Қазақстанның экономикалық өсуінің келешегі. Орындаған: Жақсылық Д. Р. Тексерген: Абдырахиева Кымбат



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі1,11 Mb.
#91022
Байланысты:
тарих СРО.
задания по сро1


Қазақстанның экономикалық өсуінің келешегі.
Орындаған: Жақсылық Д.Р. 
Тексерген: Абдырахиева Кымбат



Қазақстан
экономикасы
- Қазақстанда
нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика
құрылған.
2006
жылғы
мамырда
экономикадағы жұмыспен қамтылғандар
саны
7991,4
мың
адам
болды.
Өнеркәсіптің
жетекші
салаларының
қатарына түсті және қара металлургия
жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны,
мырышы және кадмийі сапасының жоғары
деңгейде болуына байланысты әлемдік
нарықта сұранысқа ие және бәсекеге
қабілетті.


Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі
елдің
шикізат
әлеуетін
пайдалану
болып
табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі
шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал
дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық
өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын
қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру
25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта
ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға
қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше
м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі.
2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі
Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.


Еуропа
елдері
Қазақстан
экспорты
көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан
ірі
отын-энергетикалық
өңір
болып
табылады.
Еуропа
елдері
арасында
Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар
Швейцария, Италия, Польша, Германия
болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт
жасау
мұнай,
ферроқорытпалар,
металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай
сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі
елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу
көлемі
ұлғайды,
онда
негізгі
тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі
болып табылады.


1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨнің орташа
жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі
2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан
басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.


Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп
танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай
алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ
долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан
Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы
сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ
долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы
қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып
Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60% Ұлттық қорда
жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға
қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры
Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ
долларына дейін өсті.



2006
жылы
Қазақстанның
халықаралық
қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса
алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн.
АҚШ долларын құрады.
Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ
долларына
жуық
тікелей
шетелдік
инвестиция
тартылған.
Қазақстан
ашық
сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде.
Мәселен,
2004
жылы
сыртқы
сауда
айналымының көлемі 7 млрд. доллардан
астам
оң
сальдомен
33
млрд.
АҚШ
долларына
жақындап,
1994
жылмен
салыстырғанда 3 еседен астам өсті.


Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Moody’s Investors Service,
Standard & Poor’s и Fitch Rating’s Ltd сияқты жетекші халықаралық рейтингтік
агенттіктердің инвестициялық класс рейтингін алды.
2005
жылғы
20
желтоқсанда
Fitch
Rating’s
рейтингтік
агенттігі
Қазақстан
Республикасының инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді
облигациялар бойынша «ВВВ» деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді
облигациялар бойынша «ВВВ+» деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік
валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша «Ғ3» деңгейін растады. Бұл ретте
барлық берілген рейтингтер «тұрақты» екені болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы
есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың қомақты қорының болуы оның
экономикалық келешегі зор екенін айқындайды.


Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің
жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары
елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі
көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде
қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен
5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті;
ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы
мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық
мөлшері 4,6 есе артты. 2006 жылғы мамырдағы
жұмыссыздық
деңгейі
7,7%
мөлшерінде
қалыптасты
(2005
жылғы
мамырда

8,2%).
Мемлекеттің
2005
жылы
тегін
медициналық
көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары
2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті.


2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда
айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын
құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт
25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде
импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы
Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей,
Швейцария және Қытай шықты.
Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық
жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.


назарларыңызға рахмет!!!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет