Түсінік хат.
Қазақстан тарихы қәзіргі замандағы оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі елеулі рөл атқаратын пәндердің негізгісі. Сонымен бірге, Қазақстан тарихы ең күрделі, ең қызықты, оқушылардың өз Отаны үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуге қызмет ететін, шығармашылығын дамытатын, зерттеу жұмыстарына байланысты пән.
Қазақстан ұшы қиырсыз кең байтақ ел. Осындай кең байтақ даланың тарихи сипаты жағынан қарама-қарсы әрі күрделі оқиғалар мен құбылыстарға тола.
Ата-бабаларымыздың өмір тарихының негізгі кезеңдерін танып білудің маңызы аса зор. Тарихтың кейбір парақ пен құпия сырлар мен жұмбақтарға толы, бірақ олар із-түссіз жоғалған жоқ.
Біздің тарихымыз – өз шежіреміз, болашағымызды қалыптастыратын келешегіміздің тірі тағылымы. Ата-бабаларымыздың тарихы мен мәдениеті, бізге, олардың ұрпақтарына, бұрын соңды жасалған туындылардың мирасқорларына өте қызық, әрі құнды дүние. Өткен күнді тірілтпей көп ұлтты Отанымыз Қазақстан бүгінгісін оның егемендікке қол жеткізгендігін тану мүмкін емес.
Сондықтан да халық тағдырын баянды етер тарих пен мәдениетті оқып үйрену әр адамда Отан сүйгіштікке, өз елінің азаматы болуға баулыйды.
Бағдарламаның мақсаты.
Оқушылардың ғылыми танымдық қабілетін дамытып, білімді тереңдете оқыту, кәсіби дағды арқылы еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстандағы мемлекеттердің шаруашылығы, халқы, мәдениеті, діни түсініктері саяси құрылысы, экономикалық жағдайы, сыртқы және ішкі саяси жағдайлары туралы жан жақты терең мағлұмат алып, танып білу; Оқушылардың жүйелеп ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту.
Бағдарламаның міндеті.
Оқушылардың дүние танымдық көз қарас негіздерін қалыптастыру.
Оқушылардың жеке қабілеттің барысында жан-жақты ескеру.
Оқушылардың саяси белсенділігін арттыру.
Оқушыларға жан-жақты тарихи мәлімет бере отырып, өз мамандығын таңдауға іскерлік дағдысын қалыптастыру.
Бірнеше пәнді бір деңгейде тереңдете оқыту.
Бағдарламаны оқыту барысында оқушылар білу тиіс;
Қазақстан тарихының кезеңдерін, хронологиялық шеңберлерін;
Қазақстан жерін мекендеген мемлекеттердің ішкі-сыртқы жағдайын, халқын, оның әлеуметтік құрамын, шаруашылығын, халықтық тұрмыс-тіршілігін;
Тарихи материалдар; құжаттар, хаттар, ережелерді танып зерттей білу;
Кестелер, салыстырмалы кестелер, диаграммалармен жұмыс істей білу;
Тарихи-мәдени мұралармен ескерткіштерді сақтауға үлес қосу;
Карта, хронологиялық карта, қажетті мағлұматтарды ала білуі;
Өз білімдерін ұқсас, ұқсас емес жағдайларды қолдана білу;
Пән аралық байланысты таба білуі;
Тапсырмалар бойынша баяндама, реферат, хабарламалар дайындай білуі;
Тарихи зерттеген ғалымдар, саяхатшылар, тұлғалар туралы нақты деректерді;
Оқиғалардың алдын немесе кейін болғанын айыра білуі;
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер;
Отандық тарихи және өз білімі, Отандық деректеме пәніне оқушылардың қызығушылығы артады;
Оқушыларды тарихтағы мәдени мұралар, мәдениетті дамытудағы Қазақ халқының еңбегімен үлестері туралы жан-жақты терең және тиянақты түсінік қалыптастырады;
Тарихтағы ұлттық бағаларды бере алады, өз білімдерін пікір талас дискуссия, дебат кездерінде
қолдана алады.
Әр түрлі негіздеме бола алатын әдебиеттермен жұмыс жүргізе алады. Олардың материалдарын тақырыптармен даталар мерзімдер бойынша топтастыра біледі;
Рефераттар, хабарламалар дайындай алады;
Сайыс, байқау, тест кезінде өз білімдерін көрсете алады;
Білім сапасымен танымдық көз қарасы артады;
Әдістемелік нұсқау.
Әр тақырыпты қысқаша түсіндіру.
Әр өткен тақырыпқа лекция немесе конспект жаздыру.
БАҚ материалдарды, газеттерді, күнделікті оқып талдау.
Картамен жұмыс жасау.
Тест тапсырмалармен жұмыс жасау.
Әр тараудан кейін шығармашылық тапсырмаларды орындауға, қортындылауға үйрету.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін, ізденімпаздығын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |