ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті (қазақ әдебиеті)», «6М020500-Филология (қазақ әдебиеті)» мамандықтары бойынша магистратураға түсушілерге арналған арнайы пән
БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазақ филологиясы кафедрасы
Орал-2014
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» және «6М020500-Филология (қазақ әдебиеті)» мамандығының типтік бағдарламасы негізінде құрастырылды
Бағдарламаны құрастырғандар:
филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Ғ.Шарабасов
филология ғылымдарының кандидаты, доцент Р.Қ.Мұхамбетқалиева
Бағдарлама қазақ филологиясы кафедрасының мәжілісінде қаралды.
«12» маусым 2014 ж. № 10 хаттама
Кафедра меңгерушісі: ______________________________ З.Ж.Мүтиев
Бағдарламаның мақсаты – қазақ әдебиеті пәні бойынша білім деңгейін тексеру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынандай міндеттерді шешу көзделді:
– қазақ әдебиетінің тарихы бойынша қарастырылуға тиісті тақырыптар, олардың теориялық және практикалық маңызы, әдеби шығарманы зерттеу тәсілдері, әдебиет тарихының кезеңдері, әдебиеттанудың салалары жөнінде терең білуі;
– әдебиеттанудағы негізгі ұғымдарды, оның қажеттілігін, зерттеу нысандарын, қарастыратын мәселелерін, қазіргі өзекті ғылыми мәселелерді оқып-үйренудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен әдіснамалық негіздерін танудың мүмкіндіктерін білуі қажет;
– әдебиеттану салаларына қатысты терминдер мен ұғымдардың мәнін терең түсіну, әдебиеттің тарихи қоғамдық-әлеуметтік жағдайлармен байланысын қарастыру арқылы әдебиеттің ой-сананы оятудағы міндетін танып, білу, әдебиеттің даму сипатын, қазіргі әдеби үдерісті, қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстарын, әдеби аударманың теориялық мәселелерін жетік білуі тиіс;
– Әдебиеттегі ірі шығармашыл тұлғалардың өзіндік қолтаңбасын саралай білу, әдеби туындыларды талдау арқылы оның эстетикалық мәнін, тақырыптық-көркемдік сипаттарын таныта білу,
– көркем шығармаға талдау жасаудың ғылыми принциптерін игерту, әдебиет пен фольклорды зерттеп үйренуге қажетті білімді меңгерту, әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралай алуға, жан-жақты талдауға үйрету.
Бағдарламаның мазмұны.
1.Әдебиеттануға кіріспе. Әдебиеттану – көркем сөздің табиғаты, шығуы, дамуы туралы филологиялық ғылым.
Әдебиет туралы ғылым және оның салалары. Әдебиет туралы ғылымның ғылыми мәні. Әдебиеттану ғылымның өзге ғылым салаларымен байланысы мен өзіндік ерекшелігі
Әдебиет – сөз өнері. А.Байтұрсынов сөз өнері туралы. Көркем әдебиеттегі шарттылық мәселесі. Өнер туындысын бағалау критерийлері. Әдебиеттің халықтығы, ұлттық сипаты жайлы ой-толғамдар. Өнер мен әдебиеттегі халықтық ұғым. Халықтық ұғымның әр кезеңдегі көрінісі.
Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік. Көркем шығарманың тақырыбы. Басты және қосалқы тақырыптар. Көркем шығарманың идеясы және оның автор дүниетанымымен байланыстылығы.
Композиция туралы түсінік. Композициялық бүтіндік. Композицияның көркем шығармадағы атқаратын ролі. Сюжет туралы пікірлер. Сюжеттік элементтер. Композицияның сюжеттен тыс элементтері. Композиция мен сюжеттің бірлігі және айырмашылығы. Сюжет туралы ұғым. Сюжеттік элементтер. Композицияның сюжеттен тыс элементтері. Композиция мен сюжеттің бірлігі және айырмашылығы.
Әдебиетті текке, түрлерге жіктеу принциптері. «Тек», «түр», «жанр» түрлерінің қолданылу аясы. Жанрдың тарихи категория екендігі.
2.Қазақ халық ауыз әдебиеті. Фольклор. Фольклор туралы жалпы түсінік. Фольклорға жаңаша көзқарас. Фольклор жанрлары және оны классификациялау. Фольклорлық жанрлар. Ғұрыптық фольклор (тұрмыс-салт жырлары). Еңбек ғұрпы фольклоры. Маусымдық ғұрып фольклоры. Отбасылық ғұрып фольклоры. Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры.Эпос және оның түрлері. Көне эпос. Батырлық эпос. Тарихи эпос. Лиро-эпостық жырлар. Халық прозасы. Аңыздық проза. Ертегілік прозе. Аңыз, түрлері. Миф және оның түрлері. Әпсана, түрлері. Хикая мен хикаят. Түрлері. Жанрлық ерекшеліктері. Кейіпкерлері. Ертегі және оның түрлері. Қазақ фольклорының кіші жанрлары. Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар мен жаңылтпаштар. Балалар фольклоры. Шешендік өнер.
3..Қазақ әдебиетінің тарихы. Әдебиет тарихын дәуірлеу төңірегіндегі дискуссия. Қазақ әдебиеті тарихының кезеңдері. Ежелгі дәуір әдебиеті. Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар (сақ, ғұн, үйсін, дәуірі). Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет. Оғыз-Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет. Ислам дәуіріндегі әдебиет. Алтын Орда дәуірі әдебиеті.
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Қазақтың төл әдебиетінің бастауы – жыраулар поэзиясы. ХҮ ғасырдағы қазақ даласындағы тарихи-әлеуметтік жағдай ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің негізгі арнасы, бірегей көрінісі – жыраулар поэзиясы екені. Жыраулық әдебиеттің әлеуметтік сипаты. Жыраулар поэзиясы және оның түп тамырлары. Жыраулар поэзиясының басты тақырыбы мен идеясы, мазмұны, көркемдік сипаты. Жырау және ақын. Олардың өзіндік ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясының қайнар көздері.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиеттің дамуы. Әдебиеттегі ағымдар. Зар заман ақындары шығармаларындағы басты идея. Дулат Бабатайұлы /1802-1874/ шығармашылығы. Толғауларының мәні. Шортанбай Қанайұлы /1818-1881/ толғаулары. Заман шындығының айтылуы. Мұрат Мөңкеұлы /1843-1906/ шығармашылығындағы ата қоныс мәселесі. Әбубәкір Кердері /1868-1905/ шығармашылығы.
Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі және әдебиет. Махамбет Өтемісұлы (1804-1846). Өмірбаяны. Махамбет мұрасының жиналуы, зерттелуі. Махамбет өлеңдеріндегі күрескерлік сарын, ерлік рух. Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) шығармашылығы. Алмажан Азаматқызы (ХІХғ) шығармашылығы. ХІХ ғасырдағы айтыс өнері және ақындық, әншілік-композиторлық дәстүр. ХІХ ғасыр әдебиетінің басты ерекшелігі. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектері. Ы.Алтынсарин және ағартушылық идея. Абай – ұлы ақын, қазақ әдебиетінің классигі.
Бұл дәуірдегі ірі саяси-әлеуметтік оқиғалар, патшалық отарлау саясаты, хандық биліктің жойылуы, әкімшілік жүйедегі өзгерістер, ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістер әдебиеттің идеялық та, эстетикалық та мазмұнына үлкен ықпалын тигізуі. Соның нәтижесінде бірқатар ағымдар мен бағыттардың қалыптасуы. Зар заман әдебиеті, ақындар айтысы, сал-серілер поэзиясы, реалистік жазба әдебиет, романтикалық сарындағы әдебиет, шығыстық үлгідегі шығармалар – қарастырылып отырған кезеңге тән құбылыстар. Идеялық-көркемдік жаңалықтармен қатар, тың жанрлардың қалыптасып дамуы. Сонымен қатар осы ғасыр шегінде қазақ әдебиетінің басқа халықтар әдебиетімен байланыстарының өрісті бола бастауы.
ХХ ғасырдың басындағы әдебиет. Қазақ даласындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай және әдеби даму. Отаршылдыққа қарсы күрес идеясы. Әдебиеттегі алашшыл идея. Ағымдар мен бағыттар. Алғашқы көркем проза үлгілері. Әдеби жанрлардың дамуы.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы. Тарихи-әлеуметтік жағдайлар. Қоғамдық-әлеуметтік жағдай. Өндіріс орындарының ашылуы. 1904 жылғы орыс-жапон соғысы, Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы төңкеріс. 1914-1918 ж. бірінші империалистік соғыс. 1916 ж. патша жарлығына қарсы ұлт-азаттық көтеріліс. 1917 ж. ақпан және қазан төңкерісі. Аталмыш оқиғалардың әдебиетке тигізген ықпалы. 1900-1917 жылдар аралығындағы әдеби көркем шығармалар мен ақын-жазушылардың шығармашылығын қарастыру, олардың әлеуметтік, көркемдік, жаңашылдық негізін таныту.
ХІХ ғасырдан бастау алған ағартушылық-демократтық идеялардың ХХ ғасыр басындағы әдебиетте кеңінен қанат жаюы. Отаршылдыққа қарсы күрес идеяларының қазақ зиялыларының басты көзқарасына айналуы. Әртүрлі саяси топтардың пайда болуы.
ХХ ғ. басындағы қазақ арасындағы оқу-ағарту жұмысы.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әдеби даму. Әдеби сындағы қайшылықтар. Тартыс. Тұрпайы социологизм сыны. Абай мұрасына және халықтық мұраға көзқарас. Әдеби жанрлардың дамуы. Б.Майлин шығармашылығы. Алғашқы өлеңдерінен көрінетін әлеуметтік өмір шындығы. Әңгімелері. Хикаяттары. Пьесалары. Б.Майлин – шағын әңгіме шебері. С.Сейфуллин шығармашылығы. Азаттық жолындағы күресті арқау еткен өлеңдері. Поэмалары. «Аққудың айрылысуы» поэмасындағы романтикалық сарын. «Көкшетау» поэмасы. Көркемдігі мен тілі. Прозасы. Пьесалары. І.Жансүгіров шығармашылығы. Ілияс – эпик ақын. «Құлагер», «Күй», «Күйші» поэмаларындағы өнер және өнер адамының тағдыры. «Гималай», т.б. өлеңдерінің көркемдігі. Табиғат лирикасы. Азаматтық лирикасы. М.Әуезов, С.Мұқановтың алғашқы шығармалары. Драматургияның дамуы.
ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы әдебиет. Соғыс шындығының әдебиетте бейнеленуі. Прозадағы, поэзиядағы соғыс тақырыбы. Ерлік, Отан қорғау идеясы. Соғыс жылдары жазылған шығармалар. Қ.Аманжолов, С.Мәуленов, Ә.Сәрсенбаев, Ж.Саин, т.б. майдангер ақын-жазушылар шығармашылығы.
М.Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы. Абай тұлғасы. Тарихи және замана шындығын бейнелеудегі суреткерлік шеберлік. Әуезов прозасындағы көркемдік жетістіктер. Пьесалары. «Абай», «Қарагөз», «Айман-Шолпан», т.б. Әдебиеттану саласындағы еңбектері. С.Мұқанов шығармашылығы. Романдары. «Адасқандар» романының тақырыбы мен идеясы. Әңгіме-повестері. Поэмалары. Әдебиет туралы еңбектері. Ғ.Мүсірепов шығармашылығы. Көркемдік ізденістер. Алғашқы әңгімелері. Кейінгі прозасы. «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі. «Жапон балладалары» циклі. Ана тақырыбындағы туындылары. Пьесалары. Ғ.Мұстафин шығармашылығы. «Қарағанды» романының тақырыбы, кейіпкерлер жүйесі. «Миллионер». «Көз көрген».
ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы әдеби даму. 60-жылдар әдебиетіндегі жаңа леп. Жанрлық даму. Прозаның дамуы. Поэзияның дамуы. Драматургияның дамуы. Прозадағы бағыттар. Тарихи романдардың жазылуы. Көп кітапты романдар. І.Есенберлин, Х.Есенжанов, Ә.Әлімжанов, Т.Ахтанов, Т.Әлімқұлов, Ш.Мұртаза, С.Мұратбеков, Ә.Кекілбаев, Қ.Жұмаділов, С.Жүнісов, М.Мағауин, Т.Әбдік, т.б. шығармашылық өкілдерінің еңбектері. Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері. Әдебиеттану ғылымының дамуы. Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Базарбаев, З.Ахметов, С.Қирабаев, З.Қабдолов, Р.Нұрғали зерттеулеріндегі әдебиеттану мәселелері. Поэзиядағы жаңалықтар. М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Ж.Нәжімеденов, Ф.Оңғарсынова, т.б. ақындар шығармашылығы.
Тәуелсіздік жылдарындағы әдеби даму. Әдебиеттегі тың ізденістер мен жаңа көзқарастар. Әдебиеттің «ақтаңдақ» беттерін зерттеу. Әдеби жанрлардың дамуы. Мемуарлық романдар. Поэмалар. Әңгіме-повестер. Лирика. Тақырыптық, көркемдік сипаттары. Фольклортану және әдебиеттану ғылымындағы ізденістер мен жетістіктер.
4.Әдебиет теориясы. Эстетика туралы негізгі тұжырымдар. Эстетика туралы орта ғасырдағы ғылыми пайымдаулар. Халықшылдық эстетиканың тағылым, талаптары. Әдебиет теориясы және эстетика категориялары. Эстетика және әдебиеттану ғылымы. Әдебиеттің өнер ретіндегі қызметі және басқа ғылымдармен байланысы. Қазақстан мен Орта Азиядағы әдеби-эстетикалық ойдың даму ерекшеліктері. Жанрлар туралы түсінік, түрлер. Уақыт пен кеңістік мәселесі (хронотоп – мекеншақ). Көркем мәтін, құрылымы. Әдеби дәстүрдің дамуы. Көркемдік тұтастық. Мазмұн мен форма Көркем шығармадағы автор бейнесі. Автор мен кейіпкер. Әңгімеші, баяншы. Сюжет пен композиция. Фабула. Троп пен фигура.
І. «Халық ауыз әдебиеті»
1.Халық әдебиетінің тарихы мен теориясы, ерекшелігі туралы түсінік.
“Халық әдебиеті”, “Фольклор”, “Ауыз әдебиеті”, “Халық поэзиясы”, “Халықтың сөз өнері” деген атаулардың ерекшеліктері. Халық әдебиетінің тарихы мен теориясы туралы түсінік. Фольклортанудың тіл, этнография, тарих, философия, музыкамен байланысы. Ауыз әдедбиет пен жазба әдебиеттің ара-қатынасы. Фольклордың пайда болуы, жанрлары мен түрлері. Фольклордың көп қырлы болмыс-бітімі, әдет-ғұрыппен байланысы.
2. Эпикалық жырлардың зерттелуі және көне эпос.
Қазақ эпосының жанрлық классификациясы. Көне эпос, батырлық эпос, лиро-эпос, тарихи эпос және жиналу мен зерттелу жайы. Көне эпостың құрамы мен тақырыбы. Синкреттік сипатының басымдылығы. Миф, аңыз-әңгімелерімен байланысты болып келуі. Образдар жүйесі: бас қаһармандар мен қаскөй күштер (дию, пері, мыстан, т.б.) болып келетіндігі.
3. Лирикалық өлеңдер.
Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері. Лирикалық өлеңдер қара өлең, тарихи өлең, ән өлең болып үшке бөлініп, түрлі тақырыпты қамтиды. Қара өлең он бір буынды, төрт тармақты, үш жолды ұйқасқа (а, а, б, а) құрылады. Қара өлеңнің әнмен айтылып, қайырмасы болады. Тарихи өлең болған оқиға негізінде туады.
4. Қазіргі заман халық поэзиясы мен әдебиет.
Қазіргі заман халық поэзиясының өкілдері: Ж. Жабаев, И. Байзақов, Н. Байғанин, К.Әзірбаев, О. Шипин, Н. Бекжанов, Т. Көбдіков, Қ. Жапсарбаев, І. Манкин, т.б. ақындар. Бұлардың басты ерекшелігі – қолма-қол төгіп айтатын импровизатор екендіктері. Ақпа ақындарың сынға түсіп, танылатын жері – шаршы топ, торқалы жиын, қызған айтыс үсті. Халық ақындарының шығармаларында фольклордағы ортақ дәстүрлер мен ортақ мотивтер басым көрінеді.
ІІ. «Әдебиеттануға кіріспе»
1.Сөз өнері туралы ғылым.
Өнер түрлеріне тән негізгі ерекшеліктер. Өнердің суреттеу пәні. Өнердің суреттеу амалдары. Өнердің суреттеу құралдары. Өнердің туындысын қабылдау сырлары. Сөз өнерінің қоғамдық сананың айрықша бір саласы ретіндегі қызметі.
2.Сөзбен сомдалған тұлға.
Образдылық – суретті сөз. Әдебиеттің обектісі – өмір, предметі – адам екендігі туралы тұжырымдар. Образбен ойлаудың өзіндік ерекшеліктері. Қаламгер қиялының көркем бейне жасаудағы қызметі. Ойдан шығару - образға апарар жол. Ойдан шығарудың адам тұлғасын жинақтау мен даралаудағы ролі. Образ – адам – көркем бейне.
3.Сөз сыры.
Көркем әдебиеттің тілі туралы ұғым-түсініктер. Тілдің қоғамдық фукциялары. Көркем сөз. Оның болмысты әсерлі түрде бейнелейтіндігі. Тіл – стильдік құбылыс. Тіл байлығының қайнар көздері: полисемия, синонимия, омонимдер, антонимдер, архаизмдер, неологизмдер, идиомалар,диалектизимдер (жергілікті сөздер) және т.б. Сөздердің тура және бұрма мағыналары.
ІІІ. «Ежелгі және хандық дәуір әдебиетінің тарихы»
1.Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі.
Біздің заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар. Сақ дәуіріндегі аңыз-әңгімелердің идеясы. Ғұндардың қаһармандық жырларының ой-мұраты. Деректі жазу бар жерде әдебиеттің болатындығы.
2.Ислам дәуіріндегі қазақ әдебиеті.
Х-ХІІ ғасырларда Қазақстан мен Орта Азия жерлерінде бірте-бірте ислам діні мен мәдениетінің қалыптаса бастауы. Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалымдар мен ақын-жазушылардың орны.
3.Алтын Орда дәуіріндегі қазақ әдебиеті.
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, саяси-әлеуметтік жағдайы. Мемлекеттің мәдениеті мен әдебиеті. Жібек жолының маңызы. Алтын ордаға байланысты тарихшылардың қалдырған дереккөздері. Осы кезде өмір сүрген дарын иелері. Бұл кезеңдегі көркем әдебиеттің екі бағытта болғандығы, яғни аударма-нәзира және тыңтума әдебиеттің қалыптасуы.
4.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.
Қазақ хандығының құрылу тарихы. Мәдениеті мен әдебиеті. Жыраулар поэзиясының қалыптасуы. Жыраулық өнердің өзіндік ерекшеліктері. Жыраудың әлеуметтік тұлғасы. Жырау-ақын. Жырау-сазгер.
ІҮ. «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы»
1.XIX ғасырдағы қазақ тарихы және әдебиет.
XIX ғасырдағы тарихи жағдай. Саяси-әлеуметтік, экономикалық реформалар. Ресейдің отаршылдық саясатындағы батыл бетбұрыстар. 1822 жылғы әкімшілік билеу жүйесіне енгізілген өзгеріс. Хандық биліктің жойылуы. Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің туу себептері, тарихи сабақтары. (1836-1838) Ішкі Бөкей ордасы (1801). Хан Жәңгір және тарихи шындық. Көтеріліс тарихы және оның ел әдебиетіне ықпалы. Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы поэзиясындағы ұлт-азаттық сарын.
2.XIX ғасырдағы әдебиет үлгілері.
XIX ғасырдағы әдебиеттің өзіне шейінгі жасап келген әдеби дәстүрлермен сабақтастығы. XIX ғасырдағы жаңа әдебиет үлгілері. Жаңа жазба әдебиет үлгілерінің мұсылманша оқыған сауатты ақындардың діни, ғибраттық өлеңдері арқылы көрінуі. XIX ғасырдағы нәзира дәстүрі. Әдебиеттегі діни-ағартушылық ағым. Әдебиеттегі жаңару, өзгеріс, даму тенденциялары. Қазақ өлеңінің жаңа түрлері. Дулат женген өлеңдегі өзгерістің Абаймен жалғасуы.
3.XIX ғасыр әдебиетіндегі негізгі бағыттар мен ағымдар.
XIX ғасыр әдебиеті сонымен бірге ендігі күн не болмақты ойлаған, жауыңның тілін біл, коргенін көр, жасағанын жаса деген тірлікке шақырған жаңа сілкіністен туды. Дініңді, тіліңді билеп-төстемек, содан сақтан деген қауіпсіздендіруден туды. XIX ғасыр әдебиеті белгілі бағыт ұстанған ұлт әдебиетіне, жазба әдебиетке айналды.
4. XIX ғасырдағы жаңа жазба әдебиет.
XIX ғасырдағы оқу-ағарту, кітап басу ісі. Оның ел әдебиетіне ықпалы. Әдеби дамуға тигізген әсері. XIX ғасыр әдебиетінің даму барысындағы көркемдік өзгеріс, бетбүрыс бағыттар. Әдебиеттің жаңару, өзгеріс өрістері. Қазақ өлеңінің жаңа түрлері. Махамбет, Дулат әкелген өлеңдегі өзгешеліктердің Абаймен жалгасуы. Жаңа жанрлардың тууы.
Ү. «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы»
1.XX ғ.б. қоғам дамуы және әдебиет.
ХХ ғасыр басындағы қоғамдық жағдай және әдебиеттің даму жайы мәселесі. Қазақстанның Россия отаршылдығындағы хал-ахуалы. Басты үш мәселе - жер, оқу-ағарту, саяси күрес. Ағарту, мектеп, кітап басу, баспасөз ісінің дамуы, "Айкап", "Қазақ" басылымдарының тарихи аренаға шығуы. Осынау өркендеу істеріндегі қазақ зиялыларының алдына қойған міндеттері мен мақсаттарын орындау барысына назар аудару. Қазақ зиялыларының саяси топтары, олардың өзіндік көзқарастарының әдеби бағыт-ағымға әсері.
2.XX ғ.б. қазақ баспасөзі және әдебиет.
Баспасөз бен әдебиет байланысының жайын ашу. Қазақ баспасөзінің тарихына қысқаша шолу. Ежелгі жәдігерліктердегі көсемсөздік үлгілер көріністері. Халық ауыз әдебиетіндегі көсемсөздік белгілер."Түркістан уалаятының газеті" (1870-1882 ж.ж.), "Дала уалаятының газеті" (1880-1902 ж.ж.) басылымдарының орыс газеттеріне қосымша ретінде шығуы, ресми газеттер ретіндегі сипаты. Олардың мәдени, әдеби мәні. Әдеби шығармалардың жарық көруінде елеулі қызмет атқарғандығы.
3.XX ғ.б. қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар.
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі ағым-бағыттар. Бағыт, ағым туралы жалпы түсініктер. Бағыттардың өріс алуына негіз болған қоғамдық-саяси көзқарастар. Әртүрлі саяси топтардың пайда болуы, осыған орай қазақ зиялыларының жіктелуі. Оның әдеби бағыттар мен ағымдардың қалыптасуына тигізген әсері. XX ғ.б. негізгі әдеби бағыттар: 1. Діни-ағартушылық бағыт. 2. Ағартушы-демократтық бағыт. 3. Азатшыл-демократтық бағыт. Бұл бағыттардың нақты айырмашылықтары, ортақ ізденістер.
4.XX ғ.б. әдебиеттегі жанрлық ізденістер.
ХХ ғасыр басындағы жанрлардың даму үдерісі, ерекшеліктері. XX ғ.б. қазақ әдебиетінің жалпы жетістіктері, өсу белестері. Қазақ өлеңінде бұрынғы жалаң өсиеттік, дидактикалық насихаттың азайып, Абайдың өміршең поэзиясы дәстүрлерінің дамуы. Әдебиеттің эстетикалық құндылықтары. Құрғақ ақылмандықтан гөрі, образдылықпен суреттеудің белең алуы. Өмір шындығын көркемдік шындық деңгейіне көтеру мақсатқа алынып, әлеуметтік мәселелердің тереңірек көтеріле бастауы.
ҮІ. «Қазіргі қазақ әдебиетінің даму үдерістері»
1.Қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттары: дәстүр және жаңа үдерістер
Қазіргі қазақ әдебиетін замана өзгерістеріне сәйкес дәуірлеу принциптері. Көзқарас. Зерттеулер. 1991-2011 жылдардағы тарихи-әлеуметтік жағдайлардың әдебиетке әсер-ықпалы. Қазақ әдебиетіндегі тақырып, жанр мәселесінің даму ерекшеліктері. Шығармашылық ізденістер сипаты. Орыс және әлемдік әдебиетпен байланысы. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық характер сомдау проблемасы, әлемдік өркениет және қазақ әдебиеті. Қазіргі әдебиеттегі адам және табиғат мәселесі.
2.Қазіргі қазақ прозасы. әңгіме жанры.
Қаламгердiң шығармашылық даралығын анықгап, саралау — әдебиеттану ғылымындағы ең күрделi де зәру мәселелердiң бiрi. Өйткенi, "даралық" ұғымы суреткерлiк шеберлiгi мен кәсiби машығы шындалып, әдеби-көркемдiк тәсiлдердi, тiлдiк-бейнелеуiш кұралдарды жетiк меңгерген, өзiндiк әдiбi қалыптасқан суреткерлерге ғана тән құбылыс екенi белгiлi.
3.Қазіргі қазақ поэзиясы: жаңа мазұнды жырлар көркемдігі.
Қазіргі қазақ поэзиясындағы тақырыптық-идеялық, көркемдік бітімі жағынан едәуір жетістіктерге жетті. Кейінгі кезеңдегі тәуелсіздік, бостандық тақырыбының қазақ поэзиясында жырлану сипатымен қатар адамдардың отаншылдық сезімі, ғарышты игеру, халықтар достығы, адамгершілік, мораль, этика мәселелері кеңінен жырланды. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүр мен діни тақырыптағы өлеңдер жазыла бастады.
ҮІІ. «Қазақ әдебиеті сынының тарихы»
1.Қазақ әдебиетіндегі сын жанры.
Сынның жазба әдебиетке тән жанр екені, онымен үзеңгі қағыса тарихи-эстетикалық сахнаға шығатыны, көркем әдебиеттің бүгінгісіне назар аударып, келешекте барлау жасайтыны, алынбаған шеберлік қамалдарын нұсқайтыны, жаңалықтың жаршысы болып, қалың жұртшылыкқа әдебиеттің әлеуметтік мәнін түсіндіретіні, насихаттайтыны теориялық тұрғыдан анық тұжырымдалған шындықтар.
2. Қазақ әдеби сынының қоғамдық ой-пікірде алатын орны.
Қазақ халқы көркем сөзді өз тірлігінің тұтқасы, күрес құралы еткен. Ол ел мен елді табыстырған елшінің тілі, ру мен руды татуластырған бұғалық, мемлекет басқарған хандарға әлеуметтік ақыл-кеңес, көшпелі мәдениеттің сырт көзге көрінген сахнасы, өткенмен қордаланып, бүгінгімен жарқыраған тарихи жады, көркемдік әлеміндегі өзіндік таным-біліктің әсем де ажарлы қоржыны екені даусыз.
3.Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Сын, сын тарихы және оны дәуірлеу мәселелері қазақ ғалымдары тарапынан біршама қарастырылған. Ол негізінен, қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеуге қатысты айтылған. Қазақ әдеби сынының алғашқы нышандары сонау ауыз әдебиетінде көрініс бергенімен, шын мәніндегі сынның жалпы жұртшылыққа жол тартуы мерзімді баспасөзге байланысты болды. Осы кезеңде сынның жанрлық тұрғыдан жіктелу, кәсіби сипатының анықталуы, кәсіби сыншылардың бой көрсету процесі жүріп, шыңдап қалыптасып дамуға бет бұрды.
Пайдаланылатын әдебиеттер
Қазақ фольклоры бойынша ұсынылатын әдебиеттер
1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1995.
2. Бердібай Р. Эпос мұраты. Алматы,1996.
3. Ғабдуллин М. Қазақ халық ауыз әдебиеті. Алматы, 1995.
4. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық І том. Қазақ фольклорының
тарихы. Алматы, 2007.
5. Қасқабасов С. Жаназық. Астана, 2002.
6. Қасқабасов С. Ойөріс. Астана, 2009.
7. Қазақ фольклорының поэтикасы. Алматы, 2001.
8. Қасқабасов С. Елзерде. Алматы, 2008
9. Қазіргі қазақ әдебиеті және фольклор. Алматы, 2009.
10. Мың бір мақал. Жиырма үш жоқтау. Жинастырған Ахмет
Баржақсы баласы. Алматы. "Қазақстан", 1993ж.
11. "Қазақ мақал-мәтелдері" Жинастырған Ө.Тұрманжанов, Алматы
"Ана тілі", 1992ж.
12. "Қазақ мақал-мәтелдері.Казахские пословицы и поговорки".
Құрастырған М.Аққозин. Алматы."Қазақстан", 1990ж
13. Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Қазақтың халық жұмбақтары,
А., 1959.,
14. Қазақ жұмбақтары, А., 1993., Әбжанов М.,
15. Қазақ халқының жұмбақтары, А., 1966. 2. Жармұхамедов М.
Айтыстың даму жолдары. А., «Ғылым», 1976.
16. Қазақ фольклоры // http://www.kitaphana.kz/ сайты.
17. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, шешендік сөздер //
http://kk.wikipedia.org/wiki сайтында
Ежелгі дәуір және ХҮ-ХҮІІІ ғғ. әдебиеті бойынша ұсынылатын әдебиеттер
Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. А., 1996
Әбіласан Әбілхан. Көне сөздер құпиясы. А., 1998
Бердібаев Р. Байқалдан Балқанға дейін. А., 1996
Бойс Мэри. Зороастрийцы. Обычай и верования. М., 1988
Гумилев Л. Көне түріктер. А., 1994;Қиял патшалығын іздеу. А.,1992
Ежелгі дәуір әдебиеті. А., 1986
Есімов Ғ. Хакім Абай. А., 1994
Иүгінеки Ахмет. Ақиқат сыйы. А., 1985.Ауд.Ә.Құрышжанов,
Б.Сағындықов
Келімбетов Н. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті. А., 1991
Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1974
Конрад Н.И. Запад и Восток. М., 1966
Қашқари Махмұт. Түбі бір түркі тілі. А., 1993
Қожа Ахмет Йасауи. Хикметтер. А., 1995. Ауд.Ә.Жәмішев.
Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. А., 1994
Қорқыт ата кітабы. А., 1986. Ауд.алғы сөзі жазған Ә.Қоңыратбаев
Қорқыт ата кітабы. А., 1994. Ауд. Б.Ысқақов
Құтты білік. А., 1986. Ауд. Б.Ысқақов
Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. А., 1988
Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. А., 1996
Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. А., 1993
Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. А., 1994
Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. А., 1985
Машанов А. Әл-Фараби және Абай. А., 1994
Мыңжани Нығмет. Қазақтың қысқаша тарихы. А., 1995
Өмірәлиев Қ. ҮШ-ХІІ ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері.
А., 1985
Өмірәлиев Қ. Оғыз қаған эпосының тілі. А., 1988
Сейдімбеков А. Қазақ әлемі. А., 1997
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1997
Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. А., 1993
Фильштинский И.М., Шидфар Б.Я. Очерк арабо-мусульманской
культуры. М., 1971
ХІХ ғасыр әдебиеті бойынша ұсынылатын
әдебиеттер
Абайдың өмірі мен творчествосы. А., 1954
Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. А., 1986
Абай тағылымы. А., 1986
Абай энциклопедиясы. А., 1995
Абайды оқы, таңырқа... А., 1993
Ай, заман-ай, заман-ай. Екі томдық. А., 1991
Айтыс. І, ІІ том. А., 1988
Ақан сері Қорамсаұлы. Шығармалары. А., 1963
Ақберен. А., 1972
Ақын Сара. А., 1985
Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. А., 1989
Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. А., 1991
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А., 1973
Әбдіғазиев Б. Асыл арна. А., 1982
Әбубәкір Кердері. Қазағым. А., 1983
Әдеби мұра және оны зерттеу. А., 1961
Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. А., 1993
Әуезов М. Әр жылдар ойлары. А., 1959
Әуезов М. Абай Құнанбаев. А., 1968
Әуезов М. Абайтанудағы жарияланбаған материалдар. А., 1988
Әуезов М. Әдебиет тарихы. А., 1991
Әсет Найманбаев. Шығармалар. А., 1988
Байтұрсынов А. Ақ жол. А., 1991
Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. А., 1989
Бөкейханов Ә. Шығармалар. А., 1994
Біржан сал Қожағұлұлы. Өлеңдер. А., 1967
Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсарин. А., 1965
Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. А., 1990
Досмұхамедұлы Х. Аламан. А., 1991
Есімов Ғ. Хакім Абай. А., 1994
Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. А., 1975
Жұмалиев Қ. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. А., 1967
Зар заман. Жыр-толғаулар. А., 1993
Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. А., 1986
Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1985
Марғұлан Ә. Шоқан және Манас. А., 1917
Мағауин М. Ғасырлар бедері. А., 1991
Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай. А., 1989
Мәдібай Қ. Зар заман ағымы. А., 1997
Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. А.,
1982
ХҮШ-ХІХ ғғ. қазақ ақын-жазушыларының шығармалары. А., 1962
ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары. А., 1988
ХІХ ғасыр әдебиеті. Хрестоматия. А., 1992
Омарұлы Б. Мұрат Мөңкеұлы. А., 1993
Радлов В. Алтын сандық. А., 1993
Сәтбаева Ш. Шоқан Уәлиханов – филолог. А., 1985
Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев. А., 1990
Уәлиханов Ш. Таңдамалы. А., 1985
Ыбырай Алтынсарин тағлымы. А., 1991
Ысмайылов Е. Ақындар. А., 1956
ХХ ғасыр әдебиеті бойынша ұсынылатын
әдебиеттер
Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы туралы // Мағжан Жұмабаев
шығармалары. А., 1989
Асфендияров С. История Казахстана. Т.І. М., 1935
Әбдіғазиев Б. Асыл арналар. А., 1992
Әбдірахманов Т. Орыс әдебиетін қазақ тіліне аудару дәстүрі және
Бекет Өтетілеуов. А., 1969
Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы. А., 1988
Әуезов М. Әдебиет тарихы. А., 1991
Әбсәметов М. Міржақып Дулатов. А., 1995
Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. // Шығармалар. А., 1989
Байтұрсынов А. Ақ жол. А., 1992
Бейсенбиев К. Очерки истории общественно-политической и
философской мысли Казахстана. А., 1976
Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің, тарихының очеркі. А., 1981
Бейсенғалиев З. ХХ ғ. Б. Қазақ прозасы. А., 1988
Белинский В.Г. Иван Андреевич Крылов Соб. Соч. В 3-х томах. Т.2.
М., 1948
Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917-40 гг.
Галузо П.К. Колониальная система Российского империализма в
канун октября. А., 1968
Дербісәлин Ә. Қазақтың октябрь алдындағы демократияшыл
әдебиеті. А., 1966
Дербісәлин Ә. Дәстүр мен жалғастық. А., 1976
Дулатов М. Ахмет Байтурсынович Байтурсынов. // Шығармалары. А.,
1991
Дүйсенбаев Ы. Сұлтанмахмұт Торайғыров. А., 1967
Дүйсенбаев Ы. Ғасырлар сыры. А., 1970
Елеукенов Ш. Мағжан Жұмабаев. А., 1995
Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров. А., 1990
Жиреншин Ә. Қазақ кітаптарының тарихынан. А., 1971
Зиманов С., Идирисов К. Общественно-политические взгляды
Мухамеджана Сералина. А., 1989
Исмаилов Е. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. А., 1940
Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. А., 1969
ХХ ғ. б. кезіндегі қазақ әдебиеті. А., 1994
Казахи о русских до 1917 года. Оксфорд, 1985
Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1976
Казахстан в начале ХХ века. А., 1993
Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ том, ІІ кітап. А., 1965
Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ том, ІІ кітап. А., 1965
Қараев М. Қазақ әдебиетіндегі реализмнің даму жолдары. А., 1986
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994
Кенжебаев Б. ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті. А., 1993
Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғ.б. қазақ әдебиеті. А., 1966
Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. А., 1995
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А., 1995
Мұқанұлы С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Қызылорда, 1932
Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. А., 1966
Сыздықова Ш. Ахмет Байтұрсынов. А., 1990
Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев. А., 1990
Оразбеков Н. Жаяу Мұса /Моногр.очерк/. А., 1961
Тоғжанұлы Г. Жүсіпбектің сыны, Мағжанның ақындығы туралы. А.,
1926
Хасен Оралтай. “Алаш” – Түркістан түркілерінің ұлт-азаттық ұраны.
Стамбул, 1973
46.Ысқақов Б. Сәбит Дөнентаев. А., 1966
47.ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Алматы: Арда, 2011. – 640 б.
48.ӘуезовМ. Әдебиет тарихы Алматы:Білім,1991.
49.Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 2002.
50.Бисенғали З.Қ. Казахская проза начала ХХ века.Учебное пособие.-Алматы:Қазақ университеті, 2000.
51.Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.-Алматы:Қазақ
университеті, 2002.
52.Жұмалиев Қ. XXIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті.-Алматы,
1967.
53.Келімбетов Н. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1991.
54.Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Оқулық. –Алматы:Білім, 1998.
55.Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет. Алматы, 1996.
56.Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.-Алматы:
Білім, 1998.
57.Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.- Алматы, 1992.
58.Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. Алматы: Ғылым, 2001.
Қосымша әдебиеттер:
Әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы бойынша ұсынылатын әдебиеттер
1. Аристотель и античная литература.М.,1978
2. Байтұрсынов А. Таңдамалы шығармалар. А., 1989
3. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979
4. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. А., 2004.
5. Гегель Г. Эстетика. В 4-х т. М., 1968
6. Гуляев Н. Теория литературы. М., 1977
7. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы көркемдік шешім. А., 1991
8. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992
9. Сакулин П.Н. Филология и культурология. Москва, 1990.
10. Хализев Е.В. Теория литературы. М., 2002.
11. Потебня А. Эстетика и поэтика. М., 1976.
12. Поспелов Г. Теория литературы. М., 1978
13.Мировое литературоведение. 1-3 т. А., 2009.
14.Дүйсенов М. Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі.А., 1962
15.Жанр сипаты. А., 1971
16.Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай
поэзиясының тілі. А.,1959
17. Қирабаев С. Шындық және шығарма. А.,1981
18. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1995
19. Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. А., 1987
20. Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет. А., 1982
21. Нұрғалиев Р. Сөз өнерінің эстетикасы.Астана, 2003
22. Потебня А. Эстетика и поэтика. М., 1976
23.Әуезов М. Шығармалар жинағы (20 томдық).-А, 1979-85
24.Әдеби мұра және оны зерттеу.-Алматы: Ғылым.-1961
25.Қабдолов 3. Сөз өнері.-Алматы: Санат.-1992
26.Қазақ әдебиетінің тарихы (3 том).-Алматы: Ғылым.-1967
27.Кенжебаев Б.Әдебиет белестері.-Алматы: Жазушы.-1986
28.Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. -Алматы: Мектеп, 1973.
29.Ахтанов Т. Керуен. -Алматы: Жазушы, 1969.
30. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. -Алматы:
Санат, 1996.
31. Әбдезұлы Қ. Қазақ прозасы және ұлттық идея. -Алматы: Қазақ
университеті, 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |