Бағдарламаға түсініктеме Мектеп жүйесінің білім беруге бағдарлануы



Pdf көрінісі
Дата24.07.2020
өлшемі241,97 Kb.
#75578
Байланысты:
Бағдарламаға түсініктеме



Бағдарламаға түсініктеме _ Мектеп жүйесінің білім беруге бағдарлануы   

 

 

Жаңа дәуірдің заманауи талаптары тұтас әлемдік кеңістікті өзінің кәсіби қызметіне 



сын көзімен қарауға және заманның талабы мен қажеттіліктеріне орай жаңғыртып, қайта 

құрылымдауды  талап  етуде.  Бұл  тек  әлемде    қалыптасқан  жағдаймен  ғана  емес,  адам 

өмірінің  және  қоғамның  заманауи  талабына  да  байланысты.  Мәнін  түсініп  іс-әрекетті 

қажет  ететін    алғашқы  заман  талабы    бұл  оқыту  мен  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру 

мәселесі. Мұғалімдер 

 

білім беру процесіне тікелей қатысатын нақты әлемнен виртуалды 



әлемде оқытуға көшуі қажет.

 

Бұл мұғалім үшін оңай міндет емес, сондықтан  кәсіби оқу 



мәселесін дұрыс және нақты ұйымдастыра білу аса маңызды.    

 

 



Өмір  талаптары мен міндеттерін қайта қарап  жаңа арнада жалғасуда.  Сондықтан 

назар  аударуды  қажет  ететін  екінші  заман  талабы  балаларды  оқыту  және  үйрету  үшін 

қажетті кәсіби  құзыреттіліктерді және IT-дағдыларын меңгеру болып табылады. 

 

           



 

 

Мұғалімдер  үшін  бағыт-бағдар  болып,  олардың  қызметіне  баға  беретін  үшінші 



заманауи  талап  –  оқушылардың  оқудағы  жетістіктері  цифрлық  форматта  тексерілетін 

PISA-2021 халықаралық тестілеуі. 

 



 

 

Жаңа  заман  талыбының  міндеттерін  шешу  үшін  дүниежүзі  елдеріндегі  білім  беру 



жүйелерінің  материалдары  мен    оқыту  және  оқу  тәжірибесін  ой  елегінен  өткізіп 

зерделеуді ұсынамыз.  

Мұғалімдердің өз оқушылары үйренуі тиіс дағдыларды жетік меңгеруі керек екенін, 

сонымен қатар цифрлық технологиялар мен басқа да замануи технологияларды меңгеруде 



оқушылардан анағұрлым ілгері болуы тиіс.  

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет