Бақылау есептері Термохимиялық теңдеуі берілген C+O2=CO2+402,2кДж. Егер реакция нәтижесінде 106 кДж жылу бөлінетін болса, жанған көмірдің массасын есептеңіз;
Егер жай заттардан 9 г су түзілгенде 143 кДж жылу бөлінген болса, реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар:
Егер термохимиялық теңдеуі C+O2=CO2+402,2кДж болса, 2г көмір жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеңіз:
2H2S(г)+3O2(г)=2SO2(г)+2H2O+1166 кДж теңдеуі бойынша 11,2 литр (қ.ж.) күкіртсутек жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңыз:
C6H12O6+6O2=6CО2+6H2O+2820 кДж термохимиялық теңдеуі бойынша 705 кДж жылу бөлінген болса, тотыққан глюкозаның массасын есептеңіз:
Құрамында 10% қоспасы бар 0,5 тонна ізбісті толық ыдыратуға қажет энергия мөлшерін есептеңіз. CaCO3=CaO+CO2 - 180 кДж
Термохимиялық теңдеуі S+O2=SO2+297кДж болса, 16 г күкірт жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеңіз;
Метан жануының термохимиялық теңдеуі CH4+2O2=CO2+2H2O+880кДж. Зат мөлшері 0,25 моль метан жанғанда бөлінген жылу мөлшерін анықтаңыз;
Ацетиленнің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі 2C2H2+5O2=4CO2+2H2O+2610кДж болса, 2,5моль ацетилен жанған кезде бөлінген жылу мөлшерін есептеңіз;
1 моль сұйық судың түзілу жылуы 286 кДж тең болса, 7,2 г су түзілгенде жұмсалатын жылу мөлшерін анықтаңыз;
Термохимиялық теңдеуі C+O2=CO2+394кДж болса, 197 кДж жылу алу үшін жұмсалатын оттектің (қ.ж.) көлемін анықтаңыз;
2SO3=2SO2+O2-198кДж термохимиялық теңдеуі бойынша 8 г күкірт (ҮІ) оксиді әрекеттесуі кезінде жұмсалған жылу мөлшерін есептеңіз:
Температураны 10оС градусқа көтергенде реакция жылдамдығы үш есе артатын болса, температураны 150оС-200оС-қа дейін көтергендегі реакция жылдамдығын анықтаңыз:
Температуралық коэффициенті (γ) 4-ке тең болса, температураны 10оС-тан 40оС-қа көтергендегі реакция жылдамдығын анықтаңыз:
Температура 30оС-қа төмендеп, жылдамдық 27 есе азайғанда температуралық коэффициент нешеге тең болады.
Химиялық реакцияның температуралық коэффициенті γ=2 . Егер температураны 200С-тан 400С-ге дейін көтерсе, реакция жылдамдығы қанша есе артады.
Реакцияның жылдамдығы 81 есе артса, γ=3 болғанда онда температураны неше градусқа жоғарлатылған.
Егер температураны 300С-қа көтергенде реакция жылдамдығы 64 есе артса, онда реакцияның температуралық коэффициентін анықтаңыз;
50 мл спирт (ρ=0,8г/мл) алу үшін глюкозаның массасын есептеңіз:
91 мл 25% барий хлориді ерітіндісімен (ρ=1,144г/мл) әрекеттесетін натрий сульфатының (моль) зат мөлшерін анықтаңыз:
Тығыздығы ρ=0,88г/мл, 44,32 мл бензол жарық қатысында хлормен әрекеттескенде түзілетін гексахлоранның массасын есептеңіз:
Құрамында 32,4% крахмалы бар 1т картоптан ашу арқылы 200 л спирт (ρ=0,8г/см3) алынғаны белгілі болса, этил спиртінің шығымын есептеңіз;
88г триброманилин алу үшін 35%-ті бром суының (ρ=1,02 г/см3) қажет көлемін есептеңіз;
Тығыздығы 0,8г/мл 110мл сірке қышқылының этил эфирін алу үшін қажет сірке қышқылының массасын есептеңіз;
40г кальций карбонаты мен 30%-тті 160мл тұз қышқылының ерітіндісі (тығыздығы 1,15г/мл) әрекеттескенде түзілген газды натрий гидроксидінің артық мөлшеріндегі ерітіндісі арқылы өткізгенде алынған тұздың массасын анықтаңыз;
1 литрінде 224 HNO3 (ρ=1,12г/мл) бар ертіндідегі азот қышқылының массалық үлесі;
Фенолдың этанолдағы 9,4% ерітіндісі металл натриймен әрекеттескенде 3,36л сутек алу (қ.ж.) үшін ерітіндінің жұмсалған (ρ=0,9 г/мл) көлемі;
Құрамында 30% крахмалы бар, картоптың 1 тоннасынан алынатын 100л этил спирті (ρ=0,88г/мл) алынса, өнімнің шығымын анықтаңыз;
Көлемі 266 мл тығыздығы 0,88 г/мл бензолды нитрлеу үшін 75% - тті, тығыздығы 1,445 г/мл азот қышқылының көлемін анықтаңыз;
Аммиактың сутекпен салыстырғандағы тығыздығы:
Құрамында көміртектің массалық үлесі 0,857, ауа бойынша тығыздығы 1,93-ке тең циклоалканның формуласы
Егер құрамында көміртек 39,9 %, сутек 6,73 %, ал оттек 53,3 % болып және молекулалық массасы көмірқышқыл газының салыстырмалы молекулалық массасынан тығыздығы 4,091 есе ауыр болса, бұл заттың молекулалық формуласы:
Оттек бойынша тығыздығы 1,75 болатын циклоалканның 2,8 грамын жаққанда 4,48 л көмірқышқыл газы және 4,5 г су түзілген болса, оның формуласы
Сутек бойынша тығыздығы 15,5-ке (қ.ж.) тең аминнің 5,6 литрін жағуға жұмсалатын оттектің көлемі
Көлемі 5,6 л және ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,45 – ке тең көмірсутекке қосылатын бромның массасы;
Азот бойынша тығыздығы 2,5 – ке тең циклоалканды жаққанда жұмсалатын ауаның көлемін (ауадағы оттектің массалық үлесі 20%) есептеңіз;
Ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,517 болатын алканның 22г толық жағу үшін жұмасалған (қ.ж.) оттектің көлемін есептеңіз;
3,4 г азоты бар органикалық зат жанғанда 4,7 г су мен 6,6 г көміртек (ІV) оксиді түзілген. Осы заттың сутек бойынша тығыздығы 22,5 болса, молекулалық формуласы:
Көмірсутектегі көміртек пен сутектің массалық үлестері 92,31% және 7,69%. Сутек бойынша тығыздығы 39-ға тең көмірсутектің формуласы:
Сутегі бойынша тығыздығы 22,5-ке тең, көміртегінің массалық үлесі - 0,535, сутегінің массалық үлесі - 0,155, азоттың массалық үлесі 0,312 болатын қосылыстың молекулалық формуласы:
Құрамындағы көміртектің массалық үлесі 85,7% және сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 28-ге тең көмірсутек:
Сутек бойынша тығыздығы - 14-ке тең 28 г белгісіз көмірсутек жанғанда 4,8 л көмір қышқыл газы мен су булары бөлінген болса, заттың молекулалық формуласы:
Егер құрамындағы көміртек 39,9%, сутек 6,73%, ал оттек 53,3% болып және молекулалық массасы көмірқышқыл газының молекулалық массасынан тығыздығы 4,091 есе ауыр болса, бұл заттың молекулалық формуласын анықтаңыз;
160 грамм ерітіндіні суалтқанда 40 г құрғақ тұз қалады, ерітіндідегі ерігіен заттың массалық үлесін анықтаңыз:
5г мыс купаросын 35г суда еріткенде тұздың ерітіндідегі массалық үлесін есептеңіз:
5% ерітінді дайындау үшін 2г қантты ерітуге қажет судың массасын табыңыз:
513 г дистильденген суда 27 г тұз ерітілді. Алынған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептеңіз:
10%-тік ерітіндісін әзірлеу үшін 250 г суда еритін тұз қышқылының массасы:
Ішінде натрий гидроксидінің 20%-дық үлесі бар 500 г ерітінді берілген. Осы ерітіндіні суалтқанда алынатын заттың массасын есептеңіз:
Еріген заттың массалық үлесі 30% болатын 200г ерітіндіге 100г су қосқанды түзілген ертіндідегі еріген заттың массалық үлесін анықтаңыз:
Массасы 500г 10%-тік күкірт қышқылы ерітіндісі берілген, егер ерітіндіге 0,5 л су қоссақ онда ерітіндінің концентрациясы қандай болмақ:
24,6г MgSO4*7H2O – ны 55,4 мл суда еріткенде түзілген ерітіндідегі магний сульфатының массалық үлесін анықтаңыз:
10%-тік ерітіндісін әзірлеу үшін 161 г Na2SO4*10H2O–ын ерітуге қажет (мл) судың көлемін табыңыз:
39 г бензолды хлорлағанда 0,25 моль хлор бензол алынса, түзілген заттың шығымын есепте:
Егер шығымы 90% болса, 36 г глюкозадан алынатын сүт қышқылының массасын анықта:
Шығымы 60 пайыз болса, 520 г ацетиленнен алынған сірке альдегидін тотықтыруға жұмсалатын күміс оксидінің массасын тап:
20кг алюминий оксидінен 10 кг алюминий алынды. Реакция өнімі шығымының массалық үлесін анықтаңыз:
Нитрлеу реакциясы кезінде 78 г бензолдан 98,4 г нитробензол алынды. Нитробензолдың шығымын анықтаңыз:
Егер шығымы 75% болса, онда 18 г глюкозаны тотықтырғанда түзілетін күмістің массасын есептеңіз:
5,64 кг техникалық темір (ІІ) сульфидін ауада өртегенде, шығымы 75% болған қатты өнімнің (ҒеО) зат мөлшерін анықтаңыз:
8,8 г сірке альдегидін күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен тотықтырғанда 10 г сірке қышқылы түзілді. Сірке қышқылының теориялық шығымын есептеңіз:
Лабораторияда 46 г толуолдан 52 г бензой қышқылы алынған болса, өнімнің шығымын анықтаңыз:
Егер шығымы 74% болса, онда 23г құмырсқа қышқылы мен пропанол әрекеттескенде түзілетін эфирдің массасын есептеңіз;
180 г пентаннан дегидрлегенде 147 г циклопентан алынса, онда оның шығымын анықтаңыз;
15,6г бензолды нитрлегенде шығымы 90% нитробензол алынды. Оны әрі қарай тотықсыздандырғанда шығымы 75% анилин алынды. Алынған анилиннің массасын анықтаңыз;
Құрамында 50% целлюлозасы бар 200кг ағаштан алынатын этанолдың массасын анықтаңыз:
Тазалық дәрежесі 75% болатын 64 г темір дисульфидін ауада өртегенде түзілетін газ тәріздес өнімнің (қ.ж.) көлемін есептеңіз:
Құрамында 10% қоспасы бар 0,2 тонна әктасты толық ыдыратқанда бөлінетін көмірқышқыл газының (қ.ж.) көлемін анықтаңыз:
Құрамында 5% бромы бар 160г бром суын түссіздендіретін этилен алуға жұмсалатын этанолдың массасы:
Құрамында 90% метаны бар 1м3 табиғи газдан алынған ацетиленді гидратациялағанда, өнім шығымы 70% болса, түзілетін ацетальдегидтің массасын есептеңіз:
Құрамында 95% метаны бар табиғи газдан 300л (қ.ж.) ацетилен алынған болса (шығымы-60%), жұмсалған табиғи газдың көлемін есептеңіз;
15 г мыс пен мырыш құймасын күкірт қышқылының ерітіндісімен өңдегенде 2,24л (қ.ж.) сутек бөлінді. Құймадағы мыстың массалық үлесін есептеңіз.
Егер құрамында 20% изопрен бар 1кг көмірсутектер қоспасынан 0,06кг каучук алынғаны белгілі болса, изопренді каучуктің шығымы;
1кг техникалық кальций карбиді сумен әрекеттескенде 300л ацетилен алынды (қ.ж.). Кальций карбидіндегі қоспалардың массалық үлестерін анықтаңыз;
Ацетиленнің 2,8л (қ.ж.) алу үшін 20% қоспасы бар техниклық кальций карбидінің қажет массасы;
Көміртек кқнцентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде көлемі 40,32л (қ.ж.) CO2 және SO2 газдарының қоспасы түзілген болса, реакцияға түскен көміртектің массасын анықтаңыз;
Метанның 3,01*1024 молекуласында болатын сутек атомдарының массасын есептеңіз;
0,49 кг фосфор қышқылының молекула саны;
1,6г мыс (ІІ) сульфаты бар ерітіндімен әрекеттескен темір тақташадан ерітіндіге өткен темір атомдарының саны;
Зат мөлшері 2 моль темірдегі атом саны;
1970 жылға дейін ядролық қаруды сынау нәтижесінде түзілген тритидің жылдық активтілігін есепте, егер ядролық қопарыстардың жалпы эквиваленті 220 Мт құраған болса.
1970ж дейін ядролық қопарыстардың жалпы эквиваленті 220Мт құраған.
220 Мт * 2.б*1013 Бк/Мт = 5.7*1015 Бк.
Нейтрондардың жылдам ағынының тығыздығы санитарлы нормаға сәйкес шектеулігі мынаны құрайды:
Шағылу көзінің интенсивтілігі S=106 n/с болған жағдайда, қосымша қорғаныс жабдықтарынсыз жұмыс істеуге қандай ең жақын қашықтықта жұмыс істеуге болатындығын анықта.
Егер ену көзінен 60Со -әсерінен 10с аралығында, жеке сәулелену мөлшері 100Гр құраған. Адам ағзасында қанша - сәулелену осы жағдайда сіңіріледі, егер әрбір фотон дене ұлпаларында шамамен 40% өзінің энергиясын жоғалтатын болса.
Стронцидің 90Sr бір ыдырау актісінде бір атомға 1 фотон сәйкес келеді оның энергиясы 1.74 МэВ, одан адамның сіңіру дозасы Дt күшін былай есептейміз.
Адам ағзасына күнделікті әртүрлі тағамдармен стрнцидің 90Sr изотопы түсетін мөлшері 0,94 Бк. 1 жылда сүйек ұлпаларында жиналған мөлшерлік дозасы қандай ?
Кесте бойынша (табл.32) 90Sr радионуклидті үлесі сүйек үлпасында сіңірілген мөлшері 0.94 Бк*О.7 = 0.66 Бк немесе 5.68*104 тәуліктік ыдырауды құрайды, ( тәулігіне 86400 с).
Адам ағзасына 10мг 55 Fe темір түскен. 10 жылда сіңірген доза мәнін анықта.
Темірдің 55Fе изотопының жартылай ыдырау =-2.9 жылына.
90Sr радионуклидінің қандай көп мөлшерінің ағзаға енуі Д=1 мГр/жыл дозасынан аспайды.
Адам ағзасының 10 жыл бойы рдионуктидті сәулеленуден алған дозасы қандай, егер оның тыныс алу мүшесі арқылы 239Pu изотопының 100мг енген болса. 239Pu изотопының жартылай ыдырау периоды 2.4*104 жыл.
Ауадағы плутонии концентрациясының қандай шамасы өкпеге түсуінің n жылдық дозасы Д = 1.7*10-6 Гр құрайды.