Бағдарламада ұсынылған жеті модуль



Дата27.12.2016
өлшемі9,87 Kb.
#5733

Бағдарламада ұсынылған жеті модуль

  • Оқытудағы жаңа тәсілдер;
  • Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету;
  • Сыни бағалауды қолдану арқылы оқуды және оқу нәтижесін бағалау;
  • Оқыту үдерісін жетілдіру үшін АКТ және сандық жүйелерді қолдану;
  • Талантты және дарынды балалармен жұмыс;
  • Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты топтардағы оқытудың психо-педагогикалық ерекшеліктері;
  • Орта білім берудегі басқару мен көшбасшылық.
  • Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады (Мерсер мен Лилтон).
  • Оқушылардың көбірек білетін басқа біреумен (сыныптастары немесе мұғалімі) диалог жүргізуге мүмкіндігі болған жағдайда, оларды оқыту оңай болады (Выготский).

Оқушылардың бірлесіп сұхбаттасқандағы пайдасы

  • Тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
  • Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
  • Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
  • Мұғалімдердің оқушыларды оқыту барысында олардың қандай деңгейде екендігін түсінуіне көмектеседі.
  • Оқушы өз идеясын жетілдіре алады
  • Оқушының өзіне деген сенімі артады
  • Сыни ойлау дағдысы қалыптасады

Диалогтік әңгімені дамыту

  • Оқытудағы әңгімелесу - қарым-қатынас жасаудың бірсарынды емес, керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүреді, осының негізінде оқушының білім алуында байланыс жүреді (Александер 2004).
  • Оқушы екі жақты идеяны ұштастыру арқылы жаңа білімге қол жеткізе алады.

ӘҢГІМЕЛЕСУ

  • ӘҢГІМЕЛЕСУ

Әңгіме - дебат

  • Ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
  • Ресурстарды біріктіруге бағытталған талпыныс жасалады;
  • Қарым –қатынас көбіне “Иә, бұл солай”, “Жоқ, олай емес” деген бағытта жүзеге асады;
  • Орта бірлесуге қарағанда, көбіне бәсекелестікке бағытталған болады;
  • Нәтижесінде мазмұнды тұжырым шығады.

Топтық әңгіме

  • Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әр – қайсысы механикалық түрде келісе беруі;
  • Әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы;
  • Идея қайталанады және жасалады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді;
  • Идеяның дұрыс және бұрыс жағын бағамдай алу.

Зерттеушілік әңгіме

  • Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
  • Әркімнің идеясы пайдалы деп бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;
  • Қатысушылар бір-біріне сұрақтар қояды;
  • Қатысушылар дәлелдемелер жасайды;
  • Топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге жетуі де, жетпеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).
  • Дәлелдемелер арқылы нақты пікір қалыптасады.

Талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басым болады (Мерсер).

  • Талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басым болады (Мерсер).

Сұрақ қою

  • Сұрақ қоюдың үлгісі
  • (бастама-жауап-кейінгі әрекет) (БЖК).
  • Сыныпта бастама жасайтын және оны бақылап отыратын адам ол мұғалім (Мерсер)

Сұрақтардың түрлері

  • Төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар.
  • Төмен дәрежелі сұрақтар (жабық немесе дұрыс емес).
  • Төменгі дәрежелі сұрақтар ол жаттап алуға бағытталған сұрақтар немесе мұғалімнің сұраққа өзі жауап беруі.
  • Жоғары дәрежелі сұрақтар белгілі бір жолмен ақпаратты қолдануға, қайта құруға кеңейтуге, талдауға бағытталады.

Оқушының білім алуын қолдау үшін

  • Түрткі болу, сынамалау және қайта бағыттау техникаларын пайдаланамыз.

Түрткі болу

  • Жауап алу үшін және оқушының жауабын түзету үшін (сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу) қажет.

Сынамалау

  • Толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құру
  • (Мысалы,“Сіз осыған мысал келтіре аласыз ба?”) қажет.

Қайта бағыттау

  • Сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау
  • (“Көмектесе алатындар бар ма?”).

Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру

  • Мұғалім оқушылардың жаубы арқылы білімдерін тексеру емес, сондай ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін пайдаланады.
  • Оқушылардың жауап беруіне уақыт беру керек және мүмкін болса, бұдан кейінгі сұрақтарды олардың өз сөздеріне орайластырып құраған дұрыс.

Егер жауапты күту уақыты созылып кетсе



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет