«Балалар емханасында жас нәрестелерге емдеу-алдын-алу көмегін ұйымдастыру. Шала туған нәрестелерді дәрігерлік бақылау ерекшеліктері. Бір жасқа дейінгі дені сау балаларды диспансерлік бақылау. Емшек жасындағы балаларды тамақтандыру



Дата31.03.2018
өлшемі190,91 Kb.
#39932

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Амбулаторлық-ЕМХАНАЛЫҚ педиатриЯ Кафедрасы

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ





ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
№1тақырып: «Балалар емханасында жас нәрестелерге емдеу-алдын-алу көмегін ұйымдастыру. Шала туған нәрестелерді дәрігерлік бақылау ерекшеліктері. Бір жасқа дейінгі дені сау балаларды диспансерлік бақылау. Емшек жасындағы балаларды тамақтандыру. Ерте және мектеп жасына дейінгі балаларды диспансерлік бақылау».
Курс - 4
Дайындаған: асс. Зулхажы А.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Каф.меңгерушісі, профессор Дадамбаев Е.Т.

1.№1тақырып: «Балалар емханасында жас нәрестелерге емдеу-алдын-алу көмегін ұйымдастыру. Шала туған нәрестелерді дәрігерлік бақылау ерекшеліктері. Бір жасқа дейінгі дені сау балаларды диспансерлік бақылау. Емшек жасындағы балаларды тамақтандыру. Ерте және мектеп жасына дейінгі балаларды диспансерлік бақылау».


2. Мақсаты: Студенттерде балалар емханасы жағдайында жетіліп туған және шала туған жас нәрестелерге емдеу-алдын-алу көмегін ұйымдастыру, жүргізе білу бойынша білімін, дағдысын қалыптастыру.

Студенттерде нәрестелер денсаулық жағдайын анықтауға және қатер топтарын ажыратуға мүмкіндік беретін дағдыларды қалыпастыру.

Студенттерде емшек жасындағы балаларды ұтымды тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде жүйелі білім қалыптастыру.

Студенттерде дені сау балаларды диспансерлік бақылауды ұйымдастыру бойынша жүйелі білім қалыптастыру.

Табиғи тамақтанатын дені сау балаға тамақты есептеу тәжірибелік дағдысын қалыптастыру.

Студенттерде балалар денсаулық топтарын және патология даму қауіп топтарын анықтау, алдын алу қарауларын жүргізу дағдыларын қалыптастыру.

Клиникалық ойлау негіздерін, медициналық этика мен деонтология ережелерін сақтай отырып, науқаспен, олардың туысқандарымен, әріптестермен қарым-қатынас орната білу дағдыларын, кәсіби білімді алу қажеттілігін және пәнді оқу қызығушылығын қалыптастыру.
3. Міндеттері:

Балалар емханасында жүкті әйелдерді бақылауды ұйымдастыру принциптерін үйрету.

Дені сау нәрестенің дене, жүйке-психикалық даму ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру. Жас нәрестенің күтімі принциптерін үйрету (тамақтануы, гигиена, уқалау, гимнастика).

Қауіп тобындағы шала туған нәрестелерді бақылауды ұйымдастыру принциптерін үйрету.

Жас нәрестеге үйде патронаж жасау тәжірибелік дағдыларын үйрету.

Шала туған жас нәрестелерді бақылау ерекшеліктерімен таныстыру.

1 жасқа дейінгі балалардың диспансерлік бақылау жоспарын құру дағдыларын қалыптастыру және бекіту.

Студенттерде емшек жасындағы балаларды ұтымды тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік беретін дағдыларды қалыптастыру.

Емшек сүтімен ұтымды тамақтандырудың ережелерін меңгеру.

Студенттерде сәбидің ата-анасымен қарым-қатынас жасау, сонымен қатар тамақтандыру жөніндегі өзінің ұсыныстарын анық және нақты жеткізе білу коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.

Ерте және мектеп жасына дейінгі балаларды профилактикалық қарау жоспарын құру дағдысын бекіту

Студенттерде жас нәрестенің ата-анасымен, оның туысқандарымен анамнезді нақты, әрі толық алу үшін сенімді қарым-қатынас орнату қабілеттілігін дамыту.

Студенттерде әріптестерінің пікірлерін ескере отырып шешім қабылдау қабілеттілігін дамыту.


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- Жүкті әйелдерге патронаждар

- Жетіліп туған және шала туған нәрестелерге патронаждар

- Жас нәрестелік кезеңнің ерекшеліктері, жас нәрестелердегі шекаралық жағдайлар

- Жас нәрестенің дене дамуын және жүйке-психикалық дамуын бағалау

- Шартсыз рефлекстерді анықтау тәсілі

- Жас нәрестелердің жүйелері мен мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері

- Шала туған нәресте, шала туудың жіктелуі, шала туу себептері

- Шала туған нәрестелерді дәрігерлік бақылау ерекшеліктері

- Жетіліп туған және шала туған балаларды диспансерлік бақылау

- Үй жағдайында жас нәрестенің күтімі

- Ұтымды тамақтандырудың негізгі талаптары

- Табиғи тамақтандыру, емшекпен тамақтандыру туралы ДДҰ ұсыныстары

- Емшекпен тамақтандыруға қарсы көрсеткіштер

- Ана сүтінің құрамы және ерекшеліктері

- Гипогалактия, диагностикасы, емі және алдын алу

- Емшек жасындағы балаларды тамақтандыруды ұйымдастырудың негізгі принциптері

- Емшек жасындағы балалардың тағамдық заттарға физиологиялық қажеттілігі

-Емшек жасындағы балалардың асқазан-ішек жолдарының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері

- Қосымша тамақтарды еңгізу, қосымша тамақтардың сипаттамасы, қосымша тамақтарды енгізу ережелері

- Жасанды және аралас тамақтандыру

- Бір жасқа дейінгі дені сау балаларды диспансерлік бақылау

-Ұйымдасқан және ұйымдаспаған мектеп жасына дейінгі балаларда скрининг тексеруді ұйымдастырылу

- Балалар денсаулығын жиынтықты бағалау критериялары

- Ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын қалыптастыратын факторлар

- Денсаулық топтары. Денсаулық топтарына бөлу критериялары

- Бір жасқа дейінгі балалардың жүйке –психикалық дамуын бағалау.
5.Сабақ беру және оқыту әдістері:

Оқытудың аралас тәсілі




Қолданылатын оқыту әдістері

Нәтижесі

1

Кіші топтарда жұмыс

Сабақ тақырыбы бойынша білім алу, топпен жұмыс істей білу, өз көзқарасын дәлелді қорғау.

2

Нәрестелерге үйге патронаж жасау, бііріншілік патронаж толтыру, профилактикалық қараумен баланың даму тарихын талдау.

Алынған білім негізінде бала мен оның ата-анасымен қарым-қатынас орнату дағдысын, жаңа туған нәрестенің дене және жүйке-психикалық дамуын бағалау әдістерін қалыптастыру табиғи тамақтанатын дені сау балаға тамақты есептеу; тамақтану туралы өз ұсыныстарын түсінікті және анық жеткізе білу. ҚР ДСМ бұйрықтары мен қаулылары негізінде алдын алу қарауларын жүргізу

3

Ситуациялық есептерді шешу

Жаңа туған нәрестені қарап тексеру нәтижесі бойынша қорытынды жасау, денсаулық топтарын және патология даму қаупі бар топтарды анықтау дағдысын қалыптастыру.

Тамақты есептей білу дағдысын, емшек жасындағы балаларды ұтымды тамақтандыруды ұйымдастыру тактикасын меңгеру.

Профилактикалық қарау нәтижесін бойынша қортынды жасапғ денсаулық топтарын және патология даму қауіп топтарын анықтау дағдысын қалыптастыру.


4

Презентациялар

Алынған білімді қолдана білуді және кәсіби білімді алуға мұқтаждықты қалыптастыру. Есептік амбулаторлық картаны толтырумен қатар жаңа туған нәрестеге үйіне патронаж жасауды көрсете білу. Ерте жастағы балалардың күн тәртібін ұйымдастыра білу.


6.Әдебиет:
Негізгі:

1. ҚР ДМ-нің 2007ж.22 қараша күнгі № 691 Бұйрығы. «Ерте жастағы балалардың денсаулығын сақтау үшін профилактикалық шараларды күшейту туралы» - 28 б.

2.Шабалов Н.П. Детские болезни С-Пб., 2008, бет.235-249.

3. Джумагазиев А.А. Основы поликлинической педиатрии. Р-на-Д., 2006, бет.123-137.

4. Калмыкова А.С. Поликлиническая педиатрия. М., 2007, бет.73-74, 113-145

5. Доскина В.А. Амбулаторно-поликлиническая педиатрия. М., 2008, бет. 32-35.


Қосымша:

1.Камаев Н.Н.Здоровье и образ жизни школьников, студентов и призывной молодежи: состояние, проблемы и пути решения.Нижний Новгород, 2005ж.

2.Баранов А.А.Новые возможности профилактической медицины в решении проблем здоровья детей и подростков. Москва, 2006 ж., 12 с.

3.Чернышов В.Н.Поликлиническая педиатрия. Москва, 2004 ж.

4. Баранов А.А. Руководство по амбулаторно-поликлинической педиатрии. Москва, 2006 ж.

5. Сушко Е.П. и др. Поликлиническая педиатрия. Минск, 2000, бет. 41-43


7.Бақылау:

Меңгерілген компеенциялар әдісі:




Бағалауға қолданылатын әдіс

Бағаланатын біліктілік

1

Тесттерді шешу

Когнитивті компонент, сабақ тақырыбы бойынша меңгерілген білім

2

Дәрігерлік қабылдауға қатысу және балалардың денсаулық жағдайын жиынтықты бағалау критерийлерін анықтау

Когнитивті , коммуникативті, құқықтық, тәжірибелік компоненттер

3

Ситуациялық есептерді шешу

Когнитивті, коммуникативті, құқықтық, тәжірибелік компоненттер

4

Презентациялар дайындау

Өздігінен білім алуға қабілеттілік


Тесттік тапсырмалар (25)

Ситуациялық есептер (5).


Тәжірибелік сабақтың жоспары мен ұйымдастырылу құрылымы




Сабақ кезеңі

Сабақты өткізу құралдары

хронометраж

1

Ұйымдастыру бөлімі және сабақтың тақырыбы мен өткізу жоспарымен таныстыру, студенттердің сабаққа қатысуын бақылау.

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары, оқу журналы, тестілік тапсырмалар

8.00-9.30

2

Үзіліс




9.30-9.40




  • Жас нәрестелер, мектеп жасына дейінгі балалар даму тарихын талдау

  • Кіші топта жұмыс жасау

  • Презентация

Баланың даму тарихы (ф.112/у), тақырып бойынша әдебиеттер, компьютер

9.40-11.10

3

Үзіліс




11.10-11.20

4

Тақырып бойынша теоретиялық білімді

ситуациялық есептер шешу арқылы бағалау



Ситуациялық есептер

11.20-13.20




Қортынды




3 академиялық сағат немесе 5 астрономиялық сағат


ТЕСТІК ТАПСЫРМАЛАР

1.Жас нәрестелік кезеңнің ұзақтығы:

А) 7 күн

B) 10 күн

C) 24 күн

D) 28 күн

E) 30 күн
2.Жүкті әйелге бірінші патронаж жүргізу мерзімі:

А) 10-12 апта

B) 20-28 апта

C) 30-32 апта

D) 32-34 апта

E) 12-14 апта


3. Жүкті әйелге екінші патронаж жүргізу мерзімі:

А) 10-12 апта

B) 20-28 апта

C) 31-32 апта

D) 32-34 апта

E) 12-14 апта


4. Жетіп туған нәресте - бұл мына мерзімде туғандар:

А) 37-38 аптада

B) 36-37 аптада

C) 40-42 аптада

D) 38-40 аптада

E) 36-38 аптада


5.Дені сау жас нәрестеге біріншілік патронажға барады:

А) Перзентханадан шыққан соң алғашқы 3 күнде

B) Перзентханадан шыққан соң алғашқы 5 күнде

C) Перзентханадан шыққан соң алғашқы 4 күнде

D) Перзентханадан шыққан соң 1 аптадан соң

E) Перзентханадан шыққан 13 күн аралығында


6.Шала туған нәрестеге біріншілік патронажға барады:

А) Перзентханадан шыққан соң алғашқы 3 күнде

B) Перзентханадан шыққан соң алғашқы 5 күнде

C) Перзентханадан шыққан бірінші күні

D) Перзентханадан шыққан соң 1 аптадан соң

E) Перзентханадан шыққан 13 күн аралығында


7. Баланың дамуы туралы мәлімет тіркелетін құжат:

А) 112/у үлгі

B) 026/у үлгі

C) 030/у үлгі

D) 025/у үлгі

E) 063/у үлгі
8. Балаларды тереңдетіп жиынтықты тексеру мына жаста жүргізіледі:

А) 2 жаста

B) 3 жаста

C) 4 жаста

D) 9 жаста

E) 10 жаста


9. Аралас тамақтану деп балаға 1 жасқа дейін ана сүтімен қатар мынандай қосымша тамақ түрін беруді айтады:

А) Жеміс пюресі

Б) Көкөніс пюресі

В) Донор сүті

Г) Жасанды сүт қоспалары

Д) Жеміс және көкөніс пюресі


10. Гипогалактия дегеніміз - бұл:

А) Сүт бездерінің көлемі кіші

Б) Сүт шығудың азаюы

В) Сүт құрамының өзгеруі

Г) Сүт мөлшерінің артуы

Д) Сүттің мүлдем болмауы


11. БДҰ-ның бағдарламасы бойынша екінші қосымша тамақ беріледі:

А) 7 айдан бастап

Б) 1 айдан бастап

В) 6 айдан бастап

Г) 1 жастан бастап

Д) 3 айдан бастап


12. Балалардың дене дамуының негізгі көрсеткіштері, біреуінен басқа:

А) Бойы

B) Салмағы

C) Тері серпімділігі

D) Бас шеңбері

E) Кеуде шеңбері
13. Өмірінің алғашқы жылының соңында баланың салмағы неше есе артады:

А) 1,5 есе

Б) 2 есе

В) 3 есе

Г) 4 есе

Д) 5 есе
14. Жетіп туған жас нәрестені нәрестелік кезеңде учаскелік педиатрдың бақылау жиілігі:

А) Айына1 рет

B) Айына2 рет

C) Айына3 рет

D) Айына4 рет

E) Айына5 рет
15. Шала туған нәрестелерде бірінші айда дәрігерлік бақылау жүргізіледі:

А) Аптасына 1 реттен кем емес

B) Аптасына 2 рет

C) Айына 2 рет

D) Айына 1 рет

E) Айына 3 рет


16. Физиологиялық сарғаюдың пайда болу мерзімі:

А)1-тәулікте

B) 2-тәуліктің басында

C) 2-3 -тәуліктің соңында

D) 5-тәуліктен соң

E) 7-күндері


17. Ұл балалардың туғандағы орташа салмағын көрсетіңіз:

А) 3000 г

B) 3100г

C) 3200 г

D) 3400 г

E) 3500г
18. Қыз балалардың туғандағы орташа салмағын көрсетіңіз:

А) 2900 г

B) 3000 г

C) 3100 г

D) 3200 г

E) 3300 г
19. Дені сау жас нәрестелердің бас шеңбері болады:

А) 30-32 см

B) 33-34 см

C) 34-35 см

D) 32-33 см

E) 35-36 см


20. Дені сау жас нәрестелердің бас шеңбері болады:

А) 30-32 см

B) 33-34 см

C) 34-35 см

D) 32-33 см

E) 35-36 см


21. Мезгілінен бұрын босанған әйелдің уызында болады:

А) Ақ уыз көбірек

B) Ақ уыз аз

C) Май көп

D) Май аз

E) Көмірсутегі аз


22. Базданулардың алдын алу үшін жас нәрестенің табиғи қыртыс жерлері сүртіледі:

А)Залалсыздандырылған өсімдік майымен

B) Физертіндімен

C) Фурацилин ертіндісімен

D) Полиглюкин ертіндісімен

E) Спирт ертіндісімен


23. Жас нәрестенің алақанын тенарға жақын жерден үлкен бармақпен басқан кезде аузын ашып, басын иетін рефлекс қалай аталады:

А) Қорғаныс рефлексі

B) Ұстау рефлексі

C) Галант рефлексі

D) Перес рефлексі

E) Бабкин рефлексі


24. Жас нәрестенің қатты дыбысқа қолын жайып, саусақтарын жазып қайтадан қалпына келтіріп алатын рефлексі қалай аталады:

А) Қорғаныс рефлексі

B) Галант рефлексі

С) Іздеу рефлекс

D) Моро рефлексі

E) Перес рефлексі


25. Бала 3 айлық кезінде туа біткен рефлекстерін біреуінен басқасын жоғалтады:

А) Қорғаныс

В) Ұстау

С) Тіреу

D) Ему

E) Еңбектеу




ЖАУАП ЭТАЛОНДАРЫ:
1. D

2. E


3. C

4. D


5. А

6. C


7. A

8. B


9. D

10. B


11. A

12. C


13. C

14. C


15. B

16. C


17. E

18. D


19. E

20. D


21. A

22 .A


23. E

24. D


25. D


СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР
Есеп№ 1
Бала туғандағы салмағы 3000,0 г және бой ұзындығы 50см. Табиғи тамақтануда болған.Қазіргі кезде балаға 3 ай. Осы мерзімге дейін бала ауырған жоқ. Анамнезінен бала жетіліп уақытында туған, анасында жүктіліктің 17 аптасында ЖРВИ болған, созылмалы пиелонефриттің ремиссия кезеңінде өткен.
Тапсырма: Жиынтықты бағалаудан кейін баланың денсаулық тобын анықтаңыз:

А) I


B) II

C) III


D) IV

E) V


Есеп № 2
Балаға 10 күн, учаскелік педиатрмен екінші рет қаралып отыр. Анамнезінен: бірінші жүктілік, анасының жасы 18, шылым шегеді, жүктілік I және II жартысында токсикозбен өткен. Босану стимулияцимен болған,сусыз кезең 8 сағат, мойынаа кіндіктің бір рет оралуымен туған. Анасы жұмыс істемеген, тұрмыс құрмаған, ата-анасымен тұрады, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары қанағаттанарлық.Тұқым қуалаушылық жоқ.Бала табиғи тамақтанады.

Тапсырма:Қандай маман дәрігердің кеңесі қажет:

А) невропатологтың

B) офтальмологтың

C) неонатологтың

D) отоларингологтың

E) стоматологтың




Есеп № 3
Бала 4 жүктіліктен, 1 босанудан. ЖүктіліктіңI алғашқы үш айында анасы ЖРВИ-мен ауырған, токсикоз болған. Анасында 1 дәрежелі анемия, бала уақытында дүниеге келді, Апгар бойынша 6-7 баллға бағаланды. Туғандағы салмағы 3000,0, бойы 52 см. Өмірінің 6-күні қанағаттанарлық жағдайда учаскелік педиатрдың бақылауына шығарылды.
Тапсырма:Нәрестеде қандай патологияның даму қаупі бар:

А)ОНЖ патологиясының қаупі

B)анемия

C)мешел


D)құрсақішілік инфицирлену қаупі

E) аллергиялық аурулар



Есеп № 4

Бала 1 жасында емханаға диспансерлік бақылауға шақырылды.Бала белсенді, жүйке-психикалық және дене дамуы жасына сәйкес. Өз бетімен жүруге тырысады, 6-8 сөз айтады. 1 жылда ауырмаған. Декреттелген уақыттарда арнайы маман дәрігерлермен қаралған-дені сау. Жүргізілген зертханалық зерттеулер патологиясыз.


Тапсырма:Жиынтықты бағалаудан кейін балаға қандай денсаулық тобын бересіз:

А)I


B)IIA

C)IIБ


D)III

E)IV


Есеп № 5
Емханаға 2 айлық баламен анасы келді. Баланың туғандағы салмағы 3100г., бой ұзындығы 50см. Табиғи тамақтануда. Дамуы жасына сәйкес, 2 айында дене салмағы 4500г. Тәулігіне 900 мл сүт емеді.Емізулер арасында 30мл.алма шырынын ішеді. Тамақтануды есептегенде,1 кг.дене салмағына қажетті ақуыздар-2,5г,майлар-14г,калория-130.
Тапсырма:Ұсынылған нұсқалардан дұрыс жауапты таңдаңыз:

А) 1кг дене салмағына қажетті тағамдық заттардың мөлшері жас қажеттіліктеріне байланысты, шырындарды тек 6 айдан кейін еңгізу керек

B) Сүт көлемі қалыпты, бірақ баланың негізгі тағамдық ингредиенттерге қажеттілігін толық қанағаттандырмайды

C) Сүт мөлшерінің жеткіліксіздігіне қарамастан,тамақтану ұтымды

D) Бала шамадан тыс сүт мөлшерін алады және дене салмағы артық

E) Сүт көлемі қалыпты, бірақ бала жеткіліксіз шырын мөлшерін алады




ЖАУАП ЭТАЛОНДАРЫ
1 - B

2 - А


3 - А

4 – А


5 - D

беттен бет





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет