Қазіргі заманда профессионал болу оңай ма. Бұған не кедергі және не ықпал етеді?



Дата27.03.2023
өлшемі14,11 Kb.
#173107
Байланысты:
Эссе
Сакен ргр2, Естай Азамат РГР2, Сағындық Аружан РГР2 БЖДк-20-1, лекция 1, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2, bd309118accbc67315c0f9602fbad413 1

Қазіргі заманда профессионал болу оңай ма. Бұған не кедергі және не ықпал етеді?

Менің жауабым, иә. Бұлай болуының бірнеше аспектілері де бар. Қазіргі таңда өзім медицина саласында оқып жатқан студентпін. Болашақ мамандығым- нағыз профессионалдықты қажет ететін мамандықтардың бірі және бірегейі екені сөзсіз.


Тақырыбымызға оралсақ, профессионал деген кім? Ол- өзі жұмыс жасап жатқан кез-келген мамандықтың немесе қандай да бір жұмыстың қыр-сырын меңгерген, тыңғылықты дайындалып, жоғары квалификацияны меңгерген адам. 21-ғасыр технологияның заманы. Демек, кез-келген істі меңгеруге болады, егер ынта мен жігер болса. Бұл сөзден ең бірінші кедергіні айқындап-ақ алсақ болады, ол – адамдағы жалқаулық, ынтаның болмауы. Егер “жанып тұрған от” болса, барлығы жақсы.
. Дамыған заманына қарай адамы. Барлығы дамып жатыр, мектеп-универ жүйелерінде де прогресс көп. Күнделікті сабақтың өзінде көптеген ақпарат аламыз. Интерактивті тақталар, клиникада өткізілетін сабақтар, пациенттермен сұхбат, т.б. Болашақ мамандығыңның профессионалы ретінде дайындап шығаруда, универдің маңызы өте зор. Себебі, сенің мамандық жайлы бар түсінік, ынтаңды да ашатын осы жер.
Профессионал болуға әрекетті ерте кезден бастау керек Универде алып жүрген сабақтардан бөлек, қосымша тағы неше түрлі курстар бар?! Солардың ішінен біреуі болмаса міндетті түрде нәтижелі болуы қажет. Қатыса отырып, практиканы арттыруға, түсінбеген тақырыптарды түсіне алуға болады. Әрине, ақылы түрде. Бірақ, болашаққа , білімге құйған инвестиция , 100 еселеп қайтары анық. Жарайды, курс дедік, ақша кедергі болар. Онда “өз үйіңде-өлең төсегіңде” жатып-ақ , онлайн , телефон арқылы көруге боларлықтай дүние көп. Практика жүзінде көре алмаған көп нәрсені сол жақтан көруге болады, көз үйренуі үшін.
Электронды кітаптар көп, тек оқитын адам болса.
Одан бөлек, мобильділік түсінігі бар. Алматыда оқысам да, осы ұғымның аясында барлық медициналық универлермен практика алмаса аламыз. Өте керемет дүние деп түсінемін. Өзімдегі минустарды , жаңа біліммен толықтырып, жаңа адамдармен танысып, біліктілікті арттыра аламын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет