Бағдарламасы 6М010300 «Педагогика және психология»



Дата04.08.2017
өлшемі228,35 Kb.
#22614
түріБағдарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


«Психология және педагогика» кафедрасы

Түсу емтиханының бағдарламасы
6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша

Павлодар


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті





Бекітемін

С. Торайғыров атындағы ПМУ

ректоры

___________ А. А. Өрсариев



«___»_____________20__ж.



Түсу емтиханының бағдарламасы
6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша
Бағдарлама 2012 жылдың «23» тамызындағы № 1080 ҚР ПП бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары оқу орнынан кейінгі білім стандарты және 2012 жылдың 19 қаңтарында бекіген № 109 ҚР ПП жоғары оқу орнынан кейінгі білім кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдарына оқуға қабылдаудың Типтік ережесі негізінде әзірленді.
Құрастырушылар: п. ғ. к., профессор Кудышева А. А.,

Психология және педагогика кафедрасы


Кафедра мәжілісінде ұсынылды _____________________________, хаттама №____ «___»__________20__г.
Кафедра меңгерушісі ________________ Бурдина Е. И. «____» ________20__ж.

Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«_____»______________20__ж. Хаттама №____
ОӘБ бастығы ________________ Шахажанова Г. К. «____» ________20__ж.

КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы _______________ Бегімтаев Ә. І. «____» _________20__ж.


1 Емтихан өткізу мақсаты мен міндеттері
Неғұрлым дайындалған үміткерлерді анықтау үшін магистратураға түсушілердің білім деңгейін және оқуға деген мүддесін анықтау түсу емтиханының мақсаты болып табылады.

Түсу емтиханының міндеттері:



  • мамандық мәселелері бойынша үміткерлердің құзіреттіліктерін анықтау;

  • оқу мүддесін және болашақтағы кәсіби қызметтерін анықтау;

  • магистратурада оқу үдерісінде болашақ магистранттың ғылыми, өндірістік және инновациялық қызметке дайындығын анықтау.


2 Емтиханды өткізу нысаны мен ұйымдастырылуы
Түсу емтихандары ҚР БҒМ бекіткен мерзімде және түсу емтихандарын өткізу кестесіне сәйкес жүргізіледі. Мамандық бойынша түсу емтиханы кешенді емтихан болып саналады (КЕ) және құрама нысанда (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе) немесе компьютерлік тестілеу + ауызша (питч)) үш тілдің біреуінде (қазақ, орыс, ағылшын) үштілді білім беру тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жүргізіледі.

Емтиханның өтуінің барлық рәсімі бейнекамерада сақталады.

Емтиханның өтуінің болжамды уақыты:

- компьютерлік тестілеу – 45 минут (30 сұрақ. 1 сұраққа 1,5 минуттан уақыт белгіленеді);

- жазбаша емтихан – эссе (30 мин);

- питч – 2–3 мин. жұртшылық алдында сөйлеуге, 2 мин. сұрақ-жауапқа беріледі.

Компьютерлік тестілеуге магистратураға түсуші барлық үміткер қатысады, емтиханның екінші бөлімі модульдік білім бағдарламасында жоспарланған білім траекториясына байланысты жүргізіледі.

Оқытудың 2 траекториясы жоспарланған.






Оқу траекториясының атауы

Емтихан қабылдау нысаны

1

Зерттеу (ғылыми-педагогикалық) / эксперименталды (бейіндік)

Құрама (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе))

2

Кәсіпкерлік (Start Up - магистратура)

Құрама (компьютерлік тестілеу + питч)


Емтиханды қабылдаудың құрама (компьютерлік тестілеу + жазбаша) нысанында емтиханның әрбір кезеңіне:

- компьютерлік тестілеу – 30 сұрақ мамандық бойынша, үміткерлердің кәсіби қызметке байланысты құзіреттіліктерін тексеру үшін;

- жазбаша бөлім – Эссе, ынталандыру, оқыту және ғылыми-зерттеу қызметін анықтау жатады.
Емтиханды қабылдаудың құрама (компьютерлік тестілеу + питч) нысанында:

Сұрақтарға жауап питчі (Презентациясы бар 3 минуттық баяндама және 2 минут комиссия сұрақтарына жауап беруге беріледі) таңдалған сала және олардың коммерциялық тартымдылығы стартап-жобаның идеяларын анықтау үшін жүргізіледі.



Қабылдау комиссиясының құрамы мен қызмет саласы. Мамандық бойынша түсу емтиханын университет ректорының бұйрығымен бекітілген қабылдау комиссиясы (ҚК) өткізеді. Құрамы төраға және кемінде үш мүшеден тұруы тиіс және оның екеуі ғылым докторы болуы тиіс. Комиссия жұмысына факультет деканы, университеттің арнайы кафедраларының ПОҚ, бизнес-қоғамдастық өкілдері, ППС специальных кафедр университета, представители бизнес-сообщества, бөгде ұйымдардың өкілдері және комиссия хатшысы қатысады.

Комиссия қызметінің аясына жатады:



  • үміткерлердің мамандығы мәселелері бойынша құзыретін анықтау;

  • оқу мүддесін және болашақтағы кәсіби қызметін анықтау;

  • магистратурада оқу үдерісінде болашақ магистранттың ғылыми, өндірістік және инновациялық қызметке дайындығын анықтау.

Түсу емтиханы алдын ала белгіленген компьютерлік залда және бейнежазбасы бар дәрісханада ҚК мүшелерінің кемінде жартысы болған кезде ғана өткізіледі.

Емтиханды өткізу тәртібі:

- үміткер кестеге сәйкес, белгіленген уақытта белгіленген дәрісханаға емтиханға келеді;

- ҚК мүшелерінің рұқсатымен үміткер компьютерден жұмыс орнын/жауап парақшасын алады;

- жауап парағында үміткер өзінің тегін, аты, әкесінің аты немесе аты-жөні кодын, мамандығы және ол таңдаған оқыту траекториясын көрсетеді;

Эссе үшін:

- 30 минут ішінде үміткер эссе жазады (жауаптар қысқа нұсқа болуы, қажет болған жағдайда графиктер, формулалар, схемалар және т. б қамтитын болуы тиіс.);

- барлық сұрақтарға жауаптардың болжамды көлемі 3–4 беттен көп болмауы керек;

- барлық сұраққа жауап бергеннен кейін үміткер жауаптардың барлық парақтарында өз қолтаңбасын қояды және оларды қабылдау комиссиясының хатшысына тапсырады;

Питч үшін

- питч тестілеу аяқталғаннан кейін кестеге сәйкес С. Торайғыров ПМУ дәріс залдарында жүргізіледі. Питч тапсыру форматы: үміткер 3 минут ішінде баяндамасын жасайды, бұдан соң 2 минут комиссия сұрақтарына жауап береді. Үміткерлердің питчін әділ бағалау мақсатында баяндама және сұрақтарға жауап беру мезгілінде дәрісханаға бір ғана үміткер босатылады.
3 Білімді бағалау тәртібі
ҚК мүшелері үміткерлердің білімі мен әлеуетін әріптік-рейтингтік жүйе бойынша бағалайды.

КЕ тапсыру барысында анықталған білімін бағалау туралы шешім комиссия мүшелерінің жабық отырысында ашық дауыс беру арқылы осы отырысқа қатысушының көп дауысына қатысты қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда, ҚК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Барлық комиссия отырысы хаттамамен ресімделеді. Хаттаманы бітіртуші кафедра оқытушыларының арасынан тағайындалған комиссия құрамынан белгіленген ҚК хатшысы толтырады. Хаттамаға білімді бағалау, ҚК мүшелерінің ерекше пікірлері енгізіледі.

КЕ нәтижелері КЭ емтихан күні университеттің ақпараттық стендтерінде жарияланады.

Үміткер бағасымен келіспеген жағдайда қолданыстағы ережелерге сәйкес апелляцияға бере алады.
4 Білімін бағалау критерийлері

Баға 100 балдық шкала бойынша анықталады. Емтихан бойынша қорытынды рейтинг балл бойынша кестеге сәйкес түсу сандық эквивалентке, әріптік және дәстүрлі бағаға ауыстырылады емтихан ведомосына енгізіледі.




Қорытынды баға балмен (Қ)

Сандық эквивалент балмен (С)

Әріптік бағалау жүйесі (Ә)

Дәстүрлі жүйедегі баға (Д)

Емтихан, диф. сынақ

сынақ

95-100

4

А

Өте жақсы

есептелді

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

есептел-меді


5 Эссе және оны жазу әдістемесі
Тапсырма (сөздің максималды саны - 300):

Өзіңіздің магистратурада оқу кезінде болашақтағы ғылыми-зерттеу қызметіңіздің бағытын қалай елестетесіз?

Эссе құрылымы А қосымшасында көрсетілген.


Эссе жазу әдістемесі.

Эссе – шағын көлемді және еркін композициядағы прозалық шығарма. Эссе автордың нақты пән бойынша жеке пайымдауларын білдіреді және тақырып бойынша анықтаушы пайымдайындарын толық көрсетпеуі мүмкін. Көлеміне және функцияларына қарай бір жағынан, ғылыми мақалалар мен әдеби очерктерге, екінші жағынан − философиялық трактаттарға жақын болып келеді. Эссе стиліне бейнелілік, шешендік және қарама-қайшы қою, ашық және ауызекі сөйлеу интонациясы тән.

Жалпы алғанда эссе бірнеше бөліктен тұрады:

- сөйлеу, онда негізгі мәселе айқындалады (10 % мәтін көлемінен);

- негізгі бөлім, мұнда автор сұрақ бойынша өзінің түйінді көзқарасын білдіреді (80 % мәтін көлемінен);

- қорытынды, мұнда автор өз эссесінің тұжырымын көрсетеді (мәтіннің 10 % -на дейін).

Эссе жекеше түрде бірінші жақта жазылады. Қабылдау қолайлы болу үшін мәтіннің мағыналық бөлігі абзацтармен ажыратылады, жаңа ой басталғанда жаңа жолдан басталып жазылады.

Осы мәселе бойынша дайындалу үшін мүмкіндігінше арнайы әдебиетпен танысу керек немесе эссе жазу әдістемесі бойынша нұсқаулықтармен танысу керек.


6 Питч және оны жазу әдістемесі
Тапсырма:

Сіз таңдаған сала бойынша өзіңіздің стартап-жоба ұсыныстарыңызды көрсетіңіз.

Питч құрылымы Б қосымшасында берілген.


Питч жазу әдістемесі

Питч (Питчинг, pitch, pitching)қысқаша сөздік (кейде бейне) ұсыныстар презентациясы, мақсаты - әлеуетті сатып алушының назарын аударту және қаржылай демеу алу, немесе сценарий сату. Негізінде питч төрт-бес сөйлемнен тұруы тиіс (бес минуттан аз).

Питч ұзақтығы 3 минуттық баяндамадан тұруы тиіс және 2 минут ішінде коммерциялық уәжділікті жүзеге асыру мақсатында өндіріс, техникалық мүмкіндіктері тұрғысынан стартап-жоба бойынша комиссияның сұрақтарына жауап беруі тиіс.

Осы мәселе бойынша дайындалу үшін мүмкіндігінше арнайы әдебиетпен танысу керек немесе питч жазу әдістемесі бойынша нұсқаулықтармен танысу керек.

7 6М010300 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша түсу емтихандарының бағдарламаға енгізілген пәндерінің тізбесі

- Педагогика;

- Психология және адамның дамуы.
8 6М010300 «Педагогика және психология» мамандығының түсу емтиханы пәндері бойынша сұрақтар тізімі

Тақырып 1. Педагогика пәні. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде

Антикалық және заманауи ойда «педагогика» түсінігі. Ғылым ретінде педагогика зерттеуінің объектісі. Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде. Заманауи кезеңде педагогикалық ғылымның міндеттері. Педагогикалық ғылымның негізгі категориясы мен түсініктері. Педагогикалық ғылым және оның мазмұны. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.

Тақырып 2. Психология пәні. Психологияның дамуы туралы тарихи мәліметтер

Психологияны ғылыми білімнің басқа салаларынан ғылым ретінде бөлу. Ғылыми пән ретінде психология зерттеуінің объектісі. Заманауи психология, оның міндеттері мен ғылым жүйесіндегі орны. Заманауи психологиялық ғылым құрылымы. Психологияның базалық және қолданбалы салалары және олардың міндеттері. Психологияның қиылысу салаларының пайда болуы. Жалпы психология туралы түсінік.



Тақырып 3. Педагогикалық және психологиялық зерттеулер әдістері

Әдіснама ғылыми танымның әдістері туралы философиялық білім ретінде. Педагогикалық ғылым әдіснамасы. Экспериментальды-эмпирикалық деңгей әдістері. Теориялық деңгей әдістері. Психологияның негізгі әдістері туралы түсінік. Бақылау, лабораториялық және табиғи эксперимент. Анкета және сұхбат, материалды жинау мен өңдеудің басқа да әдістері. Педагогқа қол жетімді психологиялық зерттеу әдістері. Психодиагностика, психологиялық тесттер және психологиялық зерттеудің нақты әдістемесі.



Тақырып 4. Психика және сана

Психикалықтың рефлеклы табиғаты жүйке жүйесінің қасиеті ретінде. Психологиялық заңдылықтардың объективті сипаты. Ми және психика. Психика эволюциялық дамудың өнімі және факторы ретінде. Антропогенез үдерісінде психикалық іс-әрекеттің сапалық өзгеруі. Психика және сана. Сана және тіл. Сана құрылымы және оның негізгі психологиялық сипаттамасы.



Тақырып 5. Психикалық танымдық үдерістер

Таным. Танымдық іс-әрекет. Психикалық танымдық үдерістер. Түйсік пен қабылдау туралы түсінік. Түйсік бейнелеу теориясы негізінде. Рецепторлар және анализаторлар. Түйсікте ақпаратты таңдау. Түйсік түрлері мен классификациясы. Қабылдау түрлері мен классификациясы. Бақылау және оның тиімділік шарты.

Ес туралы түсінік. Ес теориясы. Ес және іс-әрекет. Естің физиологиялық негізі. Ес түрлері. Үдерістер.

Танымдық іс-әрекеттің ең жоғарғы формасы ретінде ойлау туралы түсінік. Ойлаудың әлеуметтік табиғаты. Ойлау және тұлға. Түсінік. Ойлау операциясы. Ойлау үдерісінде талдау мен синтез. Ойлау мен сөйлеу. Ойлау түрлері және оның жеке ерекшеліктері. Оқушылардың ойлауын зерттеу әдістері.

Қиял туралы түсінік және оның әлеуметтік табиғаты. Қиял түрлері. Фантазия. Арман және тәжірибелік іс-әрекет. Баланың ойын іс-әрекетінде және ересектің шығармашыл іс-әрекетіндегі қиялдың ролі. Зейін туралы түсінік. Зейіннің теориялық концепциясы. Зейін түрлері. Зейін қасиеттері. Мектепте оқу үдерісіндегі зейін. Оқушы зейінін оқуға шоғырландыру және ұстап тұру жолдары.

Тақырып 6. Балалардың жеке және жас ерекшеліктері, олардың оқу-тәрбиелік үдерісте есепке алу

Психология тұрғысынан жас сипаттамасы. Кіші мектеп жасы. Жасөспірімдік жас. Тұлғаның жеке ерекшеліктері және оны педагогикалық үдерісте есепке алу.



Тақырып 7. Іс-әрекет

Іс-әрекет түсінігі. Адам іс-әрекетінің пәндік сипаты. Қажеттілік адам белсендігінің қайнар көзі ретінде. Адам іс-әрекетінің құрылымы. Әрекет мақсатқа қол жеткізуге бағытталған үдеріс ретінде. Әрекет және қимыл.



Тақырып 8. Қарым-қатынас

Қарым-қатынас туралы түсінік. Қарым-қатынас пен іс-әрекет біртұтастығы. Сөйлеу механизмдері және оның бұзылыстары. Бала тілінің дамуы.

Қарым-қатынастың коммуникативті, интерактивті және персептивті жақтары. Қарым-қатынас ақпарат алмасу ретінде. Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас. Қарым-қатынас тұлғааралық өзара әрекеттесу ретінде. Педагогикалық қарым-қатынас және оның әлеуметтік-психологиялық механизмдері. Тұғааралық қарама-қайшылық және оны шешуде мұғалімнің ролі. Адаммен адамды қабылдаудың психологиялық механизмдері. Қарым-қатынастағы кері байланыс.

Тақырып 9. Кіші топтар мен ұжымның психологиясы

Топ түсінігі. Кіші топ психологиясы және оның түрлері. Топ дамуының деңгейі бойынша оның типологиясы.

Ұжым топ дамуының ең жоғарғы деңгейі ретінде. Ұжымда тұлғааралық қарым-қатынасты әрекеттік. Топ және ұжымдар дифференциация. Тұлғааралық таңдау. Социометрия. Сынып ұжымындағы басшылық. Ұжымдық идентификация. Топ, ұжым ауызбіршілігі және коллективизм тәрбиелеу үдерісінде.

Тақырып 10. Тұлға

Психология мен педагогикада тұлға түсінігі. Индивид, тұлға және жеке даралық. Тұлға құрылымы. Тұлғаның биологиялық және әлеуметтік құрылымы. Тұлға адамның әлеуметтік сапасы және оның жүйелік құрылымы ретінде. Тұлғаның негізгі параметрі. Тұлға бағыттылығы. Түрткілер мен қызығушылықтар. Тұлға идеалдары, сенімдері мен дүниеге көзқарасы. Тұлға түсінігі. Субъект іс-әрекеті тұлға дамуының факторы ретінде. Өзіндік сана, өзін-өзі бағалау және оның тұлға қалыптасуындағы ролі. Психология мен педагогикада тұлға қалыптасуының түсінігі. Тұлға дамуының қозғаушы күштері. Оқушы тұлғасын зерттеу әдістері.



Тақырып 11. Мектептегі оқыту-тәрбиелік үдеріс мұғалім іс-әрекетінің объектісі және біртұтас құбылысы ретінде

Оқыту-тәрбиелік үдерістің біртұтастығы. Оқыту-тәрбиелік үдеріс мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде. Біртұтас педагогикалық үдерістің белгісі, қасиеттері мен сапасы. Қарама-қайшылық үдерістің қозғаушы күші ретінде.



Тақырып 12. Тәрбие педагогикалық үдерісте

Тәрбие мақсаты мен оның әлеуметтенуі. Жан-жақты үйлесімді тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының өзара байланысы. Мектептегі тәрбиелік жүйе.



Тақырып 13. Оқыту-тәрбиелік үдерісте тәрбиелеу әдістерінің формасы, құралдар жүйесі

Тәрбиелеу құралы, формасы және әдісі туралы түсінік. Сананы қалыптастырудың әдістері. Іс-әрекетті ұйымдастыру әдстері және тәртіп тәжірибесін қалыптастыру.



Тақырып 14. Оқыту-тәрбиелік үдерісте мұғалім мен балалар ұжымының өзара әрекеттесуі және өзара байланысы

Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері. Оқушылар ұжымы дамуының негізгі заңдары. Оқушылар ұжымы қалыптасуының түрлі кезеңінде іс-әрекет және қарым-қатынастың өзара байланысы. Балалар ұжымымен жұмыс істеуде мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері. Балалар ұжымының жағдайын зерттеу әдістері.



Тақырып 15. Заманауи мектепте білім беру мазмұны

Білім беру. Өсіп келе жатқан ұрпақты дайындаудағы әлеуметтік талаптар. Білім беру мазмұны туралы түсінік. Ғылым негіздерін таңдау үшін критерийлер жүйесі. Білім беру мазмұны компоненттерінің сипаттамасы. Білім беруді стандарттау. Нормативті құжаттар. Жалпы орта білім беру стандартына талаптар.



Тақырып 16. Мектепте оқыту. Заманауи сабақ

Оқыту мәні, мақсаты, міндеттері, қызметі, заңдылықтары, ұстанымдары және кезеңдері. Оқытудың әдіснамалық негіздері. Оқытудың психологиялық негіздері. Оқытуды ұйымдастыру формасы туралы түсінік. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы. Заманауи сабаққа талаптар.



Тақырып 17. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендіруде заманауи тұрғылар.

Оқыту үдерісін белсендіру. Таным теориясы оқу белсенділігінің әдіснамалық негізі ретінде. Белсенді оқу мәні. Танымдық белсенділік мәнін түсінудегі екі тұрғы. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендіруде әрекеттік тұрғы. Тұлғалық-бағытталған тұрғы. Оқу үдерісін зерттеушілік тұрғы. Мәселелік оқыту. Оқытуды алгоритмдеу. Дифференциялық оқыту. Ұжымдық-танымдық іс-әрекет. Танымдық қызығушылықты қалыптастыру. Педагог новатор тәжірибесінде оқыту іс-әрекетін белсендендіру.



Тақырып 18. Оқыту-тәрбиелік жұмыс нәтижесін есептеу және бағалау.

Басқару және есептеу мәні. Мектепішілік басқару. Басқару түрлері. ИДБ тексерудің негізгі әдістері. Оқушылардың үлгермеу себебі. Тәрбиелік жұмыс нәтижелерін бағалау. Оқушының тәрбиелі болуы және оның критерийі. Оқыту және тәрбиелеу үшін сабақ нәтижелілігін талдау сызбасы.



Тақырып 19. Нормативті құжаттардың және ҚР – да білім беру жүйесінің сипаттамасы

«Білім беру туралы» ҚР Заңы (2011). "Ғылым туралы" ҚР Заңы. Білім беру саласында мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдары. Білім берудің мемлекеттік стандарты. Білім беру жүйесін ары қарай жетілдірудегі маңызды факторлар. 2020 ж. дейін білім беру дамуының мемлекеттік бағдарламасы.



Тақырып 20. Мектептің оқыту-тәрбиелік үдерісін диагностикалау басқарудың негізі ретінде

Оқыту үдерісінің өту сапасын және жағдайын диагностикалау. Педагогикалық үдеріс диагностикасының мәні. Педагогикалық ақпарат. Шығыс, ағымды және оперативті ақпарат. Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамасы және көрсеткіштері: үлгерім, оқушылар ұжымының қалыптасуы, оқушылардың қоғамдық белсендірілуі, оқушы отбасының әлеуметтік-психологиялық портреті, педагогикалық ұжым жағдайы.



Тақырып 21. Оқушының интеллектуалды және тұлғалық потенциалын диагностикалау оқыту мен тәрбиелеу субъектісі ретінде

Оқыту-тәрбиелік үдерісті тиімді басқару. Әлеуметтік шынайылық объектілеріне технологиялық тұрғы. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары. Оқытудың дәстүрлі технологиясы. Оқытудың дәстүрлі технологиясының әдістері. Жаңа педагогикалық технологиялар. Біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясы.



Тақырып 22. Педагогикалық технологиялар мен психологиялық техникалар негізінде оқыту-тәрбиелік үдерісті тиімді басқаруды ұйымдастыру

Оқушы интеллекті. Интеллектуальды потенциал. Өзекті даму аймағы. «Жақын даму аймағы». Тұлғалық қасиеттер мен сапалар. Оқушының психикалық танымдық үдерісін диагностикалау. Оқушының тұлғалық қасиеттерін диагностикалау.



Тақырып 23 Бастауыш мектеп жасындагы баланың дамуы. Бастауыш мектеп жасындагылардың дамуыныц жалпы шарты. Оку іс әрекеті кіші мектептегілердің жетекші іс әрекеті ретінде. Оқу іс әрекетінік жалпы күрылымы, қалыптастыру заңдылықтары. Мектептегі алгашкы теориялык ойлаудың калыптасуы (Д.Б.Әльконин, В.В.Давыдов).

Тақырып 24 Мектепке денінгі бала психикасының дамуы. Әртүрлі жас сатыларындагы психикалык және физикалык даму ерекшеліктері. Туа пайда болган рефлекстер. Шартты рефлекстердің пайда болуы. Рецепторларды, әмоцияларды, қозгалыстарды даму. Іс-әрекеттің әр түрлі формаларының және мектепке дейінгілердің ересектермен, құрбыларымен карым катынас формаларының даму ерекшеліктері.

Тақырып 25 Жасөспірімдік кезеңнін сипаттамасы. Жасөспірім жасының дагдарысы мәселесін шетел және кеңес психологиясында зерттеу. Жасеспірім жасына өтудің анатомиялык-Аизиологиялық және психологиялык алгы шарттары. Жасеспірімдердің физикалык, акыл-ой, әлеуметтік дамуындагы индивидуалды және жыныстык айырмашылыктар. "Есею сезімі" жасөспірім жасының негізгі психологиялык күрылымы ретінде, онын түрлері. Жасөспірім жасындагы жетекші іс-әрекет.

Тақырып 26 Ерте жастық шақ психологиясы (Ранняя юность). Жасөспірім кезеңнен ерте жастық шақка өту, оны шет ел және кеңес психологиясында зерттеу. Өтудің анатомия-физиологиялық және психологиялык алғы шарттары. Жетекші іс-әрекет мәселесі.Акселерация мәселесі. Кәсіби багдарлану ерте жастық шақтың жетекші жаңы қүрылымдары ретінде.


Әдебиет тізімі



Негізгі әдебиеттер:

  1. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы,2011

  2. Педагогика: Дәріс курсы.-Алматы:Нұрлы Әлем,2012.-367с.

  3. Жұматаева, Е. Этнопедагогика: хрестоматия/Е. Жұматаева.-Павлодар: С. Торағыров атындағы ПМУ, 2012.- 171

  4. Общая психология: учеб. для студентов вузов: в 7 т. / под ред. Б. С. Братуся. - М., 2011.

  5. Ахметова, Г. К. Педагогика:оқулық/Г. К. Ахметова, З. Ә.Исаева, Н. С. Әлгожаева.-Алматы:Ғаза университетi,2011.-220 б..

  6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы Орта білім. Астана, 2011

  7. Бұзаубақова Қ.Ж. Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2012

  8. Хьелл Л., Зиглер Д. Теории личности (основные положения, исследования и применение). – СПб, 2011.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Ж.Аймауытов. Психология оку құралы. Алматы.1994ж.

  2. Ә.К;.Алдамуратов Жалпы психология. Алматы. 1996ж.

  3. А.С.Выготский. Психология.(аударма) Алматы. 2005ж.

  4. Р.С.Немов. Психология. I-П-Ш-том. 2003ж.

  5. Қ.Б.Жарьщбаев. Психология. Алматы. 2003ж.

  6. С.Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы. 2003ж.

  7. М.А.Асылханова.- Психология. Алматы. 2004ж.

  8. Болдырев Н.И: Класс жетекшісі. Алматы: Мектеп, 1980

  9. Бержанов Е., Мусин С. Педагогика тарихы. Қысқаша курс: Оқулық Алматы. 1971

  10. Жұмабаев М. Педагогика Алматы: Ана тілі, 1992

  11. Садықов Т.С, Әбілқасымова А.Е. Жоғары мектепте білім берудің

  12. дидактикалық негіздері.Алматы, 2003

  13. 13. Өстеміров К, Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. Алматы, 2006

  14. 14.Қулшанова С. Мектеп педагогикасы. Алматы, 2005

  15. 15.Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Қазақ Ұлтгық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы. Алматы, 2005

  16. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы. Алматы, 2005.


А қосымшасы

(Эссе құрылымы)


Тапсырма (сөздің максималды саны - 300):

Өзіңіздің магистратурада оқу кезінде болашақтағы ғылыми-зерттеу қызметіңіздің бағытын қалай елестетесіз?

1) аты-жөні/ аты-жөнінің коды

2) Базалық білімі (мамандығы)

3) Болжамды тақырып бойынша зерттеулер қызметінің бағыты

4) Таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі

5) Мақсаттары мен міндеттері

6) Зерттелу дәрежесі

7) Болжамды диссертациялық жұмыстың жаңалығы

8) Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы

Б қосымшасы

(Питч құрылымы)


Тапсырма:

Сіз таңдаған сала бойынша өзіңіздің стартап-жоба ұсыныстарыңызды көрсетіңіз.

Питч құрылымы:

Не туралы айту керек:

- Сіз кімсіз (компанияның атауы және логотипі);

- Сіздің жоба қандай мәселені шешеді;

- оның шешіміне сұраныс қандай;

- Нарық/бәсекелестер;

- Сіздің шешім: негізгі технологиясы (қысқаша);

- Сіздің шешім: бәсекелестер алдындағы артықшылық;

- Бизнес-модель: сіз қалай ақша табасыз;

- Маркетинг және сату: нарыққа қалай шығасыз;

- Түйінді көрсеткіштері: гипотезалар, болжамдар, табыс көрсеткіші;

- Команда: неге сіз ғана бұл бизнесті жүзеге асыра аласыз;

- Ағымдағы мәртебесі (не істелді), жоспар-кестесі (не және қашан жоспарлануда);



- Капитал жұмсау қажеттілігі (қанша ақша қажет және не үшін)/ инвесторға ұсыныс (сіз олар үшін не ұсына аласыз);

- Байланыстар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет