Мақсаты: Оқушыларға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер беру. Қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсініктер беру. Семей полигонын жабуға күш салған Кәріпбек Күйіков сынды қоғам қайраткерлерімен таныстыру, олардың өнегелі өмірлерін үлгі ету.
Интерактивті тақта материалдары
1-Жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ұзтаздар, оқушылар! Бүгінгі Невада-Семей полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай «Семей полигоны - тарихтың қасіретті беттері» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2-Жүргізуші:Кең пейілді, дархан жүректі, қонақжай елімнің байтақ жерінен басқа жер таппағандай Абай, Шәкәрім сынды ғұламалар туған жерді атом бомбасының сынақ алаңына айналдырғандар талай жанның көз жасына қалғаны хақ.
1-Жүргізуші: Семей ядролық полигонының ресми жабылғанына 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесімен тұспа - тұс келіп отырған осы айтулы оқиғаны әрбір жас білуі керек.
2-Жүргізуші: Қазақстандағы антиядролық ұстанымын насихаттап, бүкіл әлемге ерекше талантымен танылған тұлға, Қарағандылық суретші - Кәріпбек ағамыз қонаққа келді. Ол Қарағанды облысындағы Семей ядролық полигонынан зардап шеккен Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген қоғам қайраткері, халықаралық «Атом» жобасының Құрметті елшісі.
Теледидардан Кәріпбек туралы видео көрсетіледі. 3 минут
1-Жүргізуші:
1947 жылы 21 тамызда КСРО Үкіметінің арнайы қаулысымен «Семей - 21» деген шартты атаумен жаңа жасырын қала пайда болды.
2-Жүргізуші: Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты (жылына 14 - 18 сынақ) құрады. Олардың 116 - сы ашық болды, жер бетінде, әуе кеңістігінде жасалды. Сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.
1-Жүргізуші: 1949 жылы 29 тамызда тұп - тура таңғы сағат 7 - де Семей ядролық сынақ полигонында тұңғыш рет КСРО мемлекетінің ядролық қаруы сыналып, қуаты 20 килотонналық РДС - 1 плутоний заряды жер бетінде жарылды. Бұл КСРО - да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді.
2-Жүргізуші: 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулелену ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалды. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялар. Жалпы алғанда қатерлі ісік аурулары сынақтар басталғалы бері 3 есе өсті.
1-Жүргізуші: Қазақ жеріндегі осындай адам төзгісіз алапатты тоқтатып, тажалды тізгіндеуде аянбай еңбек еткен тұлғалар бар. 1991 жылдың 29 тамызында Президент Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл - Тәуелсіздік ала сала қазақ елі қабылдаған алғашқы маңызды шешімдердің бірі болды. Елімізде ядролық сынақтарға қарсы «Невада - Семей» халықаралық қозғалысы көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың бастамасымен 1989 жылдың ақпан айында құрылды.
2-Жүргізуші: Құрметті Кәріпбек аға сөз кезегін өзіңізге берсек. (Өзі туралы айтып таныстырады) Сұрақтар:
– Кәріпбек аға, сізді Семей полигонының жабылуына атсалысқан белсенділердің бірі ретінде білеміз. Сіздің отбасыңыз сынақ жүргізілген аймаққа жақын жерде өмір сүруі,сол қасірет өңірде тұрып жатқан өзге тұрғындармен қатар сіздің де тағдырыңызға қалай әсер етті. Сол кезді қалай еске аласыз?
- Сізді халық қоғам белсендісі ғана емес, дарынды суретші ретінде танимыз. Әңгімемізді осы өнер тақырыбына бұрсақ. Басқа мамандық бойынша білім алсаңыз да, өзіңізді осы саладан таптыңыз. Жастайыңыздан сурет салуға қызықтыңыз ба?
– Қылқаламыңыздан туған туындылар жайлы айтып берсеңіз.