Қазақтың салт-дәстүрлері



Дата25.05.2022
өлшемі3,4 Mb.
#144997
Байланысты:
салт дәстүр А

Қазақтың салт-дәстүрлері

Орындаған: Аюпова Айзада

Құдалықтың белгісі – біз шаншар


Қазақстанның шығыс, оңтүстік аймақтарында «жаушы» орнына «біз шаншар» салты қолданылған. Осы дәстүрге сай ауылдың қариялары бір топ ер азаматымен бірге бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды. Түстік ас жаз кезінде таяқтың көлеңкесі жоғалып, күн шаңырақтың үстіне шыққан кезде ішіледі. Бұл кезде келген жолаушы, қонақ шайын ішіп, сыбағалы асын жеген соң аттанады. Ал «біз шаншуға» келгендер ешкіммен сөйлеспей, аттарының ер-тоқымын бір жерге жиып, түскі асын ішкен соң да кетпей жатып алады. Үй иесі қонақасыға кешінде мал сояды. Келгендер ертеңінде түсте үн-түнсіз аттанып кетеді. Қонақтар кеткен соң үйдегілер бұл сырды біле қойып, сырмақ қағады. Қайрағын іздейді. Сырмаққа шаншылған бізді көреді, қайрақтың жоғалғанын біледі. Бұл «ұл ержетті, қыз бойжетті, бала бізде бар, қаса сұлу сізде бар, жекжат болайық» деген ишарат.Қызы бар үй қайрақты сұрамаса, бір жетіден соң әлгі ақсақалдар және келіп, құда түседі. Мұндайда екі жақ әкесіне қарап ұлын, шешесіне қарап қызын сынайды. Бұрындары қазақтар кейде құдалықты осылай бастаған.
"Шүлен тарату" — жомарттықты көрсететін салт болса керек. Бұл дәстүрдің тамыры өте тереңге кетеді екен. Оның мақсаты: жағдайы нашар адамдарға көмектесу. Бүгінгі тілмен айтсақ, бұл — қайырымдылық шарасы. "Шүлен тарату" салты күз түсіп, мал саны көбейгенде хан-сұлтандар мен дәулеті тасыған байлардың кедейлерге тегін мал, ақша, бұйым, тамақ үлестіруі арқылы жүзеге асқан. Бұл біріншіден кедей-кепшіктің келе жатқан қыстан аман шығуына жәрдемдесу болса, екіншіден көптің алғысын алудың амалы десе болады. Шүлен таратқан жандардың ел арасындағы беделі артып, алыс-жақын жерлерге ол жайлы мақтау әңгімелер тараған. Жалпы, адамдарды бауырмалдыққа баулитын, қоғамдық қарым-қатынасты реттейтін бұл дәстүрдің игілігі көп.
"Атшабар келді лепілдеп, "Ояз шықты, сияз бар", "Ылау" деп, — үй деп дікілдеп (Абай). Бұрынғы кездерде лауазымды адамдар немесе көліксіз кісілер әр ауылдан лау мініп, яғни жұрттан көлік алып жететін болған. Лауға ат, арба, түйе пайдаланады.
“Ылау” ғұрыпы
Наурыз айында жаңа жыл еніп, жер бусанып, күн күркіреп, жаңбыр жауып, көк дүркірегенде ауыл адамдары далаға шығып саумалық айтып, қуанышты көңілмен жақсы тілек тілейді. Оны өлеңмен айтады:
Саумалық, саумалық,Наурызымның көк құсыҮйқыдан көзін ашты ма?Саумалық, саумалық,Самарқанның көк тасыЖібіді ме көрдің бе?Саумалық, саумалық,Ескі жыл кетіп, жаңа жыл келді,Ескі жыл есіркей кет.,Жаңа жыл жарылқай кел — деп бір ескі ыдысты сындырып, "жамандық кетсін" деп ырым жасайды.
Саумалық
Асату - дәстүрлі ас-тағам мәдениетінде жолы үлкен адамның жасы кішілерге табақтағы еттің сыбағалы мүшесінен дәм таттыру арқылы өзінің ілтипатын білдіретін этикалық рәсім. Ет жеп болған соң, қонақтың жасы үлкені сый табақтан уысын толтыра ет алып, басқаларға өз қолымен асатады. Кішілер қалыптасқан әдет бойынша асату рәсімінен бас тартпайды, етті асар кезінде ер адамдар «құлдық» деп айтады. Бұл өзінен үлкенге құрмет көрсеткені, рахмет айтқаны болып есептеледі. Ал келіндерге «асатқаным» деп, үлкен табақтан ене - абысындарының бірі сыбаға бөліп береді. Келін орнынан тұрып, жілік ұсынган (асатқан) адамға арнап сәлем салады. Сондай-ақ, ет желініп болған соң табақтағы еттен қарттар жас балаларға, өзінің атқосшы немесе жолсеріктеріне асатады. Асар адамдардың арасындағы өзара көрсетілетін құрмет іспеттес. Мәні жағынан сыбаға беруге ұқсас жосын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет