Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагикалық университеті
«Бастауыш білім педагогикасы» пәнінен
Межелік бақылау билеті
1. Ұстаздардын озық тәжірибесін зерттеп жинақтау
2. Оқулықтар және оқу құралдары
3. Оқу формалары
1.Озық іс тәжірибені жинақтау және ұсыну формасы.Әдістемелік жұмыста ең өзекті, негізгі мәселелердің бірі педагогикалық іс тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.Педагогикалық іс-тәжірибе тарихи - білім беру саласы тарихында жинақталған педагогикалық теория мен тәжірибенің нәтижесі; жаппай (көпшілік, бұхара) - көптеген мұғалімдердің тәжірибесінде кең қолданылатын педагогикалық теория мен тәжірибенің нәтижесі; озық (алдыңғы) – мұғалімнің педагогикалық үдерісті оптималды ұйымдастырып және бар құралдарды жетілдіре отырып жоғары нәтижеге жетуімен сипатталады; жаңашыл -жаңалық ашу, автор болу, жаңалықтың элементі бар, жаңадан ойлап табу. Бұл жағдайда ең жақсы - қолайлы /оптимальный/ - деп үдеріске қатысқандардың аз уақыт пен күш жігері арқасында жоғары нәтижеге жетуі, ал нәтижелі /эффективный/ - деп педагогикалық әректтің тиімділігін ескере отырып қойылған мақсатқа жету деңгейі. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде педагогикалық озық іс-тәжірибенің міндетті көрсеткіші - жоғары нәтиже.
Педагогикалық іс-тәжірибені зерттеу сипаты жағынан арнайы білімді, жоғары деңгейдегі кәсіби педагогикалық шеберлілікті талап ететін, тікелей педагогикалық үдерісті бақылауды талап ететін, қарастырып отырған педагогикалық құбылысты ғылыми тұрғыда ұғынып, нәтижені талдап салыстырып, нақты мысалдар арқылы автор тәжірибесін дәлелдеуді талап ететін зерттеу әрекетіне жатады.
Жұмыстың кезеңдері: айқындау – зерттеу - жинақтау – тарату.
Педагогикалық іс-тәжірибенің авторын айқындағанда негізгі бағалау критерийі жоғары тиімділік пен нәтиженің тұрақтылығы.
2.Оқулық – оқу бағдарламасы мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде, жүйелі баяндайтын кітап. Оқулық оқу орындарының типіне қарай (бастауыш, орта, кәсіптік-техникум, жоғары оқу орындары) жасалады.[1] Әр түрлі ұлт мектептері үшін нақты ұлттың ана тілі мен әдебиетінің ерекшеліктерін ескере отырып оқытылатын ағылшын, орыс тілі, т.б. оқулықтар шығарылады. Оқулыққа мынадай педагогикалық талаптар қойылады: оқу материалдарының қазіргі ғылым мен технологияның дәрежесіне сәйкес баяндалуы; жоғары идеялылығы, тәрбиелік міндеттерге сәйкестігі; мазмұнының бағдарлама мазмұнына сәйкес әрі түсінікті болуы; материалдарының оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы; дәл және анық, нақты қорытындылар, ережелер, заңдар мен анықтамалардың баяндалуы, тілдің жатық, әдеби және ықшам болып, оқушылардың ұғымына сәйкес келуі; оқу материалын меңгеруді жеңілдететіндей иллюстрация, сурет, кесте, диаграмма, сызба мен сызулардың болуы; сыртқы пішінінің (қағаз, шрифт, мұқабасының) ретті сәндендірілуі. Негізгі оқу пәндерінің оқулықтарына қосымша хрестоматия, есеп жинақтары, жазбаша жаттығу кітаптары, анықтама, сөздік, оқу кітаптары, тарихи және географиялық карталар, т.б. қолданылады.
Оқыту құралдары: кейінгі жылдары педагогикалық әдебеттерде «көрнекі оқу құралдары» терминінің орнына «оқыту құралдары» термині қолданылып жүр. Себебі «көрнекі оқу құралдары» деген түсінік оқу процесіндегі құралдардың барлық тізбесін анықтай алмайды, ал көрнекілік болса олардың жалғыз ғана қасиеті емес. Олардың көрнекіліктен де бөлек эргономикалық, дидактикалық бағыттарын т.с.с. айтуға болады. Былайша айтқанда олардың мүмкіндіктері өсіп, көрнекілік аясы өрістеп отыр. Сонымен оқыту құралдарына мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) сабақ барысында информация беруін, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруын сабақ барысында тексеру жұмыстарын жүргізе алатын оқу жабдықтарын жатқызамыз.
3.Латын сөзі «форма» тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің құрылымы дегенді аңдатады. Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады: 1) оқу формасы; 2) оқу-ұйымдастыру формасы. Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тəртібіне орай оқу формасы əрқилы болып келеді. Қазіргі мектеп тəжірибесінде келесідей оқу формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық, толық сыныптық, ұжымдық, жұптастық, дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс сыныптық жəне сыныптан тыс, мектептік жəне мектептен тыс, əлбетте, мұндай топтастырудың (классификация) жетілген ғылыми негіздемесі əзірге болмай тұр. Жеке-дара оқу формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады.
Оқудың топтық формасында оқушылар əрқилы мүдде- мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тəрбиеленеді.
Толық сыныппен жұмыс (фронталь) формасы оқуда мұғалім бір мезетте барша оқушылармен, біркелкі тапсырма, міндет белгілеп, сынып қатысушыларының бəріне ортақ іс-əрекеттер төңірегінде бірқалыпты оқу жұмыстарын алып барады.
Оқудың ұжымдық формасы. Бұл оқу түрінің фронталь оқу формасынан өзгешелігі: сынып оқушылары өздеріне тəн ара қатынас, өзара ықпал жасау ерекшеліктерін сақтаумен біртұтас, мақсат-мүддесі ортақ, біртекті жұмыс бағытында бірігіп, бекіген ұжым ретінде қарастырылады.
Жұптасып оқуда негізгі өзара байланысты оқу əрекеттері екі оқушының қатысуымен орындалады.
Дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс, сыныптық жəне сыныптан тыс, мектеп ішілік жəне мектептен тыс оқу жұмыстары өздерінің өткізілетін орындарымен белгіленеді.
Оқу ұйымдастыру формасы – бұл оқу процесінің жекеленген бөлігінің құрылымы, дəрістің белгілі бір түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |