Әскери терминдердің қақақ тіліне аударылуы.
1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң қабылданғаннан бері және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың» 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ана тіліміздің терминология саласын қазіргі талаптарға сәйкес кемелдендіру келешек міндеті болып отырғаны атап айтылған. Бұл орайда қазақ тілі қағажу көріп, еркіндеп ене алмай келген салалардың бірі - әскери саладағы терминдердің ана тілінде жүйеленіп және бұл жұмыстың одан әрі жалғасуы. Әрине бұл салада көптеген шаралар іске асырылып жатқанын айтқан жөн. «Қазақстан әскери тарихы» кітабы қазақ тілінде жарық көрді, 4000 жуық әскери терминдерді қамтитын орысша-қазақша, ағылшынша-қазақша түсіндірме сөздіктері шығарылды.
Қай кезеңде де, қай тұста да аударманың қоғам дамуындағы рухани-мәдени жетістіктермен көркеюіндегі орны үлкен. Себебі әр халықтың рухани мәдениеті, ғылымы, қоғамдық-әлеуметтік қызметі бір бұрышта тұйықталып қалмай, аударма жұмысы арқылы басқа халықтарға танылуда, дамуда. Әлем халықтары арасындағы рухани, мәдени, қоғамдық-саяси байланыс аударма жұмысы арқылы іске асуда.
Тәуелсіздігімізді алғанымызға жиырма жылдан асса да бұл күрделі процесс әлі өз жалғасын табуда. Елімізде бір ғасырға жуық негізгі тіл орыс тілі болғандықтан, барлық саладағы ой-өрісіміз, санамыз, сөз саптауымыз орыс тілінде дамып, тәуелсіздік алғаннан кейін қоғамдық-саяси және мәдени тілді қазақ тілінде сөйлетуде тығырыққа тірелдік. Өйткені талай жылдар бойы орыс тіліне жаттығып, үйреніп қалғанымыз соншалықты, терминдеріміз және кәсіби сөздеріміз тек орыс тілінде сайрап жатты. Олардың қазақша баламасын тауып, бір жүйеге келтіру қиын іс болды. Әсіресе әскери саладағы ғылым тілін, әскери әмірлер мен іс-құжаттарын қазақ тіліне аудару барысында тілші және әскери қызметші мамандардың алдында дау-дамайлы мәселелер тұрды.
Әскери қазақ тілін бір жүйеге келтіру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бірталай іс-шалар ұйымдастырылды: командалық басшылық тарапынан тілдің мәртебесін көтеретін бұйрықтар жарық көріп, барлық әскери қызметшілердің міндетті түрде лауазымдық міндеттерін атқаруда қазақ тілін жетік білуіне қатаң талаптар қойылды; әскери терминдер аударылып, соның негізінде іс-құжаттарды, әскери-ғылыми әдебиеттерді аудару жұмысы басталды; әскери оқу орындарында болашақ түлектердің мемлекеттік тілді меңгеруі үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері жасалып, болашақ әскери қызметшілерге тіл тұрғысынан жоғары талаптар қойылды; тілге қатысты әскери бөлімдер арасында бірталай шаралар (ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, тілдер күні мерекесі, т.б.) ұйымдастырылды. Осындай шаралардың арқасында әскери салада мемлекеттік тілдің мәртебесі біршама көтерілді.
Дегенмен, әскери қазақ тілінде іс-құжаттарын аудару барысында кейбір кемшіліктер мен қиындық тудыратын, өзінің шешімін таппай келе жатқан мәселелерді жиі кездестіруге болады. Ондай мәселелерді тек жеке жауапты тұлға ресімдейтін іс-құжаттарында ғана емес, әскери құрылымдарда жарық көретін бұқаралық ақпарат құралдарында (газет-журналдарда), әскери ғылыми әдебиеттерден де кездестіруге болады. Себебі, кейбір қазақ тіліне аударылған құжаттарды оқысаңыз, мәнін түсінбей қаласыз да, оны нақты ұғыну үшін алдымен орысша үлгісін оқуыңызға тура келеді. Мұның барлығы әскери құрылымдарда кейбір терминдердің әлі де болса бір ізге келмей, аудармашыларымыздың аударма жұмысын жүргізудің әдіс-тәсілдерін толық меңгере алмай отырғандығын көрсетеді.
Аударма жұмысы барысында аудармашыға екі талап қойылады:
1. Қостілділік
2. Сауаттылық
Екі тілді еркін меңгерген адамға орыс тіліндегі құжаттарды қазақ тіліне аудару көп қиындық тудырмайды. Жауапты тұлға екі тілдің де ішкі заңдылықтарын, сөйлемнің терең мәнін түсініп, сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібін игеріп, стильдік тұрғыдан сөйлемді дұрыс құрай алғаны жөн. Сонымен қатар, тек екі тілді еркін меңгеріп қана қоймай, аудармашы сол кәсіпке тікелей қатысты тұлға болғаны дұрыс: егер ол қаржы-финанс жағынан іс-құжаттарын аударатын болса, сол мамандықтың иесі; әскери тақырыптағы құжаттарды ресімдейтін жауапты тұлға болса, әскери қызметші болғаны жөн. Өз мамандығының мәнін терең түсінген тұлға ғана аударылатын құжатқа терең мән беріп, ондағы әрбір сөздің мазмұнына, сөздердің стильдік тұрғыда өз орнын тауып сөйлем құрып, мәтін түзіп, сауатты аударма жұмысын жүргізе алады.
Әскери пәрмендер мен теримидер қазақ тілінде жекелей алып қарайтын болсақ түсініксіз. Оның себебі, халықаралық деңгейде шығатын теримдерді біз бірінші орыс тіліне аударып немесе орыс тіліндегі нұсқасын алып, содан аударамыз. Сөздерді аудару басысында тура мағыналы сөздер болмаса, соған келтін сөздермен жуықтап алады. Енді сол жуықтап алынған орыс тіліндегі сөздерді қазақшаға тағы аударғанда терминіміз түсініксіз, әрі айтылуы да қиын болып кетеді. Сол себептен, ағылшын тіліндегі терминдерді орысшадан қызықшаға емес, бірден қазақ тіліндегі нұсқаға аудару керек.
Әдебиеттер:
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі (Әскери іс), 2001.
«Қазақстан сарбазы» газеті, №92, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |