Баяндама 1 слайд Сәлеметсіздерме! Мен, Кордан Гульназ Корданкызы Ұлытау ауданындағы «Жезді аралас жалпы орта білім беретін мектеп интернаты»



Дата07.02.2022
өлшемі28,55 Kb.
#96713
түріСабақ
Байланысты:
БАЯНДАМА




Баяндама
1 слайд
Сәлеметсіздерме! Мен, Кордан Гульназ Корданкызы Ұлытау ауданындағы «Жезді аралас жалпы орта білім беретін мектеп интернаты» КММ бастауыш сынып мұғалімімін.
Сіздердің алдарыңызға 2 сыныптың жаратылыстану пәні бойынша дайындалған қысқа мерзімді жоспарды ұсынбақпын. Бұл сабақ Спиральдік қағидаты бойынша құрылған. Білім беру стандарты, оқу бағдарламасы негізінде ұзақ мерзімді жоспарды басшылаққа ала отырып, «Заттар және олардың қасиеттері.» бөлімі, «Су» бөлімшесі, «Су.Ол қандай екен» тақырыбына құрдым.
Оқу мақсаты:
2.3.3.1 - судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы);
2.1.2.7 - эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру
Оқу мақсатына сай Блум таксономиясы негізінде сабақ мақсаттарын айқындадым.
Білу, түсіну деңгейіне :
Барлық оқушылар: судың физикалық қасиеттерін анықтайды (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы); эксперимент жүргізді және оның нәтижелерін кестеге түсіреді
Қолдану деңгейіне:
Көптеген оқушылар: тәжірибенің нәтижелері бойынша судың физикалық қасиеттерін түсіндіреді, эксперимент жүргізді және оның нәтижелерін кестеге түсіре отырып қорытынды шығарады
Талдау, жинақтау деңгейіне:
Кейбір оқушылар: судың физикалық қасиеттерін анықтай отырып, қорытынды жасайды, эксперимент жүргізеді және оның нәтижелерін кестеге түсіріп отырып дәлелдейді
Сабақ мақсаттарын оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, СМАРТ форматында білім алушыға қолжетімді, нақты, өлшемді, шынайы және уақытқа шектеп, жоспарлауды басты назарда ұстаймын.


2 слайд
Оқу мақсатына жету үшін, бағалау критерийлеріне сүйене отырып, сабақты тиімді өткізу үшін сабақта белсенді оқыту әдістерін қолдандым


Ширату жаттығуы (Ұ.Ж)
Оқушылармен амандасып,оларға судың дыбысын аудио арқылы тыңдату.
Сұрақтар:
1)Ненің дыбысын естіп тұрмыз?
2)Судың не екенін білеміз бе?
3)Не үшін пайдаланамыз?

Ұжымдық жұмыс


«Сұрақ қою және талқылау» әдісі
“Дария басы -бұлақ”мақалы аясында оқушылар сұрақ қою арқылы талқылайды.

Жұптық жұмыс


«Топтастыру» әдісі
“Нұсқау беру және айту” әдісі бойынша оқушылар су сөзіне постерге топтастыру жасайды.

Топтық жұмыс


«Зерттеу және зерделеу» әдісі.
Бұл әдіс арқылы оқушылар судың физикалық қасиеттерін тәжірибе жүргізудің нәтижесінде анықтайды.
3 слайд. Саралау әдістеріне дереккөз және тапсырма түрлері таңдалды.
Білім берудегі саралау әдісі оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге баулиды. Саралау әдістері әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге ықпал жасайды.

(Ұ.Ж) 1- тапсырмада орындауда “Дереккөздер” тәсілін пайдаландым
Оқушылар тапсырманы орындау барысында ұжым болып,сурет бойынша табиғи су көздерін атайды.


(Ж.Ж) 2- тапсырмасын орындауда “Тапсырма”тәсілін қолдандым.
Бұл тәсіл бойынша берілген тапсырмаға байланысты табиғи су көздерінің тиісті сөздерін постерге жазады


(Ө.Ж) 4- тапсырмасын орындауда саралаудың “Қарқын” тәсілін қолдандым.
Су көздерінің атауларын жаз.Өте таза табиғи су көзінің атауын қорша. Таза суды сипаттайтын сөздерді белгіле.
Тапсырма орындау барысында көмек қажет ететін оқушыға қосымша уақыт беріледі.
4 слайд


5 слайд Критериалды бағалау
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма
Критериалды бағалау оқу мақсаттарына сәйкес келеді. Критериалды бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы жүретін кері байланыс.
Оқу мақсаты 2.3.3.1 Судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз,
иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы)
Бағалау критерийі Судың физикалық қасиеттерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
- Судың қасиеттерін суретке қарап кестені толтыр.
Дескриптор
-судың қасиетін біледі
-судың пішінін, дәмін, иісін,түсін біледі


Мұғалімнің бағалауы
Ширату кезінде ұжыммен жұмыста және 1 - тапсырмада “Тамаша!”, “Өте жақсы!”, “Жарайсың!” деген мадақтау сөздермен бағалау жасадым.


Бағалау
(МК) бойынша ұжымдар өзара “Шапалақ” әдісі арқылы
2 – тапсырмада (Ж.Ж) бірін- бірі “Бас бармақ” әдісі арқылы
3- тапсырмада (Т.Ж) бір – бірін “Бағдаршам ” әдісі
арқылы
4- тапсырмада (Ө.Ж) қасында отырған балалар бір –бірінің тапсырмаларын “Дұрыс”, “бұрыс”әдісі арқылы бағалайды.
6 слайд.


Ықшам сабақтың нәтижесі
Үйрендім:
Тренердің көмегімен оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына жіктеуді,белсенді оқыту әдісі мен саралап оқыту тәсілдерін сабақ жоспарымда қолдануды үйрендім.


Қиындық тудырды
Қысқа мерзімді жоспарды құру кезінде оқу мақсатын сабақ мақсатына жіктеуде,сабақ барысындағы тапсырмалардан саралау тәсілі мен белсенді оқытудың әдістерін тапсырмалардан анықтауда біршама қиындықтар болды.


Қолданамын
Алдағы уақытта қысқа мерзімді жоспарды құруда оқу мақсатын сабақ мақсаттарына жіктеуде блум таксономиясын пайдаланамын.Тапсырмаларды алғанда оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, белсенді оқыту әдістерін тапқырыптың мазмұнына сай таңдау және тапсырмаларды оқушылардың қабілетіне қарай саралау тәсілдерін қолданамын.


Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет