Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы,тұтастану тарихы. Қазақ-тек бірігу,бірлесу жолында келе жатқан халық



Дата27.05.2018
өлшемі186,33 Kb.
#41033
Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы,тұтастану тарихы.

Қазақ-тек бірігу,бірлесу жолында келе жатқан халық.

Бізді біріктіретін жеке бастың қамы емес,бізді ел туралы биік ұғымдар,

ортақ тарих,ортақ мүдделер ғана біріктіре алады.

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Ауыл тарихына шолу

Біздің туған жеріміз-Көкшетаудың іргесіндегі қазіргі Зеренді ауданына қарасты Баратай ауылы.Түпкі тарихын тарататын болсақ,бұл жерде негізінен Қарауылдың Есенбай Шұңғырша тармағынан тарайтын үш атаның балалары:Шұғыл,Жарасқұл,Сүйіншәлі ұрпақтары тұрады.

Ауыл 1930 жылы қоғамдасып,қауымдасып,алғашқы іргетасын қалаған.Оған дейін әр жерді паналап,дауылдан ық қойнауын қоныстанып,әр жерде жеке-жеке отырған кішкентай-кішкентай ауылдар бір орталыққа көшіріліп қоныстанған.Біздің ауылда Баратай деген көл бар ,сол көлді жағалай жартылай қазылған ор бар.Баяғыда бұл ор өте терең болған екен.Ордың қолмен қазылғаны көзге бірден көрініп тұратын.Бұл ор ақ патшаның бұйрығымен қазылған шекара белгісі болып шықты.Сол кезде патшаның бұйрығына сәйкес орыс халқының адамдары қазақтың ең бір шұрайлы,ең бір тәуір ,құнарлы жерлерін тартып алып ,сол жерлерге поселок сала бастаған.Қазіргі таңда ой елегінен өткізіп қарап отырсақ, қазақтың аты аңызға айналған көркіне көз тоймайтын ,мөлдіреген тана көлдері толықсып жататын биші қайыңдары бар, мәңгі жап –жасыл болып тұратын қарағайға бай Бурабай,Зеренді,Шалқар,Айыртау,Имантау сияқты ғажап та керемет жерлердің бәріне казактардың станциялары салынып қойған екен.Осы кезден бастап екі ел арасында осы жер үшін талай қақтығы стар болған,тіпті кісі өлімі де болып,қаралы оқыс оқиғалар орын алған.

Сулы нулы,балығы тайдай тулаған ,орман –тоғайы жеміс –жидекке тұнып тұрған бай табиғат өлкесін жамбасына басқан орыстар осы көшіп қонып жүрген қазақтарға осы жердің қажеті шамалы,олар осы қазылған ордан аспаулары керек деп шекара жасап қойған екен. Бұл ор сан ғасырлар бойы жаумен арпалысқан батырлардың ,ат белінен түспеген Алаш жұртының жүрегіне салынған дақ болды.

Қазақ ғалымдарының зерттеулеріне назар аударатын болсақ, Баратай атауы туралы көптеген жорамалдар айтылып жүр.

Баратай деген сөздің « бара» сөзін көне түркі тілінен «бара»кең,үлкен,көп деп түсіндіруге болады. «,ап»форматын иран тілдерінен «аб-ап» өзен,су деп алып ,гибридті атау ретінде «Бара» \үлкен,кең\ ,ап\аб су үлкен су ,ауқымды кең су ,көл деп мағынасын ашуға болады.Бұл атау бойынша бір сырдың құпиясын ашады.

«Баратай»- сөзі монғол тілінде үлкен ,қомақты,арбиған деген мағынаны білдіреді. «Баратай уул»-үлкен ,қомақты көл деген қосымша анықтама Б.Базылханның монғолша-қазақша сөздігінде анық берілген.Баратай көлінің қазіргі кезде тартылып,суы азайып кеткенімен ертеде мөлдір таза шалқар көл болғандығын ешкім жоққа шығармайды.-деді филология ғылымдарының кандидаты ,Баратай ауылының тумасы Алиева Гүлнар Шияпқызы.



Ауылымыз жылдан -жылға көркейіп келе жатыр.1993 жылы екі қабатты зәулім мектеп салынды. Ұлы Отан соғысының ардагері Абилкадиров Тоқсанбай,сол кездегі мектептің директоры Мұқанбетов Қайырлы Жанәбілұлы,ауылымыздың қадірлі азаматы қазіргі күні зейнеткер қария Қаппасов Қуанышбек ,сол кезде Көкшетау облыстық советінің депутаты болған Мустафин Қанатбек Жанахметұлы., «Баратай» шағын кәсіпорнының директоры Есмағанбетов Асылбек ,Бейсенбеков Сапар,Сарызек совхозының директоры Абилмаженов Айтмағанбет және ауыл тұрғындарының жазған хатының осы мектептің салынуына көп септігі тиді.Сөйтіп, көп ұзамай 180 орындық мектептің фундаменті құрылып, ауыл тұрғындары және сол жылы мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер зор қуанышқа бөленді.

Содан Сарыөзек совхозы жабылы, біздің ауылдың ер азаматтары жеке-жеке шаруа қожалықтары болып бөлінді.Қазіргі таңда ауылымызда «Аян», «Таң», «Жансая», «Тас» деген шаруа қожалықтыры өз кәсіптерімен айналысып жатыр.Жылда көктемде олар егін салып, күзде сол еңбектерінің өнімін алып ауылды жем шөппен қамтамасыз етеді.Жалпы Баратай ауылының климаты егін шаруашылығы болсын,мал шаруашылығы болсын өте қолайлы.Ауыл ормандарында жеміс жидектің де бірнеше түрі өседі.Біздің мектептің оқушылары жазғы демалыстарын босқа өткізбей осы табиғаттың байлығын жинап,теріп қала тұрғындарына апарып сатып сол тапқан табыстарына өздерінің оқу құралдарын,киім кешектерін алып ата-аналарына өз септерін тигізуде..Ұлы Отан соғысы жылдары да ауылымыздың тұрғындары қалыс қалған жоқ.Біздің ауылдан 58 адам майданға аттанып бірнешеуі хабарсыз кетті,елге оралғандары кейін ауылдың соғыстан кейінгі жағдайын түзетуге,өркендеп өсуіне өз үлестерін қосты.Атап айтсақ, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Абилкадиров Тоқсанбай,Ибраев Казбай,Мушанбеков Бектас .Бұл аталарымыз майданның алдыңғы шебінде жаумен шайқасып елге батыр боп оралды.Кейінде еліміздің Тәуелсіздік алғанын,Тұғыш президенттің сайланғанын, Елордамыздың Астана болғанын өз көздерімен көріп,тілдің,діннің оралғанын естіп қазақ елінің көптен күткен армандары орындалып еліміздің бейбіт тыныш өмір сүруіне өз үлестерінің болғанына қуанды.Саналы ғұмырларын Отан деп ,тынымсыз еңбектері мен ауылымыздың іргетасын құруға аталарымыз бен әжелеріміздің қосқан үлестері өте зор.Қазіргі жастарға олардың өмір жолдары табылмас қазына.

2008 жылы ауылымыздың қақ ортасынан Алланың үйі мешіт ашылды.Бұл мешіттің ашылуына ықпал еткен Әуезхан деген кәсіпкер болды. Ол біздің аймақтағы бірнеше ауылды аралап көріп, соның ішінде Баратай ауылы осы менің ойымдағы мешітті салуға болатын ел екен деп, шешім қабылдаған екен.

Себебі,біздің ауылда дінге бар саналы ғұмырын арнаған ,дінде тәрбиенің негізі қаланғанын аузы жеткенше айтып өткен ,қолы жеткенше жазып кеткен бар қазаққа танымал тұлға Науан Хазірет туған.Ауезхан ағамызға Қажылыққа барып келген атасы аян берген екен.Мешіттің құрылысына деген қаражатты Ауезхан өз қалтасынан салған.Осы кезде ауыл азаматтары да қол қусырып отырмады.Астана қаласындағы «Ақ арман» медиа баспаханасының бас директоры Әли Абай Мәрәмұлы,Көкшетау қаласында өз кәсіптерімен айналысып жүрген Қаппасов Алтынбек,Рустемов Мереке,Есмағанбетов Даулет,Алиев Бурабай және еліміздің ағасы Зеренді ауданының құрметті азаматы Алиев Шияп болды.



Сөйтіп «Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей» 2008 жылы 23 тамызда ауылымыздың төрінде жарқ етіп тамаша мешіт ашылды.

Қазіргі таңда ауылымыздың жағдайы жақсы .Облыс орталығы Көкшетау қаласы ауылдан 70 шақырым жерде орналасқандықтан бізге қалаға қатынау өте ыңғайлы.Мектептен түлеп ұшқан түлектердің көпшілігі осы Көкшетау қаласындағы колледждермен,университеттерде білім алып жүр .Ауылда негізгі мектеп бар,оның ішінде «Айгөлек»шағын орталығы бар.Мектеп жы лы балалар үшін бар жағдай жасалған.

Үлкен спортзалы бар,асханасы бар және компьтерлендірілген сынып бар.

Ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етілген.Әр бесіншіі үйдің қасында өздері қазып алған құдықтары бар деуге болады.Судың дәмі де тамаша .Шеттен келген қонақтар суларыңыздың дәмі жақсы екен деп мақтап жатады

Ауыл тұрғындары да бір-бірімен тату- тәтті тұрып жатыр,ешқандай келеңсіз жағдайлар болып көрген емес.

Ауылымыз бір отбасы десек те артық кетпейміз Елімізде тұрақтылық пен қатар өзара түсіністік қалыптасып отыр..Үлкенді сыйлау,кішіге құрмет көрсету жалпы бірлікті сақтап бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз.Бірлігімізбен бір ел,берекемізбен бір тұтас халық болып өсіп келе жатқан болашақ ұрпақ еліміздің өсіп-өркендеуіне күш салады деген сенімдеміз..

Баратай негізгі мектебінің тәлімгері



Айтбаева Қарақат Жанетқызы
Каталог: BEDFC24BAFF83CC1 -> 436c02be201c984cc93432e2225b1c3d
BEDFC24BAFF83CC1 -> Семинар Шығармашылық жазу жұмыстарының тәсілдері Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
BEDFC24BAFF83CC1 -> Ойын-сайыс «Менің отбасым және математика»
BEDFC24BAFF83CC1 -> Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған Ақмола облысы Зеренді ауданы Баратай негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Искендирова Сұлушаш Ауталипқызы Мақсаты
BEDFC24BAFF83CC1 -> Сабақтың тақырыбы: Математикалық ғаламға саяхат Сабақтың мақсаты
BEDFC24BAFF83CC1 -> Тәрбие сағатының құрылымы: І. Ұйымдастыру ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын
BEDFC24BAFF83CC1 -> Осылай ел халқының, келген қонақтардың асыға күткен ескерткіштің ашылу салтанаты басталып та кетті
BEDFC24BAFF83CC1 -> Ағылшын тілін оқытудағы ойынның маңызы және оның түрлері
BEDFC24BAFF83CC1 -> Махаббат қайда деме жүрегіңде
BEDFC24BAFF83CC1 -> Cынып озаты Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет