Күні:02.09.2020ж.
Пәні: Бағдарламамен қамтамасыздандыруды өңдей технологиясын жобалау
Тақырыбы: Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің жіктелуі мен принциптері
1. Программалық жабдықтаманың жіктелуі
2. Операциалық жүйе жіктелуі
3 .Windows типіндегі операциялық жүйе
4 .БҚ принциптері
Компьютерге арналған программалардың жиынтығы программалық ол қызмет ету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады.
Жүйелік жабдықтама деп өзіне: операциялық жүйелерді; желілік программалық жабдықтаманы; сервистік программаларды; программаларды жасау құралдарын.
Операциялық жүйелердің негізгі қызметі: Операциялық жүйелердің негізгі қызметі:
физикалық;
логикалық
есептеуіш жүйелердің процестері ресурстарын басқару болып табылады.
Физикалық ресурстарға: жедел жад, процессор, монитор, баспа құрылғысы, магниттік және оптикалық дискілер жатады.
Логикалық ресурстарға: программаларды, файлдарды, оқиғаларды және т.б. жатқызуға болады.
Желілік программалық жабдықтама желілік есептеуіш жүйелердегі жалпы ресурстарды: магниттік дискілердегі желілік жинақтауышарды, принтерлерді, сканерлерді, жіберілетін хабарламаларды және т.б. басқаруға арналған.
Желілік программалық жабдықтамаға:
желілік ОЖ
желілік емес ОЖ-лерде бар кейбір желілік программаларды жатқызады.
Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі мақсаттық мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама аталады.
Операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін және қосымша қызметтер жиныны ұсыну үшін сервистік программалар қолданылады. Сервистік программалардың ішінен утилиталарды қарастырамыз. Утилиталар пайдаланушыларға компьютер мен оның жабдықтамасына қызмет көрсету құралдарын ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |