Азықтардың витаминді,минералды және протеинді құнарлығы, малдарға әсер етуі



Дата07.02.2022
өлшемі13,85 Kb.
#82295
түріҚұрамы
Байланысты:
мал азығы реферат


Азықтардың витаминді,минералды және протеинді құнарлығы, малдарға әсер етуі.
Азық құрамындағы 70- тарта заттар мен қосындылардың мал организмі үшін қажет екендігі дәлелденіп отыр. Олардың кейбіреулерінің қоректену барысындағы қызметін басқа қосындылар атқара алмайды, сондықтан олар азықтандырудың ауыстыруға болмайтын факторына жатады. Мысалы, ауыстыруға болмайтын амин қышқылдары организмге қажетті мөлшерде жеткізіліп тұруы қажет.
Қоректік заттардың атқаратын қызметі мал мен құс түріне байланысты өзгеріп отырады. Егерде бір қарынды мал азот көзі ретінде тек ақзаттық қосындыларды пайдаланатын болса, көп қарынды күйіс қайыратын малдар олармен қатар азық құрамындағы басқа азотты заттарды да ұтымды пайдаланады.

Протеиндер. Шикі протеин – жемшөптегі барлық азотты қосындыларды біріктіретін ең маңызды қоректік зат. Жануарлар организмінің құрғақ затының жалпы алғанда 45 проценті, ал кейбір мүшелерінің 85 проценті ақзаттан тұрады. Өсімдіктердегі ақзат көлемі біршама төмен.


Тек бұршақ тұқымдастарда, оның ішінде әсіресе соя дәндерінде, протеин көлемі 30 – 45 процентке жетеді. Ол өсімдіктердін дәнінде, гүлінде және жапырақтарында жиналады. Гүлденген жоңышқанын жапырағының құрғақ затында – 24 процент, піскен дәнінде – 35 процент, ал сабағында – 10 процент белок болады.
Қоректік заттар ішінде протеиндердін тіршілік үшін маңызы өте зор. Протеин мал азығына үзіліссіз енбесе организм тіршілігіне қауіп төніп, тіпті тоқтауы да мүмкін. Денедегі ақзат алмасуын қамтамасыз етіп, ескіріп ыдыраған қосындылар орынын жаналармен алмастырып, өсіп келе жатқан жас организмде жаңа үстеме қосындылар құрастырып, өндірілетін өнім ақзатын түзуге жағдай туғызу үшін сыртқы ортадан қажетті мөлшерде және саплы денгейде азоттық заттар еніп түруы шарт.
Минералды заттар. Минералды заттарға мал азығын жоғары температурада 500-550 С жаққанда қалатын шикі күл құрамындағы химиялық элементтер жатады. Олардың азық құрамындағы мөлшері грамдап есептеліп сегізі макро көп мөлшердегі элементтер деп, ал қалғаны макро – аз мөлшердегі элементтер деп аталады. Макроэлементтерге жататын азық күлінде көп болатын кремний шақпақ элементі инертті реакцияларға қатыспайтын тотық ретінде болатындықтан, әдетте оны есепке алмайды. Макроэлементтердін төртеуі – кальций, калий, натрий және магний – алмасу барысында сілтілік қасиеттер көрсететіндіктен сілтілік немесе негіздік макроэлементтер деп, ал қышқылдық қасиеттер көрсететін үшеуі – фосфор, күкірт, хлор – қышқылдық макроэлементтер деп аталады. Арақатынастары бұзылған жағдайда бір элементтің мал азығында жеткілікті болуына қарамастан сіңіріліп, пайдаланылуы күрт төмендеп, организм зиян шегеді.
Малды қоректендіру барысында жемшөп түрлерінін организмге қажетті мөлшерде ғана берілгенде пайдалы екенін ұмытпаған жөн. Жемшөппен қажетті мөлшерден артық не кем азықтандыру да организмге зиянды әсер етеді

Витаминдер. Витаминдер денеде зат алмасу барысын қамтамасыз ететін, организмге түзілмегендіктен азықтармен толық жеткізілуі қажет органикалық заттар. Сыртқы ортадан организмге аз енсе зат алмасуы тежеліп, бұзылып витамин жетіспеушілік – гиповитаминоздық ауыру белгілері, ал витаминдер тіпті болмағанда – витаминсіздік, яғни авитаминоздық ауыру белгілері пайда болады. Аурудын алғашқы кезеңінде барлық витаминдердін жетіспеушілігінен тәбеттін бұзылуы, өсудін тежелуі салмақ қысымының тоқталуы сияқты белгілер пайда болып, ұлғая келе ол витамин жетіспеушілігінен туатын арнайы белгілерге ұласады. Олар тек жетіспейтін витаминді бергенде ғана жазыла бастайды. Организмдегі зат алмасу барысы неғұрлым жеделдеген сайын өсіп келе жатқан төл, буаз және жоғары өнімді сақа мал организмінде витаминдер жетіспеушілігінін зардабы өсе түседі.


Витаминдерді атқаратын қызметіне байланысты екі топқа бөлінеді. Біріншісі – биокатализаторлар ретінде ферменттер құрамында қызмет ететіндері коферменттер. Оларға В витаминдердін тобы және К витамині жатады. Екіншісі – торш құрылысындағы тұзілу процесін реттеу арқасында зат алмасуына ықпалын жүргізетін индуктивтік әсер ететіндері. Оларға А, Д, Е, С витаминдері, холин жатады.

Химиялық құрылысы және физикалық әсері бойынша витаминдерді майда және суда ерігіштігіне қарай бөледі. Майда еритіндерге А, Д, Е, суда еритіндерге В тобынын және С витаминдері жатады. Витаминдердін негізгі көзі – азықтар. Тек кейбір витаминдер ас қорыту жолындағы микробиологиялық түзілуі В12К немесе организмдегі биологиялық түзілу С витамині арқылы пайда болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет