Барлық тірі ағзалар, соның ішінде өсімдіктер де, тыныс алады. Тыныс алғанда өсімдік жасушалары оттегін сіңіреді де, көмірқышқыл газын бөледі. Бұл кезде энергия босап шығады



бет1/2
Дата08.01.2023
өлшемі28,51 Kb.
#165128
  1   2
Байланысты:
Барлық тірі ағзалар


Барлық тірі ағзалар, соның ішінде өсімдіктер де, тыныс алады. Тыныс алғанда өсімдік жасушалары оттегін сіңіреді де, көмірқышқыл газын бөледі. Бұл кезде энергия босап шығады. Ол өсімдіктің тіршілік әрекеттеріне, яғни өсіуіне, көбеюіне, топырақтан су мен минералды заттарды сіңіруіне жұмсалады. Жалпы тірі ағза үшін тыныс алудың кң басты маңызы, міне, осында. Өсімдіктің тыныс алуына, яғни ауаның ағзада таралуына оның барлық мүшелері қатысады. Оларда арнайы тыныс алу мүшесі болмайды, бірақ әрбір жасуша аумен жақсы қамтамасыз етіледі. Өсімдіктер тыныс алғанда ауа алдымен лептесік арқылы жасуша аралықтарына, одан жасушаға өтеді. Лептесіктер жер үсті өсімдіктерінің жапырақ алақанындағы астыңғы өңде орналасады. Олар ашылып – жабылып, жапыраққа ауаның келуін реттейді. Суда өсетін өсімдіктердің жапырақтары оның бетінде қалқып жүретіні өздеріңе белгілі. Су беті өсімдіктерінде лептесіктер жапырақтың үстіңгі өңінде орналасады. Батпақты жердің топырағы тығыз болғандықтан, онда өсетін өсімдіктердің тыныс алуы қиындай түседі. Мұндай өсімдіктерде тыныс алуды жақсартатын ауа тамырлары дамиды. Қалың қабықпен қапталған ағаш діңі мен бұталар қалай тыныс алады? Мұндай өсімдіктердің сабағында ауа өтетін көшелер – жасымықша болады. Әсіресе қайыңның жасымықшалары ірі болғандықтан, жай көзге де байқалады. Олар кейде шамамен 15 см болып келеді де, жіңішке, көлденең жолақшалар тәрізді көрінеді.Өсімдіктердің барлық мүшелері, ұлпалары, жасушалары тыныс алады. Олардың тыныс алғанда ауадағы оттегін сіңіретінін тәжірибе арқылы оңай байқауға болады. Ол үшін бидай немесе бұршақ өскінін ыдысқа салып, аузын сырттан ауа өтпестей тығыз етіп жабыңдар. Екінші дәл осындай іші бос ыдыстың аузын да тығыздап жауып (салыстыру үшін алынған), екеуін бірге жылы жерге қойыңдар. 2 – 3 күннен кейін екі ыдыстағы ауаның құрамы қалай өзгергенін тексеріңдер. Өскін салынған ыдыстың аузын ашып, оған жанып тұрған шырпыны салыңдар. Ол лезде сөніп қалады. Ал бос ыдысқа салынған шырпы өшпестен, одан әрі жана береді. Демек, өскін ауаның құрамындағы оттегін сіңіріп алғандықтан, ол шырпының одан әрі жануын қолдамайды. Ал бос ыдыстағы ауаның құрамы өзгермегендіктен, шырпы жануын тоқтатпайды. Тыныс алудың – өсімдіктер тіршілігінің жойылуының белгісі, яғни мұдай жағдайда өсімдіктер өледі, қурайды.Тыныс алу тіршілік әрекеттерінің түріне, жүру жылдамдығына байланысты өзгереді. Өсімдіктердің жас және дамып келе жатқан мүшелері мен жасушалары жақсы тыныс алады. Жапырақты өсімдіктердің бүршіктері, құрғақ тұқымдар, піскен жемістердің тыныс алуы бірқалыпты болады. Олармен салыстырғанда гүлдеп тұрған, өне бастаған тұқым, дамып келе жатқан өркен мен тамырдың тыныс қарқыны өте жоғары. Тыныс алу кезінде жылу бөлінеді. Оған өздеріңде көз жеткізе аласыңдар. Өңген тұқымды жылуды сыртқа жібермеу үшін, сырты жүн матамен немесе мақтамен қапталған ыдысқа орналастырыңдар. Тыныс алу – ең соңында энергия босап шығатын күрделі әрекет. Босап шыққан энергия тіршілік ету барысында жүретін барлық әрекетте пайдаланылады.
Тынысалу деп өсімдіктің тірі ұлпаларында органикалық заттың бос оттегінің қатысуымен ыдырап, С02  және Н20 бөлініп шығуының және бұл процесте өсімдік тіршілігі үшін керекті белгілі қуат босауын айтады. Демалу — барлық тір іорганизмдерге тән өте маңызды қызмет. Тіптен сонау XVII ғасырдың бастапқы жылдарының өзінде-ақ Крукатты зерттеуші адам денесін сипаттай келіп: «демалу процесінсіз тіршілік болмайды», — деп жазды. Бұл пікір төменгі сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бұдан әлдеқайда кейінірек қолданыла бастады. Көрнекті неміс оқымыстысы Ю.Либих өсімдікте тыныс алу процесінің бар екендігіне сенбеген. Ол өсімдік бөліп шығаратын С02-ні өсімдік сіңіріп, бірақ фотосинтез процесінде күндіз жаратып үлгере алмаған С02 деп ойлаған. Өсімдікте тыныс алу мүшелері болмағандықтан, оларда тыныс алу процесінің бар екендігі көп уақытқа дейін үлкен күдік туғызған. Бірақ атмосфералық газдың құрамы белгілі болғаннан кейін, оттегі ашылып, жану процесінің маңызы анықталғаннан соң, тыныс алу процесіде экспериментальды зерттеу нәтижесінде тез айқындала бастады.
Өсімдіктің тыныс алу жөніндегі ілімнің дамуына, оның химизмін анықтауға, әсіресе, орыс ғалымдары И.П.Бородин, А.Н. Бах, В.И. Палладин, С.П. Костычев жәнет.б. зерттеулері зор әсер етті. Өсімдіктің тыныс алуы жөнінде бірінші толық мағлүмат берген академик И.П. Бородиннің зерттеулері болатын. «Жапырақты сабақтардың тыныс алуын физиологиялық зерттеу» (1876) деген еңбегінд И.П. Бородин бірінші болып өсімдіктің қараңғылықта тыныс алуымен оның жарық кезіндегі фотосинтез процесінде жинаған көмірсулар мөлшері арасында тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді.
Сонымен қатар, Бородин тыныс алу кезінде белокты заттардың да ыдырайтындығын анықтады. Сондай-ақ ол тыныс алу процестерін зерттеу әдістеріне де көптеген жаңалықтар енгізген. Өсімдіктің тыныс алу процесіне К.А.Тимирязев те кезінде көп көңіл бөлген. Ол Либихтың өсімдікте тыныс алу процесі болмайды деген көзқарасын қатты сынады. Тыныс алу кезінде глюкозаның химиялық айналысының жинақты формуласы мынандай:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет