Балаларды табысты оқытудағы ата-аналрдың ролі. Дайындаған педагог: Байжуманова Назым Мамыткановна



Дата30.05.2024
өлшемі14,83 Kb.
#203025
Байланысты:
Эссе


Эссе
Балаларды табысты оқытудағы ата-аналрдың ролі.
Дайындаған педагог: Байжуманова Назым Мамыткановна.
Бала біздің болашағымыз. Дүниенің есігін ашқан сәби алғаш көзін ашқанда ең бірінші ата-анасын көреді. Сол күнен бастап ата-ана баланың болашағына, өсіп-өнуіне, білім алып саналы тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
Ата-ана баласының жақсы азамат болып өсуі үшін өз отбасында баланың тәрбиелеудің нәзік жақтарын, заңдылықтарын,осал түстарын білуі қажет. Бала тәрбиесінде алтын қазық ол ата-ана, тұған ұясы. Бала ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі дегендей енді өсіп келе жатқан баланы тілалғыш етіп, ұғымпаз қылып өсірген жөн. Қазақ халқының болмысы, балашағы ұрпақтары деп білген. Міне сондықтанда; Бұтағымен ағаш сымбатты,Ұрпағымен адам қымбатты деген қағидаларды ұстанған жөн. Басты мақсат ұрпағын адам деген атқа лайық болуы керек. Ата- ана баланың алғашқы ұстазы.Үйде алған білімін көпке, ортаға көрсетіп танытады. Ақын жазушыларымыз ананың бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға екенің жырлап кеткен. Тәрбиелі анадан тәрбиелі бала өсіп шығады. Сол себепті бала өз отаның, туған жерін, тілін құрметтей білу керек. Мұның бәрі өсіп келе жатқан тұлғаның белгілі бір дүниетанымын тәрбиелеу,қалыптастыру. Өмірдегі үлкен жетістік ол табысты бала.Неге кейбір адамдар өзін-өзі табысты қылып жүзеге асыра алады ал кейбіреуі керсінше мүмкін емес болып жатады. Себебі бұл жерде тағы бір қарапайым ережені ұстанған жөн. Табысты бала өзін – өзі ұстауы,, бағалауы қалыпты. Бақытты балалық шақта ана мен әкенің әсерінен пайда болатын қорқыныш пен қорқынышсыз адам. Ата-ана сабырлы, ата-ана еркіне бағынатын балаларды жақсы көреді. Мен айтқандай болады деген ата-ана ұстанымын санасын өзгерту керек. Табысты адам әрқашан өзін-өзі дұрыс бағалайды. Ата –ана баласын сол үшін оны жақсы көретінің және оның кім екенің көрсету керек. Оны жақсы көру, құшаұтау, барлық ұмтылыстарын құрметтеу керек. Сіз баланы сынай алмайсыз тек әрекетті сынау керек. Баланың табысты дамуы оған қарапайым тандау құқығы берілген жағдайда ғана мүмкін болады. Мысалы баланың оқып бітірген кітабын немесе мультфильмін талқылау керек және осы жағдайда не ойлайтынына қызуғышылық таныту керек. Кез келген мәселе бойынша өз ойын жеткізе білуге үйрету керек. Бұл бала үшін баланың қоғамға бейімделуіне көмектесетін қиын жағдайда шешім табуға көмектесетің ен жақсы қасиет пен қабілет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет