Бала тәрбиесі-маңызды міндет.
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі-бала тәрбиесі. «Тәрбие басы-тал бесік»дейді халық даналығы.Ал баланың дұрыс өсуі,дұрыс тәлім-тәрбиеге бейімделуі,біріншіден отбасына,содан соң балабақша мен мектептегі тәрбиеге байланысты.
Бүгінде 55 жылдық тарихы бар Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің жанындағы мектепке дейінгі «Айгөлек» шағын орталығы 2008 жылы алғаш рет ашылып жұмыс істейді.Сол кезде мектебіміздің түлектері демеушілік жасап Гауһар Шотаева балалар ойнайтын бөлмеге үлкен палас,әртүрлі ойыншықтар, Талант Бәкішов кір жуатын машина, ауыл ақсақалы Қадыр Байғалиев бір бөлмені паркеттеп беріп, бүлдіршіндерге үлкен қамқорлық жасады. Бала- ата-ананың ғана емес, бүкіл бір елдің, мемлекеттің үміті, ертеңі. Бұл шағын орталықта еңбек жолдарын бастаған Қаратаева Гүлнар, Ахатаева Қанат, Рахымғалиева Ақбота сынды тәрбиешілер сол кезде аралас топтағы балаларға тәлім-тәрбие бере білді. Әр баланың ерекшелігін түсініп, жұмыс жасады. Қазіргі таңда «Айгөлек» шағын орталығында 40 бала тәрбиеленеді. Жас ерекшелігіне байланысты «Балапан» тобында 2-3 жастағы, ортаңғы «Балдырған»тобында 3-4 жастағы балалар тәрбиеленеді. Шағын орталық оқу-тәрбие жұмыстары еліміздің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарты бағдарламалары бойынша жүргізіледі
Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген: «Баланы тәрбиешінің өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайықтап дайындау керек». Иә, бұл даналық ойдың бүгінгі күнгі білімді тәрбиеші мен ұстазға қаратылып айтылғаны анық. Өйткені елдің ертеңі тірегі-балдырғанымыз. Олар заман талабына сай тәрбиленуі тиіс. Қазіргі таңда тәрбиешілер қауымына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ұжымдағы тәрбиешілер, психолог бүлдіршіндердің танымын кеңейтіп,бірлікке,ынтымаққа, достыққа шақырып, балдырғандардың білімдерін ән-бимен, өлеңмен, бейнелеу өнерімен ұштастыруда. Олардың туған жерін сүйетін өз елінің патриоты болып өсулеріне барынша жағдай жасалған. Ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында әртүрлі апталықтар, көрмелер, сайыстар ұйымдастырылып тұрады. Қазіргі таңда тәрбиешілер Қабдулкаримова Анар, Жұмабекова Ақжарқын, Маткаримова Гүлмира, Слямова Назгүл, Бітімбаева Айгерім, әдіскер Бексұлтанова Майра, психолог Тлегенова Арай, музыкант Рахымғалиева Ақбота, медбике Қамзина Әлия, завхоз Құттыбаев Карл, көмекші тәрбиешілер Әбенова Гүлнар, Қалманбетова Бақытгүл, Берікқазықызы Айгерім, кір жуушы Абдрахманова Сәуле, тазалықшы Бөжекеева Фатима, аспазшы Қамбарова Жұлдыз, көмекші аспазшы Бөгежанова Үмітай, асхана тазалықшысы Баратбаева Бағила шағын орталықта еңбек етіп келеді. Біздің қызметіміз де, өміріміз де бала тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Бала тәрбиелеу-өміріміздегі ең маңызды міндет. Бала тәрбиесі-баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу, ол-заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.
«Айгөлек» шағын орталығының психологі Тлегенова Арай
Достарыңызбен бөлісу: |