Бауыржан Момышұлы



Дата23.08.2017
өлшемі8,7 Kb.
#25453

Бауыржан Момышұлы

  • Бауыржан Момышұлы
  • (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Балалық шағы

  • Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған.
  • Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.
  • 1921 жылы бастауыш мектепті Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы жетіжылдық мектеп болатын. Бауыржанмен бір сыныпта Әбділда Тәжібаев және Құрманбек Сығындықов оқиды. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі. Институт директоры Тоқтыбаев деген кісі болатын. Жас баланың қатты суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, өзінің кабинетіне шақыртып алады. Баланың қолына бухгалтерияға қағаз жазып беріп, осы қағаз бойынша ақша алатындығын және сол ақшаға ауылға қайтатындығын айтады. Осындай тұрмыс жағдайына байланысты оқудан кетеді.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары

  • 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы қызметін атқарады. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегінен бастап қатысты. 316 атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады.
  • 1941 жылдың 26 қарашасында маршал Рокоссовский полк командирі етіп тағайындайды.
  • 1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизияның командирі болады.
  • 1942 жылдың 6 маусымында "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады.
  • 1944 жылы денсаулығына байланысты Алматы госпиталіне жіберіледі.

Жауынгер Бауыржан

  • Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколам тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.

Соғыстан кейінгі жылдары

  • 1952ж-Жоғары әскери академиясын бітіреді.
  • 1950-1956жж- Жоғары әскери академиясында сабақ береді
  • Демалысқа шыққан соң-жазушы болды.
  • Шығармалары: «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья»
  • «Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы, «Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя», «Адам қайраты» т.б.

Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері

  • • Ердің туы – намыс.
  • • Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
  • • Ердің Еділ тобығынан келмейді.
  • • Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң,
  • Жауды күйрете алмайсың
  • • Жауды өлтірсең - өлімнен құтылдың,
  • Өлтірмесең – өлімге тұтылдың.
  • • Қырағының өзі де, көзі де батыр.
  • • Ерлік – елеусіз қалмас.
  • • Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.
  • • Ежелден ел тілегі – ер тірегі.

Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері

  • Опасызда Отан жоқ,
  • Отанда опасызға орын жоқ
  • Тәртіпке бас иген құл болмайды!
  • Отаның үшін отқа түс күймейсің.
  • Ептілік пен ерлік -
  • Ерге тән қасиет.
  • Тәрбиелі - тәртіптің құлы,
  • Тәртіпті - елдің құлы.

Аты аңызға айналған …

  • Бауыржанның ұрыс жүргізудегі шеберлігі, жеке басының ерлігі Ұлы Отан соғысы кезінде аңызға айналады. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Ел басына күн туса» көркем фильмі-батыр рухына қойылған ескерткіш.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет