Қазіргі оқыту технологияларының негіздері.
Қазіргі білім беру технологиялары бойынша жүйелі білімдерді меңгеру, оқу процесінде жаңа технологияларды қолдануға оқыту және болашақ педагогтың кәсіби-тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін дамыту, мемлекетімізде жүргізіліп жатқан білім беру реформасының мақсаттары мен талаптарын жүзеге асыру жаңа технологиялардың құзырына жатады.
«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттерде жиі қолданылатынын кездестіреміз. Қолданылатын ұғымдарды ажырату мақсатында келесідей негізгі ұғымдарды қарастырамыз, олар: техника, технология, педагогикалық технология, оқыту технологиясы, білім беру технологиясы т.б.
Жалпы «технология» деген ұғым гректің techne-ӛнер, кәсіп, шеберлік, ал logos-ғылым, ілім деген сӛздерден құралған, сонда оның қазақша мағынасы шеберлік туралы ілім дегенді білдіреді.
Жалпы педагогика оқулығы бойынша «технология –материалды ӛңдеу процесінің жиынтығы» немесе «материалды ӛңдеу тәсілдері туралы білім жиынтығы». Мағынасы бойынша технология- түрлендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәсіл.
Технология- тәртіп бойынша реттеліп жоспарланған іс-әрекет, процесс және педагогикалық тәсілдердің жиынтығы түрінде берілген педагогикалық жүйе болып табылады.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың шет елдегі авторлары- Дж. Кэролл, Б.Блум, Г.Гейс және т.б. Ал білімге қатысты технологиялық бағытты жүзеге асырумен айналысқан ресейлік авторлар- П.Я.Гальперина, А.Г.Ривина, Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалько және т.б.
Қазақстандық ғалымдардың Ж.А. Қараев, Г.М.Құсайынов, М.М.Жанпейісова, Қ.Ж.Қожахметова, С.А.Ұзақбаева, Н.Оразақынова және басқа ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылуда.
Оқытуды технологияландыру бағытындағы алғашқы қадам 1940-50 жылдар аралығында оқыту процесінде техникалық құрал-жабдықтарды пайдалануды білдіреді. Оқытуды технологияландыру бағытындағы екінші қадам кӛбіне зерттеушілер педагогикалық технологияны енгізуді және оны жалпы ӛңдеу мәселелерін ХХ ғасырдың 50-60 жылдарына жатқызады, сонымен қатар ең алдымен америкалық, ал кейінгі европалық мектептерде оқытуды құруда технологиялық ыңғайдың пайда болуымен байланыстырылады.
Технологияландырудың үшінші қадамы ең басында – педагогикалық технологияларды оқу процесін технологияландыру ретінде түсінді; оның басты бағыты және қаланған негізі – бағдарламалық оқыту болды. Ол 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдың басында техникалық құралдар мен бағдарламалық оқытумен қатар педагогикалық технология оқушылардың оқу процесі үстінде танымдық іс-әрекетті басқару теориясын және педагогикалық қызметті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру жолдарын қарастырады. Оқытуды технологияландыру бағытындағы тӛртінші кезең 80-жылдардан бастап оқытудың ақпараттық және компьютерлік құралдарымен бірлікте қарастырылады.
Педагогикалық процесті технологияландырудың негізгі белгілері: жалпы білім беру жүйесіндегі «білім беру ӛндірісін» үйлестіру, стандарттау; шығармашылық процесті ұйымдастырудың неғұрлым жоғары деңгейіне кӛтеру; ұйымдастыру сатысының негізінде және арнайы технологияларға сәйкес білім беру жүйесін тәртіпке келтіру.
Бүгінгі күні педагогикада технология ұғымының келесі түсіндірмелерін кездестіруге болады:
Оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері немесе формасы ұғымдарының синонимі ретінде қолданылады;
Нақты бір педагогикалық жүйенің синонимі (оқытудың дәстүрлі технологиясы, мектепке және т.б. арналған В.В.Давыдов, Д.Б.Элбконин жүйесі);
Берілген қасиеттері бойынша азық алуға мүмкіндік беретін әдістер және процестер тізбектілігі мен олардың жиынтығы ретінде қарастырылады.
Педагогикалық технология дамуының негізгі белгілері «білім берудегі технологиялар» түсінігінен «оқыту технологияларына» ауысуы, ал кейіннен «педагогикалық технология» терминдерінің ӛзгеруі болып табылады. Осы терминдер мазмұнының ӛзгеруі үш кезеңді қамтиды:
50 жылдардың басы, ол мектептерде әр түрлі техникалық құралдардың пайда болуымен сипатталады;
. 50-60 жылдар, оқыту процесіне технологиялық жағынан қараумен сипатталады «Оқыту технологиялары» түсінігін педагогикалық процесті жоспарланған нәтижеге алып келетін, ғылыми сипаттау (құралдар мен әдістер жиынтығы) ретінде ұғына бастады;
70-жылдар, ол педагогикалық базасының кеңеюімен сипатталады. Осы кездегі педагогикалық технологияның негізін информатика, телекоммуникация теориясы, жүйелі талдау мен педагогикалық ғылымдар (оқыту технологиясы, танымдық ісәрекетін басқару теориясы, педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру, оқыту процесін белсендіру) құрды. Осы процестің негізгі бір ерекшелігі- компьютермен жабдықталған және жаңа дисплей кластарының пайда болуы, педагогикалық бағдарлама құралдары санының ӛсуі мен олардың сапасы, интерактивті бейне жүйесін қолдану болды.
Педагогикалық технологиялардың мән-мағынсын ашу үшін «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы», «жаңа ақпараттық технологиялар» сияқты ұғымдарды қарастыру қажет.