылымдар бөлімшесі қайта көтеріп, Институттың, жалпы Бөлімшенің өзге мекемелерінің де құрылымын қайта қарастыру қажеттігін ұсынады. Институт басшылығы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағытына қарай өз құрылымын сол күйінде сақтай отырып, тек кеңестік кезеңдегі зерттеу жұмыстарын үйлестіруді жақсарту мақсатында бұрынғы бөлімдерді секторларға айналдырып, үлкен бір бөлім - Кеңестік Қазақстанның тарихнамасы бөлімін құрады. Осыған орай бөлім қызметкерлерінің бесжылдық жүктемесіне жаңа тақырып "Кеңестік Қазақстанның тарихи ойлардың даму тарихың қосылады. Көп ұзамай оны екі бөлімнен тұратын "Кеңестік Қазақстанның тарихнамасың деп қайта қарастырады. Сонымен алғашқы "Қазақстан қоғамтанушыларының био-библиографиясы" тақырыбы жалпылама шолу, энциклопедиялық сипатта қарастырылып, оқырман қауымды республиканың қоғамтанушы ғалымдарының қысқаша өмірбаяны мен ғылыми еңбектерімен таныстыру қажеттілігінен туындаған еді. Ғалымдардың өмірі мен қызметінің басты кезеңдерінен қысқаша деректер бере отырып, одақтық қоғамтану ғылымының басты құрамды бөлігі ретінде Кеңестік Қазақстанның қоғамдық ғылымдарының өсу деңгейін таныту болатын. Сол арқылы социалистік және коммунистік құрылыс жылдарындағы қиыншылықтарға қарамастан аса жемісті еңбек ете алған, ғылымда өзіндік қолтаңбасын қалдырған жандарды республика және одақтық оқырмандармен қауыштыруда тың қадам болды. Ғалымдардың ғұмырнамалық және библиографиялық мәліметтері олардың ғылым жолындағы қалыптасу мен даму кезеңдерімен алғашқы танысу болып табылатындығы анық. Қолжазбаның алғашқы нұсқасына 20-30-шы және кейінгі жылдары Кеңестік Қазақстанның қоғамдық ғылымдарының негізін қалағандар, оның келешек қалыптасуы мен дамуына, сондай-ақ зерттеуші кадрлады дайындауға атсалысқан ғалымдар, ең алдымен ҚазКСР Ғылым академиясының толық мүшесі (академик) және мүше-корреспонденттері енгізілген. Сонымен қатар, өзінің ғылыми зерттеулерін қазақстандық мәселелермен тікелей байланыстырған Мәскеу, Ленинград, т.б. ірі ғылыми орталықтардың айтулы ғалымдары да қарастырылды. Басылымға енген жоғары білікті философиялық, заңгерлік, тарихи, экономикалық, филологиялық, педагогикалық, өнертанушылық 275 очерк бөлімнің 1984 жылғы 14 қарашадағы отырысында кеңінен талқыланып, баспаға ұсынылады. Бөлім қызметкерлерінің бесжылдық ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде 1986 ж. "Ғылым" баспасынан "Қазақстан қоғамтанушыларының биобиблиографиясы" жарық көреді. Басылымның жарық көруіне бөлім меңгерушісі академик Б.А. Төлепбаев, аға ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты С.Б. Нұрмұхамедов басқарған құрастырушылар тобы - Т.П. Волкова, Ә.Б. Ғалиев, М.П. Коротовский, Р.Ш. Есиркемесова, Л.Н. Катасонова, Р.В. Колдобская, А.И. Нарманбетова және В.К. Януловтар үлкен үлес қосты. Оған пікір жазғандар: ҚазКСР ҒА мүше корреспонденттері - М.Қ. Қозыбаев пен Р.Б. Сүлейменов. Осы тақырыпты орындау және оны баспаға дайындау барысында бөлім қызметкерлері Өзбек КСР ҒА Тарих институтының тарихнама бөлімімен осындай кітап шығару тәжірибесімен алмасу, консультациялар алу мақсатында тығыз байланыс орната алды. Сонымен қатар жұмыстың қолжазбасымен КСРО ҒА Тарих институты директорының орынбасары және КСРО ҒА Шығыстану институтының ғылыми қызметкері С.Д. Милибанд танысып, өз пікірін білдіреді. Бөлім қызметкерлері 1983-1986 жж. аралығында "Кеңестік Қазақстандағы тарих ғылымының дамуы" атты мемлекеттік тапсырыстағы тақырып аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылады. Алға қойылған басты міндет республикадағы тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуын; тарих, өлкетануды зерттеу саласындағы ғылыми қоғамдар мен мекемелердің құрылуын; тарихшы ғалымдарды даярлау, басты ғылыми-зерттеулердің бағытын анықтау болып табылады. Сондай-ақ Қазақстандағы тарих ғылымының даму барысындағы Кеңестер Одағы Коммунистік партиясының ролін көрсету. Осылардың ішінде қазақстандық археология және этнография, ежелгі және ортағасырлар тарихына қатысты мәселелердің зерттелуі мен Қазақстанның Ресейге қосылу тарихы, революциялық қозғалыстар, қазан революциясы мен азамат соғысы тарихнамасына, Ұлы Отан соғысын кезеңдеу мәселелеріне, тың және тыңайған жерлерді игеру мен қазіргі заман тарихының көптеген өзекті мәселелеріне басты назар аудару қажеттілігі күн тәртібіне қойылады. Осы тапсырысты орындауға бөлімге ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы М.Қ. Қозыбаев аға ғылыми қызметерлікке, Н. Әлімбаев аспирант болып қабылданады. Зерттеу мәселелерінің жиынтығы бойынша КСРО ҒА мүше-корреспонденті Б.А. Төлепбаевтың редакторлық етуімен 1983 ж. "Вопросы историографии Казахстана" атты үлкен монографиялық жинақ жарық көреді.