Азық түлік жарнамасы
Қазіргі таңда азық түлікке берілетін жарнамалар өтімділігі мен сапасы жағынан өте жоғары деңгейде.Азық түлікке берілетін жарнамалар әр жерлерден көрініс табады.Атап айтқанда әлеуметтік желілер(Instagram,facebook,youtube,tik tok, және т.б),теледидарда көрсетілетін жарнамалар(телеарналар) және көшеде ілінетін билбордтар мен түрлі жерлерде (дүкен есіктері,аялдамалар,жарнама тақтайшалары және т.б) жабыстырылған жарнамалық қағаздар.
Азық-түлікке берілетін жарнамалар азық-түлік түрлері сияқты жіктеледі.Азық-түлік төмендегідей топтастырылады:
1.Ет (оның ішінде құс еті) және одан алынатын өнімдер.Еттен алынған тауарлардың қатарына жартылай фабрикаттар,шұжықтар,ысталған өнімдер,қосалқы өнімдер,басқа да өнімдер жатады.Бұл өнімдерге берілетін жарнамалар көбінесе теледидарларда көрсетілетін жарнамалар мен әлеуметтік желі жарнамаларында көптеп кездеседі.Ет өнімдеріне қағаз түрінде берілетін жарнамалар өте аз кездеседі.
2.Жеміс-көкөніс өнімдері.Оларға жемістер,көкөністер,саңырауқұлақтар мен жидектер,сондай-ақ оларды өңдеу өнімдері-консервілер,маринадталған қиярлар және т.б.Жеміс-жидектер мен көкеністерге жарнамалар аса қажеттілік туындырмайды.Олай жерде өсіп шығатындықтан,оларға белгілі бір деңгейде жарнама керек емес.Ал бұл өнімдер қатарына жататын консерві,маринадталған қиярларға берілетін жарнамалар теледидарлық жарнамаларда көп көрініс табады.Дәл осы өнімдергеде алдағы өнімдердегігей қағаз түріндегі жарнама кездестіру мүмкіншілігі төмен.
3.Дәмдік өнімдер.Осы топтың өнімдерінің құрамына кіретін негізгі белсенді заттар-кофеин,эфир майлары,алкоголь компоненттері,ваниль.Бұл өнімдерге шай мен кофе,алкогольдік сусындар жатады.Әсіресе тәтті және ащы дәмдеуіштер түрлері осы өнімдер қатарын толықтырады,олар әртүрлі дәм сезімдерін тудырады.
Қатардағы бұл азық-түліктерге жарнамалар түрлері бойынша әртүрлі жасалады.Бірақ дәл қазіргі уақытта цифрлық жарнамалар кез-келген өнімде жиі ұшырасады.Сонымен қатар бұл жарнамалар жарнамалар тақтайшалары мен аялдамалардағы жапсырмалар және дүкен де болатын билбордтардан жиі кездестіруге болады.
4.Тағамдық майлар.Оларға жануар,өсімдік тектес майлар мен майлар,сондай-ақ маргарин мен майонез кіреді. Бұл топ жарнамалары көбінесе билборд және жапсырмаларда көптеп шоғырланған,алайда,эфирде көрсетілетін жарнамаларда бұл жарнамалардан ешбір қалыс қалар емес
5.Сүт өнімдері.Сүт,ірімшіктер,ашытылған сүт өнімдерінің желісі (сүзбе,айран ашытылған сүт,қаймақ,йогурт және т.б.),май,кілегей,сондай-ақ сүтті сақтау.Бұл тауарларға берілетін жарнамалар әртүрлі,жарнама кездесетін барлық платформаларда бұл тауарлар шоғырланған десек те болады.
6.Крахмал,қант,бал және кондитерлік өнімдер.Сонымен,бұл өнімдерге кәмпиттер мен кондитерлік өнімдер,тәтті ұн және май өнімдері,соның ішінде шығыс тәттілері,какао,шоколад,карамель және басқа да қант өнімдері кіреді. Аталмыш өнімдерге де сүт өнімдері тәрізді жарнамалардың барлық түрлері көптеп кездеседі.
7.Астық-ұн өнімдері.Барлық сұрыптағы ұн,астық,жарма және олардан жасалған бұйымдар,макарон және нан-тоқаш өнімдері).Бұларға берілетін жарнамалар көбінесе сұраныстар бойынша түсіріледі.Ұн және нан өнімдеріне келтірілетін жарнамалар өте аз,ал макарон өнімдеріне берілетін жарнамалар әлдеқайда көп.Аталған бұл жарнамалар бейнеролик түрінде теледидар мен әлеуметтік желілерде кездесетін жарнамалардан көрініс табады.
8.Балық және балық өнімдері.Ет сияқты, балық маңызды құрылыс ақуыздарының, сондай-ақ бірқатар маңызды минералдар мен дәрумендердің көзі болып табылады.Бұл топтың тауарларына тірі,салқындатылған және мұздатылған балық,консервіленген балық,жартылай фабрикаттар,теңіз өнімдері жатады.Жалпы бұл өнім тауарларына жарнама аса қежеттілік тудырмайды,өйткені бұлар тікелей жануарлардан сойылып алынатындықтан бұларға жарнама жасау тиімсіз болып табылады.
Азық-түлікке келтірілетін жарнамаларды зерттеу барысында біз көптеген жерлерді араладық (дүкен,супермаркеттер және көшелер).Сұрағанов,Назарбаев даңғылы,Олжабай батыр,Торайғыров,Катаев,Естай,Толстой көшелері бойында орналасқан түрлі дүңгіршектер мен дүкенде жабыстырылған жарнамалар қағаздарын тердік.Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі азық-түлікке байланысты жарнамаларға шолу жасадық.Ізденіс барысындағы кездескен ең үлкен мәселердің бірі–жарнамалардың (жалпы кез-келген) қазақ тіліне дұрыс аударылмауы және қазақ тіліне тән төл тыбыстардың (мыс: «ң,ө,ү,ұ,ә,ғ,қ» дұрыс қолданылмауы.
Мысалы:Snickers шоколадының жарнамасында былай деп келтірілген:
«Ты не в теме,когда голоден»–бұл түпнұсқа
«Аш болсаң ойлаудан қаласың»–бұл аударылған нұсқасы
Бейнероликке сәйкес және сюжетті қарау барысында,жарнама бұрыс аударылған,яғни ол тура мағынасында:
«Сен аш болсаң, тақырыптан алшақсың» немесе «Сен аш болсаң,тақырыпта емессің» болып аударылуы қажет. Бұл тек бір ғана мысал.Ал бұндай неонстар жарнамаларда өте көп кездеседі.