Қазақстанның ресей империясына қосылуы эссе Орындаған Ермекбай. Мадина



Дата19.10.2022
өлшемі19,68 Kb.
#153868
Байланысты:
Эссе
Методика 147 каз, 8-ТАРАУ. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП НЫСАНДАРЫ, уч.практика инф(интернеттегі), @Назар Гүлжан, 2-топ, Алаш (1), 1516183189, kar-eea-0918, академиялык, 5 тапсырма, Тақ. 4. Мәдениет формалары дін, мораль, өнер-конвертирован, 11-1 Зертханалық жұмыс (1), ТАЕЫСУ ПР ОТЧЕТ, grantss, БАӨЖ орындау (мысал ретінде) (1)

ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНА ҚОСЫЛУЫ

Эссе

Орындаған Ермекбай.Мадина


XVIII ғасырдың басында орыс мемлекеті нығаюының сонымен қатар империялық кезеңге өтудің басы болып саналады. Яғни XVIII ғасырдың 20 – жылдарында бастау алған Қазақ хандығымен және Ресейдің белсенді саяси байланыстарының дамуымен сипатталады. Жоңғар шапқыншылығынан кейін қазақтың көптеген тайпалары жыллар, ғасырлар бойы мекендеген жерлерінен кетуге мәжбүр болды. Бірнеше тайпалар Әбілқайыр ханмен бірге Жайық өзенің оң жақ жағалауына көшуге барынша әрекет етті. Және сол жерде олар Ресей бодандығындағы башқұрт, қалмақ елдерімен қатар қоныстанды. 1726 жылы Кіші жүз өзінің шекара арасындағы келіспеушіліктерін реттеу үшін өз елшісін Ресейге жібереді. Менің ойымша, екі ел арасындағы сауда-дипломатиялық қатынастардң дамуы Ресейге де аса пайдалы екендігі I Петр заманында – ақ белгілі болған.
1730 жылы маусымда Әбілқайыр хан өзіне бағынатын қазақтарды Ресей империясының қол астына алуын сұрап, императрица Анна Иоанновнаға өтініші хат жолдамақшы болады. Осылай Сейітқұл Қойдағұлов және Құттымбет Қоштаев бастаған елшілікті 1730 жылы қыркүйек айында Петербургке жібереді. Осы уақыт аралығында Ресей империясының құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдығы және Грузия енген болатын. Солай Әбілқайырдың елшілерін сыйлап, зор құрметпен жақсы қарсы алады. Ал 1731 жылы 19 ақпанда Анна Иоанновна Әбілқайыр ханның және оның қол астындағы қазақтарды Ресей империясына ерікті түрде қабылданғаны туралы келісім шартқа қол қояды. Қазақстанға Әбілқайыр ханнан ант алуға шет елдер коллегиясының аудармашысы А. Тевкелев басшылығынан елшілік келеді. 1731 жылы 5 қазанда А. Тевкелев Ырғыз өзенінің бойындағы Майтөбе деген жерде Әбілқайырдың ордасына жетеді. Және айта кететін жайт осы жерде қазақ билеушілерінің арасында бодандыққа көшу туралы бірліктің жоқтығы байқалады. Билеушілер мен сұлтандардың көпшілігі орыс бодандығы туралы мүлде естігілері де келмеді. Бірақ А. Тевкелев табын руынан шыққан Бөгенбай батырға және оның күйеу баласы Есет батырға арқа сүйеді. Нәтижесінде 1731 жылы 10 қазанда Әбілқайыр хан, Бөкенбай және Есет батырлар бостандықты қабылдап ант береді. Міне, осылайша Кіші жүздің Ресей империясына қосылуы басталады. 1732 жылы 24 қарашада А, Тевкелев бастаған елшілік кері қайтады. Жалпы Қазақстанның Ресей империясына қосылуы осындай 3 кезеңнен тұрады:

  • Бірінші кезең – XVIII ғасырдың 30- жылдарында басталып XIX ғасырдың 20- жылдарына дейін. Осы жүзжылдықтың ішінде Ресей мен Қазақ хандығының арасындағы қорғеушы яғни протекторат қарым қатынас орын алды. Ресей бекіністері қазақ жерінің солтүстік шекарасын жан жақтан барынша қорғады. Орыс билігі Қазақ хандарының сыртқы істеріне тығыз араласып, хандарды бекітіп отырды.

  • Екінші кезең – тәуелділік кезеңі. XIX ғасырдың 60 – жылдарына дейін. Осы уақыттың негізгі көрінісі 1822 жылы, қабылданған «Сібір қырғыздары туралы жарғы » мен 1824 жылы қабылданған «Орынбор қырғыздары туралы жарғы». Осы жарғылардың нәтижесінде хандық билік өз күшін жойып, Ресей империясындағы қазақ елінде ішкі және сыртқы округтер ашылды.

  • Үшінші кезең – таза бодандық, 1860 жылдары басталды. Оның нағыз әрі негізгі белгісі Қазақ жерінің тұтастай Ресей империясының құрамына енуі, облыстарға бөлінуі және т.б. Қазақтың саяси элитасы – сұлтандар мен билер биліктен біржолата шеттетілді. Қазақ шаруашылығы Ресейдің сауда қарым қатынасына тартыла бастады.

Қорытындылай кетсем, осылайша 1 жарым ғасырға созылған орыс жаугершілігі ақыры Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларды жаулап алумен аяқталды. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалыстары жеңіліспен аяқталып,Қазақстанның бүкіл аумағы Ресей билігіне өтті. Осы орайда, қазақтардың жеңілуінің бірнеше себептерін көрсетуге болады: алдымен Ресей империясының экономикалық ресурстары қамтамасыз еткен орыс әскері техникалық жарақтандырылудың артықшылығы болды. Екіншіден, кейбір сұлтандар мен билердің сатқындығы. Үшіншіден, Кенесары қозғалысы кезінде Ресейді қолдаған Қазақстанның оңтүстік көршілерінің Хиуа,Қоқан және қырғыз манаптарының саясаты. Ресей империясы өзінің әкімшілік – саяси реформалары арқылы Қазақстандағы дәстүрлі басқару жүйесін бұзды,көшпелілерді құнарсыз жерге ығыстырды. 1867 – 1868 жылдардағы «Уақытша ережеден» кейін Ресейдің отаршылдық саясаты кеңінен тарала бастады. Сонымен қатар, Қазақстанның Ресей империясына қосылуының нәтижесінде қазақ көшпелілері кең көлемде айырбас және сауда қатынасын жасау мүмкіндігіне пайда болды. Қазақ ауылдарында сауданың даму барысында капиталистік өндірістік қатынастар қалыптаса бастады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет