Бақылау ЕББҚ бағалау әдісі ретінде
1 - кезең: оқушыны оқыту мен оқытудағы қиындықтардың сипаты туралы ақпарат жинау. ПМПК жолдамасы бойынша психикалық және дене дамуы бұзылған бала сыныпта оқыған жағдайда мұғалім мен мамандар сыныптағы сабақтарда мұндай оқушының оқуы мен мінез-құлқындағы қиындықтарын зерделей отырып, бірден бақылауға кіріседі. Әр маман бір апта ішінде баланы қадағалайды (алдын ала қадағалап, қандай маман және қандай баланы алу керектігін жүзеге асырады). Бақылау нәтижелерін белгілеу үшін мұғалімдер мен мамандар үшін бірыңғай бақылау хаттамасы қолданылады (1-қосымша. 2 А формасы). Бақылау бір апта ішінде жүзеге асырылады. Күнделікті бақылау нәтижелері тіркеледі (баға қиындықтар баллында), содан кейін қорытылады (1-қосымша. 2 б формасы). Сабақта бірінші бақылау әдісін қолдану маңызды болып табылады, өйткені мамандар баланың сыныпта табысты оқуға мүмкіндік бермейтін ерекшеліктерін (өз ерекшеліктері: күшті және әлсіз жақтар барлық адамдарда болады) анықтауы керек. Бала туралы қосымша, бірақ маңызды ақпарат алу үшін мұғалім атааналарға сауалнаманы және коммуникативтік төлқұжатты толтыруды ұсынады (1-қосымша. 1а, 1в-формасы). Осы кезеңде мамандар бала туралы ақпаратты ата - анасымен әңгімелесу және сауалнама жүргізу әдістерін пайдалана отырып жинайды (1-қосымша, 16-форма). Сабақтардағы баланы бақылау, ата-аналармен сауалнама жүргізу және әңгімелесу нәтижесі - алынған деректерді талдау және қорыту, олардың негізінде оқытудың басты (бастапқы) қиындықтары туралы болжамдар (гипотезалар) қалыптастыру және тереңдетілген тексерудің тиісті бағыттары мен әдістерін таңдау болуы тиіс.
2-кезең. Оқушыны тереңдетіп және бағытты зерттеу (тексеру). Әрбір маман қажетті әдістерді, әдістемелерді, тесттер мен тәсілдерді пайдалана отырып психологиялық, логопедтік, арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді, оның нәтижелерін тексеру хаттамаларына енгізеді (Логопед сөйлеу картасын толтырады). Психолог психологиялық тексеру хаттамасы. Арнайы педагог - оқу қызметі компоненттерінің жағдайын бақылау хаттамасын толтырады. Тексерудің барлық түрлеріне қойылатын басты талабы - сыныптағы баланы оқыту қиындықтарының сипаты мен себептерін анықтауға бағытталуы болып табылады. Осының негізінде бірінші кезеңде қалыптасқан оқу қиындықтарының сипаты мен себептері туралы болжамға сүйене отырып, маман тексеру пәні ретінде баланың даму аймақтарын, оның ішінде баланың оқу үлгеріміне әсер ететін психикалық функцияларын немесе сөйлеу тілінің даму жақтарын ғана таңдайды. Мысалы, егер психолог пен логопед сабақ кезіндегі бақылау және ата-аналармен әңгіме, сауалнама жүргізу барысында балада есту-сөйлеу ақпаратын өңдеу қиындықтарын және көру арқылы есте сақтау мен жазу мәселелерінің жоқтығын анықтаса, онда олардың тереңдетілген тексеру фокусына баланың есту-сөйлеу назары мен жадының (психолог), фонематикалық есту қабілеті мен сөйлеу тілін түсінуінің (логопед) ерекшеліктері кіреді. Осылайша, кез келген маманның тексеру мақсатының соңы – бұл баланың барлық психикалық функцияларының, білімдерінің, іскерліктері мен дағдыларының, мінез-құлықтары мен эмоционалдық ерекшеліктерінің формальды сипаттамасы ғана емес, олардың жағымсыз сипаты мен дәрежесін анықтау, сондай-ақ оқудағы табыстылыққа оң әсер етуін айқындау. Мұғалім білім мен іскерлікті нақты меңгеру деңгейін, сондай-ақ оқу бағдарламасын меңгерудегі проблемалар дәрежесі мен сипатын анықтау мақсатында барлық пәндер бойынша оқу жетістіктерін критериалды бағалауды жүргізеді. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша оқушының қиындықтары анықталған оқу пәндері бойынша жетістіктер карталары толтырылады. Мұғалім сондай-ақ оқу жұмысында оқушының қалауын белгілуі тиіс (қандай ақпаратпен жұмыс істеуді қалайды, қандай оқыту әдістері мен жұмыс түрлері білім мен дағдыларды барынша толық меңгеруге ықпал етеді, ал күтілетін нәтижеге қол жеткізуге не ықпал етпейді және т.б.). Әрбір тексеру барысында маман мен мұғалім баланың әлсіз және мықты даму жақтарын ғана емес, сонымен қатар баланың оқуда табысты болу үшін бала бойындағы бар ресурстарын анықтайды. Тексеру нәтижесінде әр маман мен мұғалім балаға мінездеме жасайды, барлығына бірдей форма толтырады (1-қосымша, 3-форма). Мамандар мен мұғалім балаға бір параметр бойынша мінездеме береді, бірақ өзінің кәсіби көзқарасы тұрғысынан. Оқу пәндері бойынша бағдарламаны меңгеру дәрежесінің сипаттамасын тек мұғалім мен арнайы педагог береді.
3-кезең. Бірлесіп (мамандар, мұғалім және ата-аналар) оқушының ерекше білім беру қажеттілігін және психологиялық-педагогикалық қолдау мазмұнын анықтау, оқыту қиындықтарын талқылау. Қолдау көрсету қызметінің бірлескен отырысында мұғалім және әрбір маман балаға өзінің ұстанымы бойынша мінездеме береді: оқытудың қиындықтарын сипаттайды, олардың пайда болу себептері мен механизмдері туралы өз пікірін білдіреді, баланың мүмкіндіктері мен күшті жақтарын ашады (ата-аналар жеке отырысқа шақырылады). Бұл кезеңде оқыту қиындықтарының сипаты мен себептері туралы болжам оқу қиындықтарының түрін (себептерін) анықтау түріндегі соңғы қорытындысы болады (Қосымша-В). Қосымшада оқытудың негізгі қиындықтарының қысқаша сипаттамасы беріледі: - жұмысқа қабілеттілігінің төмендігі; - іс-әрекетін еркін реттеу, жоспарлау және бақылау жеткіліксіздігі; - есту-сөйлеу ақпаратының өңделуі; - көру және көру-кеңістіктік ақпараттың өңделуі. Оқыту қиындықтарының сипатын (түрін) анықтағаннан кейін баланың жалпы мінездесі ұжымда талқыланып жасалады, онда бастапқы және екіншілік қиындықтардың жалпы көрінісі, олардың себептері мен туындау механизмі баяндалады. Табысты оқытудың ресурстары ретінде баланың күшті жақтары, ерекшеліктері мен мүдделері сипатталады (қосымша-,А 4-форма). Бірлескен талқылау барысында ерекше білім беру қажеттілігі, мұғалімге, мамандарға, ата-аналарға, оқушыға қолдау көрсетудің негізгі бағыттары анықталады, мұғалім мен ата-аналарға ұсыныстар жасалады.
4-кезең. Анықталған білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтитын психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасы құрастырылады: қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламалары, арнайы оқыту әдістері, психологпен, логопедпен, арнайы педагогпен жеке-дамыту бағдарламалары, мұғалімге, ата-аналарға берілетін ұсыныстар (қосымша-,А 4-форма). В-қосымшасында үлгі ретінде ЕБҚ бар 1 сынып оқушысына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасы толтырылып ұсынылған. Г-қосымшасында математика пәнінен қысқартылған және жеке оқу бағдарламаларының үлгісі мен арнайы педагогпен жеке сабақтар бағдарламасының үлгісі көрсетілген.
5-кезең. Мониторингпен қолдауды іске асыру. Мамандар мен мұғалім тарапынан оқушының ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және қанағаттандыру алгоритмі 12 қадаммен жүзеге асырылады, олардың сипаттамасы 4-кестеде келтірілген. Оқушы туралы алынған ақпаратты тіркеу формалары және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасының формасы А-қосымшада берілген.
ППҚК мамандарының, мұғалімдерінің, ЕБҚ бар оқушылар атааналарының өзара әрекеттесу алгоритмі. Мұғалім, ата-ананың әрекеті Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандарының, атааналардың әрекеті
1. Мұғалім ЕБҚ бар оқушылармен танысады. Баланың ПМПК қойған қорытындысы мен ұсыныстарын зерттейді. (қыркүйектің бірінші аптасында)
1.Мамандар мектептегі ЕБҚ балалардың тізімін құрады. ПМПК қойған қорытындысы мен ұсыныстарын зерттейді. (қыркүйектің бірінші аптасында) 1-Форма.
2. Ата-аналармен әңгіме өткізеді, олардан бала туралы мәліметтер жинайды, оларға сауалнама (1а-формасы) және коммуникативтік паспорт (1в-формасы) толтыруды ұсынады. (қыркүйектің 1-2 аптасы)
2. Ата-аналармен әңгіме өткізеді, олардан бала туралы мәлімет жинайды, 1Бформасындағы сауалнаманы толтыруды ұсынады(қыркүйектің 1-2аптасы)
3. Бірнеше күн бойы ЕБҚ бар оқушыны бақылайды, "сабақта оқушыны бақылау хаттамасы" ағымдағы нысанын толтырады (2а-форма). (қыркүйектің 1-3 аптасы)
3. Бірнеше күн бойы ЕБҚ бар оқушының сабаққа қатысуын қадағалайды, «оқушының сабаққа бақылау хаттамасы» ағымдағы нысанын толтырады (2а-нысан). (қыркүйектің 1-3 аптасы)
4. Бақылау нәтижесін «Сабақа барысында оқушыны бақылау хаттамасы» қорытынды формаға енгізеді (Форма 2б). (қыркүйектің 2-3 аптасы)
4. Бақылау нәтижесін «Сабақа барысында оқушыны бақылау хаттамасы» қорытынды формаға енгізеді (Форма 2б). (қыркүйектің 2-3 аптасы) 2 б – формасы жылдың басында, бірінші жарты жылдықтан кейін және жылдың аяғында толтырылады, яғни баланы оқытудың даму қарқыны мен табыстылығының мониторингі құралы болып табылады.
5. Оқушының оқу жетістіктерін критериалды бағалауды жүргізеді. Бағдарламаны меңгерудегі проблемаларды анықтайды.
5. Оқушының нақты мәселелерін (психологиялық, педагогикалық, логопедтік, әлеуметтік) зерттеуге бағытталған жеке тексеру жүргізеді.
6. Ата-аналарға бақылау, әңгімелесу және сауалнама жүргізуді қортындылайды және оқушының оқу жетістіктерін "оқушының сипаттамасы" (3-форма) формасында зерттейді.
6. Бақылау, әңгімелесу, ата-аналарға сауалнама нәтижелерін қорытындылайды, тереңдетілген зерттеуді "оқушының сипаттамасы" формасында және мамандардың хаттамаларында тіркейді (3-форма)) 3-форма жыл басында, бірінші жартыжылдықтан кейін және жыл соңында баланың даму серпіні мен оқытудың табыстылығы мониторингінің нәтижелерін тіркеу ретінде толтырылады.
7. Оқушының ерекше білім алу қажеттіліктерін ұжымда (мамандармен және ата-аналармен) талқыланады және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің мазмұнын анықтауға қатысады.
7. Оқушының ерекше білім алу қажеттіліктерін ұжымда (мұғаліммен және ата-аналармен) талқылауды және оқушының психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мазмұнын анықтауды ұйымдастырады және өткізеді. Оқушылар туралы барлық мәліметтерді талқылау нәтижесінде оқушыны оқытуда қиындықтар, олардың пайда болу себептері мен механизмі белгіленеді. «Оқушының жиынтық сипаттамасы» құрастырылады. (4-форма) Бұл форма маманның жеке жұмыс тиімділігінің мониторингі ретінде жылдың басында, бірінші жартыжылдықтан кейін және жылдың аяғында толтырылады
8. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасын жасауға және толтыруға қатысады. (5-форма)
8. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасын жасауға және толтыруға қатысады. (5-форма)
10. Баланы жеке тәсілдеумен және оқытудың арнайы әдістері мен бағалау тәсілдерін қолдана отырып, сыныпта оқытады және бағалайды.
10. Маманның оқушыға тән оқу бағдарламасына сәйкес жеке (топтық) түзете-дамыту жұмыстарын жүргізеді.
11. Оқушының оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізеді және нәтижелерін қорытады.
11. Оқушының дамуы мен жетістіктеріне мониторинг жүргізеді және оның нәтижелерін қорытындылайды.
12.КОНСИЛИУМҒА ҚАЙТА ҚАТЫСАДЫ. ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕН НӘТИЖЕЛЕРДІ ТАЛДАЙДЫ. ЕКІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚҚА БЕЙІМДЕЛГЕН НЕМЕСЕ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫН ТАЛҚЫЛАЙДЫ.
12. ҚАЙТА КОНСИЛИУМ ӨТКІЗЕДІ. ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕН НӘТИЖЕЛЕРДІ ТАЛДАЙДЫ. ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗЕДІ, ЕКІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚҚА БЕЙІМДЕЛГЕН НЕМЕСЕ ЖЕКЕ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖАСАУҒА ҚАТЫСАДЫ.
Бақылау-бұл зерттелетін объектінің мінез-құлқын мақсатты және ұйымдастырылған қабылдау мен тіркеуден тұратын сипаттамалық психологиялық-педагогикалық, зерттеу әдісі.
Арнайы білім беру қажеттіліктерін бағалаудың қандай кезеңдерінде бақылау қажет?
Бақылау психологиялық-педагогикалық қолдаудың барлық кезеңдерінде жүргізілуі керек. Бастапқы бақылау ЕББҚ бағалаудың 1 кезеңінде жүзеге асырылады - бұл оқушыны оқыту мен оқытудағы қиындықтардың сипаты туралы ақпарат жинау кезеңі (қыркүйек).
Дефектолог:
Кіріседі байқауға ЕББҚ бароқушы сабақтарында, сыныпта, оқуда және мінез-құлқы көріністерінің қиындықтарын зерттейді. ЕББҚ бар оқушымен танысады. Ол үшін ПМПК қорытындылары мен ұсыныстарын зерттейді. Ата-аналармен әңгіме жүргізеді. Олардан бала туралы ақпарат жинайды, сауалнама мен коммуникативті паспортты толтыруды ұсынады. Ол бірнеше күн бойы сабақта ЕББҚ бар оқушыны бақылайды, бақылау нәтижелерін оқушыны сабақта бақылау хаттамасына жинақтайды
ППҚҚ педагогтары мен мамандары жүргізілген бақылаулар нәтижесінде құрайды:
Сабақта оқушыны бақылау ХАТТАМАСЫН.
Білім алушыларды есепке алу журналын;
Сабақта оқушының мінез-құлқы мен іс-әрекетін психологиялық-педагогикалық бағалау: оқушының мінездемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |